222
иіс және дәм сезімі орталықтары болады. Гиппокамптың орталықтары үлкен
ми сыңарлары қыртысының әр түрлі орталықтарымен және басқа да жоғары
қыртысасты орталықтармен өткізгіш жолдар арқылы байланысып жатады.
Өткізгіш жолдар
ми күмбезін (fоrnix) жасайды. Гиппокамп қатпары жоғарғы
бағытта көтеріліп, ми
жабынының белдеу қатпарына жалғасады. Белдеу
қатпары
күсті дененің (corpus collosum)
жоғарғы жағымен, оны алдыңғы
жағынан айналып өтіп, иісмаңы алаңымен байланысады. Гиппокамп қатпары
мен белдеу қатпары —
ми жабыны қыртысының (neocortex s.neopallium)
бөліктері. Күмбездің өткізгіш жолдары гиппокампты аралық мидың
емізікше
денесімен (corpus mamillare) байланыстырады.
Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінен: иіс баданалары, иіс жолдары мен
иіс қатпарлары, иіс үшбұрышы және алмұртша бөлік, ал
олардың медиальды
бетінен:иісмаңы алаңы, гиппокамп қатпары, белдеу қатпары көрінеді. Бүйірлік
ми қарыншасының түбін: жолақты дененің құйрықты ядросы, аммон мүйізі
және күмбез құрайды. Иіс миының лимбикалық жүйесі (pars limbica
rhinencephalon) белдеу қатпарынан, гиппокамптан, күмбезден
және жолақты
дененің бадамша ядросынан тұрады.
Жолақты дене (corpus striatum) — үлкен ми сыңарлары қыртысының
астында жатқан, сұр және ақ заттардың аралас орналасуынан түзілген, тарихи
дамуы жагынан жаңа ми қыртысына (пеосогtех) қарағанда көне ми бөлігі.
Жолақты дене бүйірлік ми қарыншасының төменгі қабырғасын құрайды. Оның
сұр затын құйрықты ядро, жасымықша ядро,
шарбақша ядро және бадамша
дене құрайды. Сұрзаттық құрылымдарды бір-бірінен бөліп тұратын ақзаттық
аралықтар орналасу орындарына қарай: ішкі және сыртқы қабықтар
(капсулалар) — деп аталады. Аталған қабықтар — миелинді жүйке
талшықтарынан түзілген проекциялық өткізгіш жолдар.
Достарыңызбен бөлісу: