92
3 Ірі қара мал төлдерінде жаңа шығып жатқан мүйіздерінің
құрылысын
сипаттап беріңіз?
11 Спланхнология (ішкі мүшелерді зерттейтін ілім)
11.1 Азық қорыту аппараты
Азық қорыту мүшелеріне: ауыз қуысы, ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, қатты
және жұмсақ таңдай, ауық қуысының түбі, тіл, құлақ түбі безі, төменгі жақ безі,
тіл асты безі, бір
өзекті тіласты сілекей безі, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ащы
ішек (он екі елі ішек пен аш ішек), бауыр
, ұйқы безі
,жуан ішек (бүйен, тоқ ішек
пен тік ішек). Азық қорытуаппаратын фило-онтогенездік тұрғыдан төрт бөлімге
бөледі. Олар: бас, алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдер. Осының бәрін
төменде ашып қарастырамыз.
11.2 Ауыз қуысы, ерін, ұрт, қызыл иек
Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысы, ерін, ұрт, қызыл иектің құрылысын
игеру.
Ауыз қуысы - cavumoris – жұтқыншақпен жалғасып, бас бөлімді кұрайды.
Оның кіреберіс тесігі — ауыз саңылауы— rima oris, ал ауыздан жұтқыншаққа
шығаберіс тесігі — есік — isthmus faucium деп аталады.
Ол
тіл түбірі мен
жұмсақ тандай арасында болады. Ауыз қуысы екі бөлімнен: ауыздың кіреберіс
бөлімінен — vestibulum oris және өзіндік ауыз қуысынан — cavum oris proprium
тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын еріңдер менұрт, ішкі
қабырғасын қызыл иек пен тістер құрайды. Ал өзіндік ауыз қуысы қызыл иек
пен тістен жұтқыншаққа дейінгі кеңістік. Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін
тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты
жалпақ эпителийденжәне оның астындағыөзіндік тақташадан(борпылдақ
дәнекер ұлпасы) тұрады.
Ерін .— labia - ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш
қабықтан: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті (ауыздың дөңгелек бұлшық еті)
қабықтардан және сыртқы теріден тұрады. Кілегейлі қабық екі қабаттан: ішкі
көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы
өзіндік тақташадан
тұрады. Жоғарғы және төмен ерін кілегейлі қабықтарында еріннің майда
қабырғалық
сілекей бездері орналасады. Олардың өзектері ауыз қуысына
93
ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен
бұрышын езу— angulus oris – деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім
түтіктері орналасады.
Ерін бездері — glandulae labiales — ерін бұрышының сілекей асты
қабатында орналасқан және ұртты ашу уақытында көптеген тесіктермен
ашылады. Төменгі ерін иекке —mentum ауысады. Үстіңгі
еріннің сілекей
қабатында конус тәріздес емізік — papillae conicae бар.
Ерекшеліктері. Жылқыныңеріндері қалың, ұзын және қозғалмалыкеледі.
Төменгі ерін жақсы жетіліп, иекпен жалғасады. Еріннің езуі азу тістің алдыңғы
жағында болады. Сиыр еріндері де қалың, бірақ қысқалау келеді және нашар
қозғалады. Жоғарғы еріннен мұрын тесігіне дейінгі аумақта түксіз
пигменттелгентерімен қапталған қаңсар —-planum nasolabiale созылып
жатады. Қаңсарда сір сұйығын бөлетін сірлі бездерорналасады.Әдетте,
сұйықтың булануы нәтижесінде қаңсардын сыртқыбеті тұрақты ылғалды да,
салқын болып тұрады. Ерін езуі азу тістерінің алдында болады. Қоймен ешкінің
еріндері ұзын және қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінді су ағар сайы - рһіltrum -
бөліп тұрады. Шошқаныңжоғарғы ерні түксіз талпақ танаумен –planum rostrale
-жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді. Ерін езулері 3-4 азу тістердің
тұсына дейін созылады. Иттіңеріндері жұқа және нашар қозғалады. Ауыз
саңылауы
ұзынынан созылып,оның езулері 3-4 азу тістерінің қатарына дейін
жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар сайымен екіге бөлініп тұрады. Төменгі
ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге қарағанда, сәл көлемділеу келеді.
Ұрт—bucca—құрылысы ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан
терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың
негізін ұрт бұлшық еті түзеді. Ұрт ауызқуысының екі бүйір қабырғаларын
құрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз
саңылауы ұзын болған сайын,ұрттың ұзындығы қысқа болады. Мысалы, иттің
езуіұзын да, ұрты қысқа. Бұған, керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың
ұрты ұзын, ал ауыз саңылауы қысқа келеді. Ұрттың
ішкі кілегейлі қабығы
бетінде, жоғарғы азу тістердің түсында шықшыт (құлақтүбі) сілекей безі
өзегінің бүртігі - papilla parotidea -ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт
сілекей бездері - glandulae buccales орналасады. Әсіресе, олар шөппен
қоректенетін жануарларда жақсы дамыған. Ұрт бездері дорсальды және
вентральды болып екі топқа бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгітіс доғалары
деңгейлерінде, езу мен үлкен шайнау
бұлшық еті аралығында орын
тебеді.
Дорсальды ұрт бездері—glandulae buccales dorsales — альвеоляр шетінен
еріннің бұрышына дейін үстіңгі түбір түстері созылады.
Ортаңғы ұрт
бездері— glandulae buccales intermediae — еріннің бұрышында жақсы дамыған.
Вентральды ұрт бездері - glandulae buccales ventrales — алдыңғы шеттің үлкен
94
шайнау бұлшық етінен еріннің бұрышына дейін созылады. Олардың барлығы
да сілекей қабығында көптеген өзектермен ашылады. Ұрттың сілекей қабығы
көптеген ұрт емізігінен — papillae buccales (1 см дейін) тұрады.
Ерекшеліктері.Жылқы ұрты ұзын болып келеді. Шықшыт безінің өзегі
ұрттың ішкі бетіне, 3-інші жоғарғы азу тіс тұсында ашылады.
Сиырұртының
кілегейлі қабығында ұшы ауыз саңылауына кері бағытталған,
пішіні конус
тәрізді емізікше бүртіктер орналасады. Олар ауыз қуысындағы азықтың кері
түсіп қалмауын қамтамасыз етеді. Шықшыт безінің өзегі 5-інші азу тіс
деңгейінде ашылады.
Қоймен
ешкіұртында да конус тәрізді емізікше бүртіктер
болады. Шықшыт безінің өзегі 4-інші азу тіс қатарында, ұрттың ішкі бетіне
ашылады. Күйіс қайтаратын малдардадорсальды және вентральды ұрт
бездерінен басқа
аралық ұрт бездеріде кездеседі.
Шошқадашықшыт безінің
өзегі 4-5-інші азу тістің деңгейі тұсында ашылады.
Итұртының кілегейлі
қабығы пигменттелген. Шықшыт безінің өзегі 3-інші азу тіс қатарында
ашылады. Дорсальды ұрт бездері орналасу орнына қарай
бет бездері — деп
аталады. Вентральды ұрт бездері болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: