110
қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағына көтеріледі. Одан әрі жүректің үстімен,
қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9-10-ыншы қабырғалар тұсында көкеттің
өңеш тесігі арқылы құрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарынның сол жағындағы
кардиальды ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын тесігін қарын
кіреберісі(ostium cardiacum)
— депатайды.
Өңеш қабырғасының гистологиялық құрылысы
Өңештің ішкі кілегейлі қабығытөрт қабаттан түрады. Оның ішкі бетін
көпқабатты жалпақ эпителий ұлпасы астарлайды. Эпителий қабаты астындағы
өзіндік тақташа қабаты жақсы жетілген. Ол борпылдақ дәнекер ұлпасынан
тұрады. Үшінші етті қабаты бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттер
шоғырларынан түзілген. Етті қабаттың
жиырылуы өңештің кілегейлі
қабығының қатпарланып тұруына себепкерболады. Етті қабат миоциттері
өңештің ұзын бойымен орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын
төртінші кілегейлі асты негізде әр түрлі жануарларда түрліше дәрежеде
жетілген кілегей бөлетін өңеш бездері(gl.oesophageae) орналасады.
Өңештің етті қабығы жұтқыншақтан басталған бойда көлденең жолақты
ет ұлпасынан тұрады. Бірақ, өңеш қарынға жақындаған сайын,
біртіндеп
бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысады. Етті қабықтың қабаттары
жұтқыншақтан қарынға дейінгі өңештің ұзын бойында әр түрлі бағытта
орналасады. Етті қабықтың қабаттары өңеш жұтқыншақтан басталған бойда
өңеш қабырғасында сақина тәрізді, одан соң, қиғаш орналасады.
Қарынға
жақындаған сайын етті қабық сыртқы ұзынша және ішкі көлденең сақинаша
қабаттарға ажырайды. Өңештің етті қабығы жұтқыншақтың жігінен және
көмекейдің ожауша және сақинаша шеміршектерінен басталады.
Өңештің сыртқы қабығы,оның мойын бөлігінде адвентиция қабығынан
(борпылдақ дәнекер үлпасы), алкөкірек пен құрсақ қуыстарындағы бөліктерінде
сірлі қабықтан тұрады. Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Ал
сірлі қабық екі қабаттан:ішкі жұқа дәнекер ұлпалық
қабаттан және сыртқы
бірқабатты жалпақэпителий ұлпасынан (мезотелийден) тұрады.
Ерекшеліктері: Жылқының өңешінде кілегей бөлетін бездер, оның тек
жұтқыншақпен шекаралас алдыңғы бөлігінде ғана болады. Етті қабығында
көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысуы
өңештің жүректен кейінгі бөлігінде ғана байқалады. Диафрагманың өңеш тесігі
12 – қабырға тұсында орналасады. Күйіс кайтаратын жануарларөңештерінде
кілегей бөлетін бездер өңештің тек басталар аймақтары қабырғаларында ғана
кездеседі. Шошқадабездер өңештің мойын бөлігіңде орналасады. Етті
қабығының қарынға жақын соңғы бөлімдері бірыңғай
салалы ет ұлпасынан
тұрады. Иттекілегей бөлетін бездер жақсы жетілген. Олар өңештің барлық
бөлімдерінде болады. Кілегейлі өңеш бездері құрылысы жағынан күрделі
111
көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Без ацинустары (соңғы бөлімдері)
өңештің кілегейлі қабығының кілегейлі асты негізінде орналасады.
Ацинустардың құрылысы сілекейбездеріндегі кілегейлі ацинустар құрылысына
ұқсас, яғни олардың қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді мукоциттер
құрайды. Бездердің шығару өзектері өңештің ішкі бетіне ашылып, өңеш
кілегейлі қабығының ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөледі.
Қарын — ventriculus, s. gaster — азық қорыту түтігінің қапшық тәрізді
кеңейген бөлігі.
Олсөл бөлу, механикалық (азықты қозғау, араластыру, сығу)
және биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен көп бөлімді қарынның
алдыңғы бөлімдерінде) өңдеу, қорыту
(сөлқұрамындағы ферменттердің
қатысуымен күрделі органикалық заттарды белоктарды қарапайым құрамына
ыдырату), қорытылған қоректік заттарды сіңіру,
ыдырау өнімдерін бөлу
(экскреция) қызметтерін атқарады.
Қарын бөлімдерінің санына байланысты: бір бөлімді және көп
бөлімдіқарын болып екі топқа, ал кілегейлі қабығының құрылысына сәйкес:
безсіз, безді және безсіз-безді немесе аралас қарын болып үш топқа бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: