А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет155/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Аралық ми неден тұрады? 
2 Таламус, эпиталамус пен гипоталамус неден тұрады? 
3 Ортаңғы ми неден тұрады? 
21.5 Ромб тәрізді ми 
Сабақтың мақсаты: Ромб тәрізді мидың құрылысын игеру 
Ромб тәрізді ми— rhombencephalon- сопақша және артқы ми бөлімдерінен 
тұрады(сурет 60).
Сопақша ми (medulla oblongata) мидың жұлынмен шекарасыз 
жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми 
көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі (вентральды) бетінде 
вентральды орталық саңылау(fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі 
латеральды вентральды сайлар(fissura lateralis ventralis) арқылы бөлінген: 
оңжәне сол сопақша ми пирамидалары(pyramis medullae oblongatae) білеуленіп 
көрініп тұрады. Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның 
қозғалтқыш 
орталықтарымен 
байланыстыратын 
пирамидалы 
жүйке 
талшықтары будаларынан(fasciculi cerebrospinalis) құралған. Сопақша ми 
пирамидаларының пирамидалы жүйке талшықтары будаларынан құралған 
еткізгіш жолдары жұлынның бүйір арқаншаларына өтер алдында, оң ми 
пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір 
арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң 
жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, 
пирамидалар айқасын(decussatio pyramidum) жасайды. Сопақша мидың 
құрылысы біршама жұлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында ақ зат, 
ішкі жағында сұр зат орналасады. Бірақ, оның сүр заты жұлындағыдай біртұтас 
емес. Ол ақ заттық аралықтар арқылы кептеген сұр заттық аралшықтарға, яғни 
сопақша мидың сұр заттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді. Бұлар 
организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативті орталықтар құрайтын 
нейроциттер ядролары. Аталған вегетативті ядроларға: жүрек соғу, тыныс алу, 


227 
тер бөлу, сілекей бөлу, шайнау, жұту, сору, көз жасын бөлу, ас қорыту сөлдерін 
бөлу, құсу, кекіру, күйіс қайтару, түшкіру, жөтелу, кез жыпылықтау 
орталықтары жатады. Сопақша мидың сұр заты вегетативті ядролардан басқа, 
қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер 
денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сұрзаттық 
ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалғасып жатқан, пішіні 
әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы 
құрылым(formatio reticularis) болады. Бұл құрылым сопақша мидан ортаңғы 
миға, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым аталған ми 
бөлімдері орталықтарын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. 
Бұған қоса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін 
де атқарады. Сопақша мидың ми жүйкелері ядроларынан: 6-ншыдан 12-нші 
жұпқа дейінгі, барлығыжұп ми жүйкелері шығады. Сопақша мидың жоғарғы 
бетінде төртінші ми қарыншасының түбі болып саналатын, пішіні ромбыға 
ұқсас шұңқыр болады. Сопақша ми мишықпен, оның артқы аяқшасы 
(pedunculus cerebellaris caudalis) арқылы жалғасады. 
Сопақша мидың гистологиялық құрылысы.Сопақша мидың сұр заты 
сезімтал және қозғалтқыш ми жүйкелерініңядроларын түзеді. Олар төртінші ми 
қарыншасының түбінде, сезімтал ядроларсопақша ми сұр затының сыртқы 
латеральды жағында (сынаша және жұқа шоғырлар ядролары, үшкіл және есту 
жүйкелерінің ядролары), ал қозғалтқыш ядролар оның медиальды жағында 
орналасады. Сопақша мида жүйке толқындарын мидың басқа бөлімдеріне 
ауыстырып қосып, жалғастырып тұратын нейроциттер ядролары да болады. 
Солардың бірі зәйтүн (олива) ядросыныңнейроциттерінде мишық, ортаңғы 
мидың қызыл ядросы, торлы (ретикулалы) құрылым және жұлын 
нейроциттерінің аксондары синапспен аяқталады. Өз кезегінде зәйтүн 
ядросының ірі мультиполярлы нейроциттерінің аксондары мишық пен көру 
төмпегі нейроциттерімен синапс арқылы жалғасады. Сопақша мидың 
орталығында, жоғарыда баяндалғандай, ми бөлімдерінің жұмыстарын 
үйлестіру қызметін атқаратын торлы құрылым орналасады. Торлы құрылымды 
жүйке талшықтары аралықтарында жатқан мультиполярлы нейроциттердің 
ұсақ топтары құрайды. Ақ заттың негізгі бөлігін сопақша мидың вентральды 
бетіндегі үлкен ми қыртысынан жұлынға баратын қозғалтқыш жүйке 
талшықтарынан құралған пирамидалар және оның екі бүйір қапталындағы 
жұлын-мишық жолдарының сезімтал жүйке талшықтарынан түзілген жіпше 
дене 
құрайды. 
Ал 
жұлынның 
сынаша 
және 
жұқа 
ядролары 
нейроциттерініңаксондары сопақша ми торлы құрылымының аралығымен өтіп, 
екі жағының жүйке талшықтар шоғырлары орталық сызық бойымен қатар 
орналасып айқасып, көру төмпегіне қарай бағытталады. 


228 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет