107
38 - сурет. Сілекей бездері
Сілекей бездерінің паренхимасынэпителий ұлпасынан құралған, сілекей
бөлетін құрылысы күрделі
соңғы бөлімдермен бездердің шығару
өзектеріқұрайды. Ал бездердің стромасынбездердің дәнекер ұлпалық
қапшықтары мен дәнекер ұлпалық аралықтар түзеді.
Сілекей бездерін секрет
бөлуортасына қарай: сыртқы секреция немесе экзокринді бездерге
, алсілекейді
бөлу сипатына байланысты мерокринді бездерге жаткызады.Экзокринді бездер
ретінде сілекей бездері секрет бөлетін
соңғы бөлімдерден (анинустардан)және
шығару өзектеріненқұралған. Құрылысы мен бөлінген сілекейдің құрамына
байланысты сілекей бездерінің соңғы бөлімдерін: сірлі (белокты) ацинустар,
кілегейлі ацинустар және аралас (сірлі кілегейлі) ацинустар — деп бөледі.
Соңғы бөлімнің (ацинустың) қабырғасын негіздік жарғақта бір қабатта
орналасқан безді эпителиоциттер (гландулоциттер) құрайды Сонғы бөлімді
сыртынан
жиырылу қызметін атқаратын, пішіні себет тәрізді өсінділі
миоэпителиоциттер қоршап жатады. Бұл торшалардың цитоплазмасында
жиырылғыш миофиламенттер болады. Соңғы бөлімнің қуысы сілекей секретіне
толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлыжиырылып, сілекейді бездердің
шығару өзектеріне айдайды.
Жұтқыншақ — pharynx — ауыз қуысын өңешпен,
мұрын қуысын
көмекеймен жалғастыратын, азық қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ,
пішіні түтікше келген етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақ басқа мүшелермен жеті
тесік арқылы қатысады. Олардыңүшеуі кіреберіс тесіктер: жұтқыншаққа ауыз
қуысынан есін (бір тесік), мұрын куысынан екі хоана тесіктері ашылады. Ал
108
олардың төртеуі шығаберіс тесіктер: жұтқыншақтан оң және сол есту
түтіктеріне шығатын екі тесік және өңеш пен көмекейге ашылатын тағы екі
жұтқыншақ және көмей тесіктері.
Жұтқыншақ құрылысы жағынан түтікше мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі
кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады.
Жұтқыншақтың ішкі кілегейлі қабығының бетінде ауа жүретін тыныс алу жолы
және жұтылатын азық жүретін азықжолыайқасып жатады. Жұтқыншақ
кілегейлі қабығының тыныс алу жолын аңқа — деп атайды.
Оны тыныс алу
жолдарына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол бірқабатты көпқатарлы
кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ал жұтқыншақтың азық жүретін
жолының кілегейлі қабығын ауыз қуысына тән кілегейлі қабық астарлайды,
яғни ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ауыз қуысында өңделген
азық жұтылган кезде, жұмсақ таңдай азықтың қысымымен жоғары көтеріліп,
хоана тесіктерін жабады. Ал тіл түбірінің
қысымымен көмекей бөбешігі
көмекей тесігін жауып, ауа жүретін жол жабылады да, азық өңеш тесігі арқылы
жұтқыншақ қабырғасындағы етті қабықтың көмегімен өңешке итеріліп, азық
жұтылады. Жұтылғаннан соң, тіл түбірі алға кетіп, өңеш артқа қарай жылжып,
жұмсақ таңдай төмен түседі де, бебешік алға қарай көтеріліп, ауа жүретін
тыныс жолы ашылады.
Жұтқыншақтың тарылтықыш бұлщық еттері
Ростральды (алдыңғы) тарылтқыш бұлшық еттері өз кезегінде екі жұп
бұлшық еттен тұрады. Олар: 1) таңдай-жұтқыншақ бұлшық еті - m.
palatopharyngeus және 2) қанат-жұтқыншаққ бұлшық еті - т. pterygopharyngeus
Таңдай -жұтқыншақ бұлшық еті бастың тандай, қанатша сүйектерінен және
тандай бұлшық етінен басталады.
Бұлшық ет
таңдай-жұтқыншақ
жігініңкаудальды бөлігінде аяқталады.
Ортаңғы тарылтқыш бұлшық ет немесе тіласты жұтқыншақ бұлшық еті -
m. constrictor pharyngis medius – жұп бұлшық ет. Бұлшық ет тіласты сүйектің
ортаңғы бунағынан (стиогиоидтан) және осы сүйектің үлкен мүйіздігінен
(тиреогиоидтан) басталып, жұтқыншақ жігіне келіп аяқталады.
Каудальды тарылтқыш бұлшықеттер - m. constrictor pharyngis caudalis -
екі жұп бұлшықеттен құралады. Олар да жұтқыншақ жігіндеаяқталады. Бұл
еттердің бірінші жұбына көмекейдің қалқанша шеміршегінен басталатын
қалқанша жұтқыншақ бұлшықеті - m. thyreopharyngeus , ал екінші жұбына
көмекейдің сақинаша шеміршегінен басталатын сақинаша-жұтқыншақ бұлшық
ет - m. cricopharyngeus – жатады. Жұтқыншақтың
ортаңғы және каудальды
тарылтқыш қысқыш бұлшық еттері өңделіп жұтылуға арналған азықты өңешке
қарай жылжытуға көмектеседі.
Жұтқыншақтың кеңейткіш бұлшық еті:
109
Каудальды без-жұтқыншақ бұлшық еті— m. stylopharyngeus тіласты
сүйектің ортаңғы бунағының медиальды бетінен басталып, көмекейдің
қалқанша шеміршегінде аяқталады. Бұлшық еттің негізгі қызметі жұту кезінде
жұтқыншақтың артқы бөлігін кеңейтіп
, аңқаны тарылтады.
Өңеш құрылысындағы ерекшеліктер
. Жылқыдаесту түтігінің
тесігі ұзын
келеді. Ол хоана тесіктері кабырғасына жақын орналасады. Оның медиальды
қабырғасында шеміршек пластинкалары мен түтік бадамшалары болады. Күйіс
қайтаратын жануарлархоаналары екі бүйірінен сығыңқы келеді. Есту түтігінің
жұтқыншақ тесігі онша үлкен емес. Шошқадажұтқыншақтың өңешке өтер
бөлігінің жоғарғы жағында жұтқыншақ қалтасы
- recessus retropharyngeus -
болады.
Жұтқыншақтың сыртқы адвентиция — adventitia pharyngis — қабығы
борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.
Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері – gl.pharyngea
және лимфа фолликулдары орналаскан. Лимфа
фолликулды жұтқыншақтың
артқы жағында жұтқыншақ бадамшасын - tonsilla pharyngea - түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: