А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет158/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Ромб тәрізді ми неден тұрады? 
2 Сопақша мидың құрылысын сипаттап беріңіз? 
3 Артқы мидың құрылысын сипаттап беріңіз? 
 
22 Жүйке жүйенің перифириялық бөлімі 
22.1 Мойын, көкірек жүйкелері мен иық торабы 
Сабақтың мақсаты: Мойын, көкірек жүйкелері мен иық торабының жүйкесін 
игеру 
Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, 
бел, құйымшақжәне құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны 
мойында 8 жұп, құйрықта 5-6 жұп, қалған бөлімдерде жануарлардың 
омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы және артқы аяқтарды 
жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды тармақтары 
түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады. 


231 
Мойын жүйкесі - nn. сervicales –мойын омыртқаның омыртқа аралық 
тесіктерінен 8 жұп санын құрайды. Мойын жүйкесінің бөлек вентральды 
тармағынан диафрагмалы, дорсальды жауырын және бұғана үсті жүйкесінен 
тұрады. Соңғы мойын жүйкесінің үш (төрт) вентральды тармақтарынан иық 
торабы түзіледі.
Диафрагмалы жүйке(n. phrenicus) V, VI, VII мойын жұлын жүйкелерінің 
вентральды тармақтары торабынан шығып, көкетті жүйкелендіреді. 
Дорсальды жауырын жүйкесі - n. dorsalis scapulae –жұп, вентральды 
тармақтармен қалыптасады. V және VI тармақтары ромб тәрізді және төменгі 
тісті бұлшық еттің мойын бөлімдеріне тармақталады.
Бұғана үсті жүйкесі — n. supraсlavicularis — вентральды тармағымен 
қалыптасады. VI тармағы иық тамыры, иық пен иық астында тармақталады.
Ерекшеліктері: шошқада, жылқыда және итте – мойын жүйкелері – сиырдың 
жүйке жүйесімен ұқсас келген.
Иықторабының жүйкелері (plexus brachialis). Иықторабын: VI, VII,VIII 
мойын жүйкелерінің және 1-2 көкірек жүйкелерінің вентральды тармақтары 
түзеді. Одан алдыңғы аяқты жүйкелендіретін төмендегідей жүйкелер шығады: 
Жауырын үсті жүйкесі(n. suprascapularis) иықбуынын, жауырынды, оның 
сыртқы бетіндегі бұлшық еттер мен теріні жүйкелендіреді. 
Жауырынасты жүйкелері(n. subscapularis) иықбуынын, жауырынды, оның 
ішкі бетіндегі бұлшық еттерді жүйкелендіреді. 
Қолтықжүйкесі(n.axillaris) иықбуынының бүккіш бұлшықеттері мен тоқпан 
жілік пен білек аумағындағы теріні жүйкелендіреді. 
Кәрі жілік жүйкесі(n.. radialis-—) шынтақ, тізе және бақай буындарының 
жазғыш бүлшық еттерін, буындарды және сол аумақтардағы теріні 
жүйкелендіреді. Оның соңғы тармақтары дорсальды бақай жүйкелеріне 
айналады. 
Ерекшеліктері: қойдың кәрі жілік жүйесі сиырдың III және IV бақайы үшін 
жалпы бақай жүйкесі мен III бақай үшін медиальды жүйкесі сияқты жауап 
береді. Шошқада, ол II ,III, IV бақайлары үшін тармақталады және V бақайдың 
медиальды беті үшін де. Жылқылардың кәрі жілік жүйесі иық алдының дорсо-
латеральды бетіне дейін ғана жетеді. Иттерде, ол екі тармақпен жүреді және 
I,II, III, IV бақайларды және V бақайдың медиальды бетін хабардар етеді.
Шынтақ жүйкесі(n. ulnaris) тізе және бақай буындарының бүккіш бұлшық 
еттерін, буындарды, тоқпан жілік пен шынтақ сүйекті жүйкелендіреді. 
Шынтақ өсіндісінен төмен келгенде, ол тізені шынтақты бүгу мен ажырату 
арасында орналасады. Иық алдының соңында, шынтақ жүйкесі IV және V 
бақайлар үшін сирақ терісінің дорсальды тармағына таралады, содан кейін 
пальмарлы жүйкеге ауысады. Пальмарлы жүйке - n.palmaris – сирақтық 


232 
пальмарлық жүйкесін береді – nn. metacarpei palmares, келешекте, ол бақай 
пальмарының латеральды және медиальды жүйке жүйесіне – nn. digitales 
palmeres lateralis et medialis ауысады. Жүйкенің дорсальды тармағы 
бақайдың дорсальды латеральды төртінші жүйкесін - n. digitalis dorsalis 
lateralis guartus береді, ал пальмарлы тармақ сүйек аралық бұлшық етті 
жүйкелендіреді де, бақайдың пальмарлы латеральды төртінші жүйке 
жүйесіне – n. digitalis palmaris lateralis guartus ауысады.
Ерекшеліктері: шошқалардың шынтақ жүйкесінің досальды тармағы V 
бақайда дорсальды жүйке, IV бақайда латеральды жүйке түзеді және жоғарғы 
кәрі жілік жүйкесімен өзара байланысады. Пальмарлы тармағы IV және V 
бақайдасирақтық пальмарлы беткі жүйкесін құрады. Жылқыларда дорсальды 
тармақ сирақ пен тізе терісін жүйкелендіреді, ал пальмарлы тармақ сирақтық 
пальмарлы жүйкемен қосылады. Иттерде шынтақ жүйкесінің дорсальды 
тармағымен V бақайды сирақтық дорсальды латеральды жүйке болып 
жалғасады, ал пальмарлы тармақпен IV және V бақай үшін тізелік пальмарлы 
беткі жүйкесін береді. Орталық жүйкемен өзара қосылатын IV, III және II 
бақайлар үшін тізелік пальмарлы терең жүйкелер.
Бұлшық ет-тері жүйкесі(n.musculo-cutaneus) шынтақ буынының бүккіш 
бұлшық еттері мен білек аумағының ішкі бетіндегі теріні жүйкелендіреді. 
Алдыңғы жне артқы көкірек жүйкелері (nn.pectorales craniales et 
caudalis) иық белдеуінің бұлшық ететрін және терісін жүйкелендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет