А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет159/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Орталықжүйке (n. medianus) тізе және бақай буындарының бүккіш 
бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Жіліншік аумағында ол латеральды және 
медиальды пальмарлы жүйкелерге ажырайды да, одан әрі пальмарлы бақай 
жүйкелеріне айналып, сол аумақтардағы сүйектерді, буындарды, бұлшық еттер 
сіңірлері ментерісін жүйкелендіреді. 
Сиырлардың орталық жүйкесі тізелік пальмарлы медиальды жүйкеге 
ауысады және пальмарлы бақай медиальды үшінші жүйке жүйесін – n. digitalis 
palmaris medialis tertius және III, IV бақайлар үшін пальмарлы бақай жалпы 
жүйке жүйесін береді. Төртінші пальмарлы бақай жүйке жүйесі шынтақ жүйке 
жүйесімен қосылады.
Ерекшеліктері: Шошқаларда орталық жүйке жүйесі II және III бақай үшін 
пальмарлы тізе жүйке жүйесін береді және шынтақ жүйкесімен өзара 
қосылады. Жылқылардың орталық жүйке жүйесі пальмарлы жіліншіктің 
медиальды және латеральды жүйке жүйесін береді және пальмарлы жіліншік 
жүйке жүйесі ретінде жалғаса береді. Иттерде орталық жүйке жүйесі 
жүйкеленеді де I, II және III бақай үшін пальмарлы жіліншік беткей жүйке 
жүйеге ауысады.


233 
Көкірек жүйкелері (nn. thoracales) көкірек керегесі аумағын жүйкелендіреді 
көкірек жүйкелерініңвентральды тармақтары жүйке торабын жасамайды. Олар 
қабырға аралық жүйкелер(nn. intercostales)— деп аталады да, аттас артериялар 
және веналармен бірге қабырғалардың тамырлы сайында жатады. Тек, соңғы 
жүйке құрсақ қабырғасын жүйкелендіреді де, қабырға-құрсақ жүйкесі(n.costo-
abdominalis) деп аталады. Қабырғааралық жүйкелердің латеральды тармақтары 
теріасты 
бұлшықеттерінжәне 
көкірекпен 
құрсақ 
қабырғаларының 
терісінжүйкелендіреді. IIжәне IIIқабырғааралық жүйкелердің латеральды 
тармақтары иық жүйке торабынан бөлінетін латеральды көкірек жүйке 
тармақтарымен қосылып, қабырға-иық жүйкесін(n.costobrachialis) түзіп, 
жауырын мен иық аумақтарының теріасты бұлшық еті мен терісін 
жүйкелендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет