210
- сыртқы мықын лимфа түйіндері(in. iliaci externi) құрсақ қабырғасының
медиальды бетінде, сыртқы мықын артериясынан
терең сан артериясы
ажырайтын тұста орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас аумағынан,
артқы аяқтан, бел және құрсақ бұлшық еттерінен жинап, бел цистернасы мен
медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.
- құрсақастылимфа түйіндері(ln.hypogastrici)
ішкі мықын артерияларының
аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас қуысының
қабырғасынан жинап, медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.
- құйымшақлимфа түйіндері(ln.sacrales) құйымшаққа жақын, жамбастың
жалпақ байламы маңында жатады. Орналасу орындарына қарай:
латеральды
және медиальды лимфа түйіндері болып бөлінеді. Латеральды лимфа түйіндері
лимфаны құйымшақ аумағының бұлшық еттерінен, ал медиальды лимфа
түйіндері жамбас қуысында орналасқан жыныс мүшелерінен жинап, медиальды
мықын лимфа түйініне өткізеді.
- шонданайлимфа түйіні(ln.ischiadicus) кіші шонданай ойығы аумағында
жамбастың жалпақ байламының сыртқы бетінде жатады.
Лимфаны жамбас
қуысының қабырғасы мен оның мүшелерінен жинайды. Шонданай лимфа
түйіні тек күйіс қайтаратын жануарларда кездеседі.
- жапқыш лимфа түйіні(ln.obturatorius) жапқыш тесігінің краниальды
жиегінде орналасады. Бұл түйін тек жылқыда болады.
Достарыңызбен бөлісу: