95
ч
бөлінеді. Оларды: сүтті күрек тіс — dentes incisivi decidui — Id, сүтті сойдақ
тісі — dentes canini decidui—Cd және сүтті алдыңғы азы тісі — dentes
praemolares decidui — Pd.
Құрылысына байланысты: қысқа сауытты және ұзын сауытты тістер болып
бөлінеді. Тістер бассүйектің
жоғарғы жақ, тұмсық және төменгі жақ
сүйектерінің тіс ұяларында орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын
(аркадаларын) құрайды.
Қысқасауытты тістер (brachiodontes) бір-бірінен анық ажырайтын үш
бөліктен: тіс сауытынан(тістің ауыз қуысындағы бөлігі) — carona dentis, тіс
түбірінен(тістің жақ және тұмсық сүйектер ұяларындағы бөлігі) — radix dentis
және тіс мойнынан(тіс сауыты мен тіс түбірі шекарасындағы қызыл иек қаптап
тұрған жіңішкелеу бөлігі) — collum dentis — тұрады. Тіс сауыты үш
қабаттан
құралған. Оның сыртқы қабаты ақ түсті тіс кіреукесі (эмаль) ауыз қуысы
кілегейлі қабығы эпителий қабатының туындысы, яғни ол даму барысында
эпителийден жетіледі. Кіреукенің астындағы дентин
тістің негізін құрайтын
құрылысы ерекше сүйек ұлпасынан тұрады.
Дентиннің ішкі жағында кан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай
жұмсақ дәнекер ұлпасы пульпаға толған тіс қуысы болады. Тіс түбірі де үш
қабаттан құралған. Ол сыртынан сары түсті цементпен қапталған. Қалған
төменгі екі қабаты тіс сауытына ұқсас, яғни дентиннен
және тіс қуысындағы
пульпадан тұрады. Қысқа сауытты тістің тіс сауыты шайнаған сайын, үйкеліп
қажалып, қартайған жануарларда толығымен желініп көрінбей кетеді. Қажалған
тіс тіс түбірі жағынан өсіп шыкпайды.
Ұзынсауытты тіс(hypselodontes) тек тіс сауытынан тұүрады. Оның мойны
мен түбірі болмайды. Бірақ, тіс сауытының кішкене бөлігі ғана ауыз қуысында
көрініп тұрады. Ал қалған бөлігі тіс ұясында орналасып, тіс түбірінің қызметін
атқарады. Тіс үйкеліп қажалған сайын, тіс тіс ұясынан ауыз куысына қарай өсіп
шыға береді. Жасы ұлғайып, сақайып қартайған жануарлардың тіс сауыты
қысқа болыпаздап тіс түбірі пайда бола бастайды. Ұзын сауытты тіс сыртынан
ішінеқарай төрт қабаттан: цементтен, кіреукеден,
дентиннен және пульпаға
толған тіс қуысынан тұрады. Даму барысында цемент, дентин және пульпа
мезенхимадан жетіледі, яғни олар кілегейлі қабықтың
өзіндік тақташасының
туындылары болып саналады.
Тіс кіреукесі - бір қатарда орналасқан ұсақ алты қырлы тым қатты эмаль
призмаларынан түзілген. Тіс кіреукесі құрамының 98% минералды тұздар
құрайды. Сондықтан, кіреуке жаңуалар организіміндегі ең берік зат. Оның
тығыздығын кварцпен, ал омырылғыштығын фарформен салыстыруға болады.
Дентин тістің негізін құрайтын құрылысы ерекше сүйек ұлпасы. Дентин
жасаушы
торшалар одонтобластар сүйек ұлпасынан тыс, тіс қуысындағы
96
пульпаның дентин жағындағы сыртқы бетінде бір қатарда орналасып, дентинді
кіреуке кабатына жапсарлай түзеді. Дентин құрамының 70 - 80% -ы минералды
тұздардан тұрады.
Цемент құрылысы сүйек ұлпасына ұқсас. Оның 60-70%-ы минералды
тұзадрдан тұрады.
Тіс жұмсағы (тіс пульпасы) қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерге
бай жіңішке талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады.
Барлық жануарлардың сүт тістері, ит пен шошқаның тұрақты тістері және
күйісті қайтаратын жануарлардың күрек
тістері қысқа сауытты тістерге, ал
ұзын сауытты тітстерге жылқының барлық тұрақты тістері және күйіс
қайтаратын жануарлардың тұрақты азу тістері жатады.
Жануарлар тістерінің жалпы санын тіс формуласымен бөлшек түрінде
көрсетеді. Бөлшек сызығының үстінде жоғарғы жақ тіс доғасындағы тістердің
бір жақ жартысының саны, ал сызықтың астында төменгі жақ тіс доғасындағы
тістердің жарты саны көрсетіледі.
Жануарлар сүт тістерінің формуласы:
P
P
C
C
I
I
;
Ал тұрақты тіс формуласы
M
M
P
P
C
C
I
I
;
I – күрек тіс;
C – сойдақ тіс;
P – премоляр;
M – моляр.
Сүтті сиырлардың тіс формуласы осындай —
ID
4
0
, CD
0
0
, PD
3
3
=20 тіс;
тұрақты I
4
0
, C
0
0
, P
3
3
, M
3
3
= 32 тіс
Ерекшелігі:шошқада 28 сүтті тістерін санауға болады, олардың 12күрек
тіс, 4-сойдақ тістер және 12азу тістері болады.
Оның формуласы осындай: Id
3
3
, Cd
1
1
, Pd
3
3
Шошқалардың тұрақты тістер формуласы осындай:
I
3
3
, C
1
1
, P
4
4
, M
3
3
97
Жылқылардың тұрақты тістер формуласы осындай::
I
3
3
, C
1
1
, P
3
3
, M
3
3
.
Иттерде, формулаға сай 32 сүтті тісі бар:
Id
3
3
, Cd
1
1
, Pd
4
4
.
Тұрақты тісі 42, осыдан тіс формуласы:
I
3
3
, C
1
1
, P
4
4
, M
3
2
Достарыңызбен бөлісу: