113
Шошқаныңқарны да өңеш-ішек типтес қарындар түріне жатады. Кіреберіс
маңындағы қарынның үлкен иінінде қарын буылтығы(дивертикул) - болады.
Кілегейлі қабығының безсіз бөлігі онша көлемді емес. Ол тек қарын
кіреберісінен буылтыққа дейінгі ғана аралықта жатады.
Кілегейлі қабықтың
қалғаны безді бөлік. Ол кардиальды, фундальды және пилорикалық аймақтарға
бөлінеді. Бұлардың ішінде көлемдісі кардиальды безді аймақ.
Қарын
қақпашасын (пилорусты) үлкен иін жағынан жарты ай
тәрізді қорғанша жастық,
кіші иін жағынам түймеше жастықтүзеді. Үлкен шарбы ішек ілмектері
аралығында жатады. Қарын құрсақ қуысының
сол жақ қабырғаастылық және
семсерше аумақтарында, 11-12 қабырға тұсында орналасады.
Кейде қарын
азыққа толған кезде, ол оң қабырғаастылық аумаққа сәл ғана ығысуы мүмкін.
Иттің қарны бір бөлімді безді қарындар түріне жатады. Үлкен
шарбы
құрсақ қабырғасының вентральды бетіне жанасып, оны ішек ілмектерінен бөліп
тұрады. Үлкен шарбының осылай орналасуы ішек ілмектеріне суық тиюден
сақтайды. Иттер сызды суык жерлерге бауырын төсеп жата береді. Қарын
құрсақ куысының сол қабырғаастылық және семсерше өсінді аумақтарында, 9-
12-інші қабырғааралық тұстарда орналасады. Оң қабырғаастылық аумақта
қарынның тек пилорустық бөлігі ғана жатуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: