А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет122/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Іш артериясы (чревная артерия) — a. coeliaca — соңғы көкірек немесе 
бірінші бел омыртқаларының тұсынан, құрсақ қолқасының вентральды 
жағынан бөлінетін ірі тақ артерия. Іш артериясы құрсақ қолқасынан 
ажырағаннан соң, өз кезегінде үш артерияға: 1) көкбауыр артериясына, 2) сол 
қарын артериясына және 3) бауыр артериясына тарамдалады. 
Көкбауыр артериясы(a. lienalis) іш артериясынан бөлінгеннен кейін
көкбауырға жетіп, көкбауырды тамырландырады. Көкбауыр артериясының 
соңғы тармағы көкбауырдан қарынның үлкен иініне қарай бағытталып, сол 
қарын-шарбы артериясы— деп аталады. Қарынның үлкен иінінде сол қарын-
шарбы артериясы қарынның қарсы жағынан келетін оң қарын-шарбы 
артериясымен жалғасып кетеді, яғни анастомоз (ұштасады) жасайды. Көкбауыр 
артериясынан қысқа қоректендіргіш артерия тармақтары қарынға, ұйқы безіне
және шарбыға бөлінеді.Ерекшеліктері.Шошкадакөкбауыр артериясынан сол 
қарын артериясы, қарын-көкбауыр тармақтары және қарын буылтығының 
артериясы ажырайды. Сол қарын артериясынан өз кезегінде өңеш тармағы 
бөлінеді.. 
Сол қарын артериясы(a. gastrica sinistra) қарынның кіші иіні бойымен 
өтіп, өзінен қарынға және ұйқы безіне қоректендіргіш тармақтар 
бөледі.Ерекшеліктері.Жылқыдасол қарын артериясы қарынды қоректендіретін 
краниальды және каудальды тармақтар және өңеш пен ұйқы безіне артерия 


189 
тармақтарын бөледі.Шошқадасол қарын артериясы көкбауыр артериясынан 
бөлініп, қарынның артқы бөлігіне бағытталады да, каудальды қарын 
артериясы— деп аталады 
Бауыр артериясы(a. hepatica) қақпалық венамен бірге қатарласып, бауыр 
қақпасы арқылы бауырға енеді де, оны тамырландырады. Бауыр артериясынан 
қарынның кіші иініне оң қарын артериясы (а.gastrica dextra) және қарын-он екі 
елі ішек артериясы (a. gastroduodenalis) бөлінеді. Қарынның үлкен иінін 
қоректендіруге карын- он екі елі ішек артериясынан оң карын-шарбы 
артериясы 
және 
ұйқы 
безі-он 
екі 
елі 
ішек 
артериясы 
ажырайды.Ерекшеліктері.Жылқыда 
бауыр 
артериясынан 
ұйқы 
безіне 
қоректендіргіш тармақтар бөлінеді.Күйіс қайтаратын жануарлардақұрсақ 
қуысында орналасқан ішкі мүшелердің орналасу орнына байланысты, іш 
артериясыныңтармақтарға бөлінуі де ерекше түрде жүреді. Мес қарынның оң 
жағымен өтетін құрсақ қолқасынан ажырайтын іш артериясынан (іш 
артериясының ұзындығы жануарлардың түріне байланысты мысалы, сиырда 
оның ұзындығы 12 см, қой мен ешкіде 4-6 см) бірнеше артерия ажырайды. 
Олар: 1) каудальды диафрагма артериясы, жануарларда тұрақты кездесе 
бермейді; 2) бүйрекүсті безінің краниальды тармағы; 3) сол қарын артериясы
мес қарын мен жұмыршақтың аралығымен өтеді. Ол қатпаршақ маңында 
қосымша жұмыршақ артериясынбөледі де, ұлтабардың үлкен иініне қарай 
бағытталып, сол қарыи-шарбы артериясынаайналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет