229
жұлдызша және себетше нейроциттері ганглионды
қабаттағы ірі алмұртша
нейроциттердің қызметін тежейтін жүйке толқындарын жеткізеді.
Мишық қыртысының
ортаңғы ганглионды қабатын бір қатарда
орналасқан ірі, пішіні алмұрт тәрізді нейроциттер (бұрынғы атауы —Пуркине
торшалары) құрайды. Олардың тармақталған 2- 3
дендриттері мишық
қыртысының сыртқы молекулалы қабатына өтіп, қыртыстың сыртқы бетіндегі
қатпарларға көлденең жазықтың бойымен тарамдалады. Ал олардың аксондары
алмұртша нейроциттердің қарама-қарсы төменгі жағынан шығып, миелинді
жүйке талшықтарға айналады да, ақ заттың құрамында, сол ақ затта орналасқан
мишық ядроларының нейроциттерінде аяқталады.
Аталған аксондардан
дәншелі қабатта бүйірлік тармақтар ажырап, қайтадан ганглионды қабатқа кері
қайтып, көрші алмұртша нейроциттердің денелерімен синапс арқылы
байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: