А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет154/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Гипоталамуе (hypothalamus) таламустьщ төменгі жағында, көру 
жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасады. 
Ол сұр төмпектен (tuber cinereum), гипофизден — һу- рорһузік (эндокринді 
без) және емізікше денеден (hypophysis) тұрады. Гипоталамустың сыртқы беті 
ақ заттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті қыртысасты вегетативті ядроларды 
(тыныс алу, қан айналым және лимфаайналым, дене қызуы, жыныстық 
қызметтер т.б.) түзетін сұр заттан құралған. Гипоталамустың вегетативті 
орталықтары организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су алмасуын, 
эндокринді бездер жұмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы 
нейроциттер ядроларынан тұрады. 
Сұр төмпек—tuber cinereum – үлкен ми аяқтары арасында, көрі жүйкесінің 
артында орналасқан және вегетативті орталық ретінде болып істейді. Ол көру 
төмпегімен және иіс миымен қосылады. Сұр төмпектің ортасында, үшінші ми 
қарыншасының төменгі қабырғасы сәл ғана шығыр тұрғандай құйғыш айлақ — 
recessus infundibuli бар. Құйғыш айлақтың астында, сұр төмпек жіңішке 
қабырғалы құйғыш —infundibulum түзеді.


225 
59 - сурет. Бас миының бөлімдері 
 
Гипофиз —hypophysis — дөңгелеген денеге ұқсас, кішкентай ғана орталық 
қуысы бар және ол үшінші ми қарыншасымен өзара байланысады. Гипофиз – 
бірнеше гормондарды бөлетін ішкі секрецияның безі. Ол үш бөлікке бөлінеді: 
мишық, ми аралық және безді.
Емізікше дене —corpus mamillare — сұр дененің арқасында орналасқан. Ми 
күмбезі арқылы иіс миымен, көздік төмпегімен және торлы денемен 
байланысады.
Ерекшеліктері: иттерде оң және сол жақты емізікті денелер бар, ал қалған 
жануарларда ол тақ келеді.
Ортаңғы ми (mesencephalon) төрттөмпешік пен ми қақпағынан, үлкен ми 
аяқшасынан және олардың арасындағы түтікше куыс су құбырдан тұрады. 
Ортаңғы мидың төрттөмпешігі мен ми қақпағының сүр заты мультиполярлы 
және ұршықтәрізді нейроциттер мен олардан түзілген жүйке талшықтарынан 
құралған. Төрт төмпешік - lamina quadrigemina - ортаңғы мидың жоғарғы 
төбесін құрайды. Ол алдыңғы (ростральды) және артқы (каудальды) екі жұп 
төмпешіктен тұрады. Төрттөмпешікті сыртынан қаптап жатқан сұрзаттық қабат 
көру және есту тітіркеністеріне шартсыз рефлекторлық қозғалыспен жауап 
беретін, яғни бағдарлау рефлекстерін іс жүзіне асыратын орталықтар түзеді. 
Алдыңғы жұп төмпешік көру талдағышының, артқы жұп төмпешікесту 
талдағышының қыртысасты орталықтары. Үлкен ми аяқшасы сай арқылы 
белінген екі ми буылтығынан тұрады. Олардың сыртқы қабаты ақ заттан 
құралған. Оның өткізгіш жолдары үлкен ми қыртысы орталықтарын мидың 


226 
төменгі бөлімдерімен және жұлын орталықтарымен байланыстырады. Сұр 
заттық орталықтар ақ заттың орталық бөлігінде жатады. Су құбырдың 
қабырғасында әртүрлі рефлекстерді іс жүзіне асыруға қатысатын торлы 
құрылым орналасады. Суқұбыр (aqueductus) аралық мидағы үшінші ми 
қарыншасы қуысын төртінші ми қарыншасы қуысымен жалғастырады. 
Ортаңғы мидан 3 -інші және 4 -інші ми жүйкелері шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет