А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет55/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

35- суретЖылқының тұяғы 
Тырнақ — unguiculus — ұш бөліктен тұрады: тырнақты білік, тырнақты 
қабырға мен тырнақты ұлтаннан. 
Тырнақты білік— бақай теріснен тырнаққа өтетін орын. Ол терінің 
негізін қамтып, артынан бақай жұмсағына ауысады. Тырнақты біліктің 
эпидермисі пен тері негізі бақайдың үштен бөлігінің сүйекті науаның түпкіріне 
кіреді де, онда тырнақтың мүйізді капсуласының тамыры орналасатындай 
тырнақты науа қалыптасады.
Тырнақты қабырға– тырнақтың шеткі және артқы бетінде жұлықпен 
орналасады. Жұлық деп – тырнақты қабырғаның осы бөлігін айтады, яғни 
тырнақты науаның түбінен пайда болып, тырнақты бақайдың арқа бетінде 
орналасады.
Тырнақты ұлтан– тырнақтың ұлтанның бетіндегі жыңышке келген 
жолақта орналасқан. Осы аталған тырнақтың үш бөлігі тырнақтың мүйізді 
капсуласы мен тырнақтың тері негізін құрайды. 
Тырнақтың мүйізді капсуласы мүйізді тырнақты қабырға мен мүйізді 
тырнақты ұлтанға бөлінеді.


91 
Мүйізді тырнақты қабырға тырнақтың үлкен тақ қабырға мен жұп келген 
шеткі латеральды және медиальды қабырғадан тұрады. Мүйізді қабырғада бос 
ұшы тырнақтың ұшталған үстін қалыптастырады. Мүйізді тырнақты қабырға 
түтікшелі мүйізден құралған, ол тырнақ жұлығы мен науаның эпидермистің 
туынды қабатымен іске асады. Сонымен қатар, мүйізді тырнақты қабырғаның 
құрамына жапырақты мүйіз кіреді, ол тырнақты қабырғаның шеткі бөлігіндегі 
эпидермистің туынды қабатымен пайда болады.
Мүйізді тырнақты ұлтан тырнақтың иілген бетінде орналасады. Ол 
борпылдақ, түтікшелі мүйізден құралады, ол өз кезегінде тырнақты ұлтан 
эпидермисінің туынды қабатымен жасалады. Ұлтанның мүйізі тез өшіріледі
содан тырнақтың ұшы өзімен-өзі ұшталады.
Тырнақтың тері негізі жұлықтың тері негізіне, шеткі қабырға мен ұлтанға 
бөлінеді.
Жұлықтың тері негізі тырнақы науаның түбін кеңейтілген жолақты 
бастама ретінде алады, содан кейін тырнақты сүйектің дөңес артқы беті 
бойынша дистальды бағыта біртіндеп тарылады. Тырнақты науадағы жұлықтың 
тері негізі емізікше, ал қабырғада тегіс болып келеді.
Шеткі қабырғаның тері негізі (латеральды және медиальды) маңызды 
емес көлемді алады және сүйек үстінде терең қабатпен өсіп келе жатқан беті
жапырақша тәріздес.
Тырнақ ұлтанын тері негізі сүйек үстімен тұтастанып өседі, ал бетінде 
емізікше болады. Тырнақтың тері асты қабаты тырнақты біліктің астында ғана 
жақсы көрінеді.
Мүйіз —cornua — эпидермисс пен терінің негізінен тұрады. Эпидермис 
мүйізді капсула түзеді. Мүйіз терісінің негізі маңдай сүйегінің мүйізді 
қосалқысымен тұтастанып, өседі. Ол қан тамырларына өте бай. Мұйізде – 
түбірін, денесі мен ұшын айырады.
Мүйіздің түбірі— radix cornus — маңдай терісінде орналасқан мүйіздің 
өте нәзік бөлігі. Мүйіздің денесі — corpus cornus — түбірінен ұшына дейін 
жалғасқан, жалпақ бөлім. Мүйіздің ұшы — apex cornus —ұшталған мүйіздің 
ұшы. 
Мүйізде көлденең орналсқан сақиналарды көруге болады, олар мүйіз 
капсуласының өсу жылдамдығына сай ерекшелінеді. Сиырлардың мүйізінің 
көлденең кескіні форма бойынша дөңгелекке ұқсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет