А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет124/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Ішкі мықын артериясы (а. iliaca interna) құрсақ қолқасынан ажыраған 
бойда төмен қарай және жамбас қуысымен каудальды жаққа бағытталып, 
жамбас қуысынан кіші шонданай ойығы арқылы шонданай доғасы жағындағы 
жамбас қуысы қабырғасынан сыртқы бөксе аумағына шығып, каудальды бөксе 
артериясы(a.glutea caudalis) — деп аталады да, санарты бұлшық еттер тобын 
тамырландырады. Ішкі мықын артериясы өзінен жамбас қуысының қабырғасын 
қоректендіретін, париетальды артерияларды және жамбас қуысында жатқан 
ішкі мүшелерді тамырландыратын, висцеральды артерия тармақтарын бөледі. 
Ішкі мықын артериясының париетальды және висцеральды тамырлары:
Жылқымен иттеішкі мықын артериясының висцеральды артериялары 
ішкі жыныс артериясынан ажырайды. Демек, аталған жануарларда ішкі 
жыныс 
артериясы 
жамбас 
қуысында 
орналасқан 
ішкі 
мүшелерді 
қоректендіретін барлық висцеральды артериялар ажырайтын магистральды қан 
тамыры болып саналады. Жылқыда ішкі жыныс артериясы ішкі мықын 
артериясынан бірінші болып бөлінеді. Басқа жануарларда жамбас қуысының 


191 
париетальды және висцеральды артерия тармақтары ішкі мықын артериясынан 
кезегімен ажырап отырады. 
Кіндік артериясы(пупочная артерия) — a. Umbilicalis — іштөлі 
организміндегі ең күшті жетілген артерия. Кіндік артериясы арқылы қан іштөлі 
организмінен ұрықжолдасқа (плацентаға) жеткізіледі. Төл туғаннан кейін
кіндік артериясы негізгі қызметінен айырылып, қуықтың бүйірлік байламына, 
ал ұрғашы жануарларда қосымша жатырдың жұмыр байламына да айналады. 
Артерия қаны бұл артерияның тек бастапқы бөлігімен ғана ағады. Кіндік 
артериясы 
ішкі 
мықын 
артериясының 
бірінші 
тармағы. 
Ерекшеліктері.Жылқыдаортаңғы 
жатыр 
артериясы 
сыртқы 
мықын 
артериясынан ажырайды. Иттекіндік артериясынан жоғарыда аталған 
артериялардан басқа каудальды қуық артериясы және каудальды жатыр 
артериясы бөлінеді. 
Мықын-бел артериясы(подвздошно-поясничная артерия) — a. Iliolumbalis 
— ішкі мықын артериясынан ажыраған бойда, мықын сүйектің ішкі жамбастық 
бетімен бойлай жүріп, оның сербек жағындағы сыртқы жағына шығады да, бел, 
бөксе 
және 
санның 
жалпақ 
шандырын 
кергіш 
бұлшық 
еттерін 
тамырландырады. Ерекшеліктері.Жылқыдамықын-бел артериясы краниальды 
бөксе және жапқыш артерияларымен бірігіп, қысқа артерия бағаны болып 
басталады. Күйіс қайтаратын жануарлармен шошқадабұл артерия ішкі мықын 
артериясынан екінші, ал иттебірінші болып ажырайды. 
Краниальды бөксе артериясы(краниальная ягодичная артерия) — a. 
Glutaea cranialis — мықын сүйек қанатының алдыңғы (дорсальды) жиегі 
тұсынан басталып, үлкен шонданай ойығы арқылы аттас жүйкемен бірге бөксе 
бұлшық еттеріне барып, оларды тамырландырады. Барлық үй жануарларында 
краниальды бөксе артериясы тым жақсы жетілген. 
Каудальды қуық артериясы(каудальная пузырная артерия) —а. vesicalis 
caudalis— қуықты тамырландырады. Каудальды қуық артериясы еркек 
жануарларда қуықалды без артериясымен, ал ұрғашы жануарларда каудальды 
жатыр артериясымен бірге бір артерия бағаны болып басталады. 
Жапқыш артериясы(запирательная артерия) аттас жүйкемен бірге мықын 
сүйегінің денесі бойымен төмен қарай бағытталып, жапқыш тесігі аумағындағы 
жапқыш бұлшық еттерін тамырландырады.
Ішкі жыныс артериясы(внутренняя срамная артерия)— a. Pudenda interna — 
жамбас қуысын бойлай жыныс жүйкесімен бірге шонданай доғасына қарай 
бағытталып, жамбас қуысынан шыққан бойда екі артерия тармағына 
ажырайды. Олар: 1) күнтимес(аралық) артериясы анусты (артқы тесік), сыртқы 
жыныс мүшелерін және күнтимес аумағын тамырландырады.Жылқы мен итте 
вентральды тармақтан, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дорсальды 


192 
тармақтан каудальды тік ішек артериясыбөлінеді. 2) баданалық артерияеркек 
жануарларда дорсальды жыныстық мүше артериясынаайналады. Ұрғашы 
жануарларда баданалық артерия клитор артериясы) деп аталады да, сарпайды 
(клиторды) тамырландырады. 
Ерекшеліктері. Жоғарыда баяндалғандай, жылқы мен итте ішкі жыныс 
артериясы 
жамбас 
қуысында 
орналасқан барлық 
ішкі 
мүшелерді 
қоректендіретін артериялардың ортақ бағаны. Жылқыда жамбас қуысында ішкі 
жыныс артериясынан кіндік және ортаңғы тік ішек артериясы бөлінеді. Шошқа 
мен күйіс қайтаратын жануарларда ол ішкі мықын артериясынан жапқыш 
артериясы бөлінгеннен кейін ажырайды. 
Артқы аяқты артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды 
артерия сыртқы мықын артериясы (a. iliaca externa). Ол 5-6-ншы бел 
омыртқалар тұсынан, құрсақ қолқасынан басталып, құрсақ қабырғасына 
айналмалы терең мықын және терең сан артерияларын бөлгеннен кейін, сан 
артериясы (a.femoralis) — деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет