106
дейін созылады. Без
өзегі екі қатар болып ашалып, кілегейлі сөл бөледі.
Шошқада бұл без қызғылт түсті, сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Итте көп өзекті
тіласты сілекей безі жеке бөліктерден тұрады. Ол кілегей сілекей бөледі.
Бір өзекті тіласты сілекей безінің - glandula sublingualis parvicanalaris -
өзегі -ductus sublingualis major - тіласты сүйелшесіне келіп ашылады. Ол сірлі –
кілегейлі сілекей бөледі.
Ерекшеліктері: Жылқыда бір өзекті тіласты сілекей безі болмайды. Күйіс
қайтаратын жануарларда бір өзекті тіласты сілекей
безі көп өзекті тіласты
бездің алдыңғы жағында және одан сәл төменірек орналасып, төменгі жақтың
иек бұрышына дейін созылып жатады. Шошқада бұл без қызғылт-сарғыш
болып келеді. Итте бір өзекті тіласты сілекей безі қос құрсақты бұлшық еттің
жоғарғы жағында орналасады.
Сілекей бездері құрылысы жағынан паренхималы мүше. Без
паренхимасын сілекей бөлетін соңғы бөлімдер мен шығару өзектері құрайды.
Соңғы бөлімдер мен майда шығару өзектері (ендірме, жолақты бөлікшелер іші
өзектері) бөлікшелер ішіндегі тым жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар
арқылы
байланысып бірігіп, без бөлікшелерді түзеді. Бөлікшелер бір-бірінен
бөлікшелер аралық борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы бөлінген.
Ірішығару өзектері бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықта орналасады.
Құлақтүбі безінің соңғы бөлімдері сірлі сілекей (құрамында ферменттер бар)
бөлетін сероциттерден, ал төменгі жақ және тіласты бездерінің соңғы бөлімдері
сірлі және кілегейлі (құрамында кілегей — муцин болады)
сілекей бөлетін
сероциттер мен мукоциттерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: