А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет62/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Қатты және жұмсақ таңдай мен ауыз қуыс түбінің құрылысын сипаттап 
беріңіз? 
2 Тіл құрылысын сипаттап беріңіз? 
3 Қандай емізікшелер тілде орналасқан. Оны атап беріңіз? 
 
 
11.5 Құлақтүбі безі, төменгі жақ безі, тіласты безі мен жұтқыншақ 
Сабақтың мақсаты: Құлақтүбі безі, төменгі жақ безі, тіласты безі мен 
жұтқыншақтың құрылысын игеру 
 
Құлақтүбі безі — glandula parotis — немесе шықшыт сілекей безі сыртқы 
есту жолының төменгі жағына ала, жақ пен атлант аралығында орналасқан 
көлемді без(cурет 38). Құрылысы жағынан күрделі көпіршікше –түтікше 
бездерге жатады. Ол сірлі сілекей бөледі. Шықшыт безі көптеген бөліктерден 
тұрады. Бұл бөліктерден басталатын өзектер өзара бірігіп, шықшыт безінің 
жалпы өзегін— ductus parotideus түзеді. Ол жақаралық кеңістіктегі қанатша 
бұлшық еттің медиальды бетімен алға қарай ұрт аумағына бағытталып, төменгі 
жақтың вентральды бетіндегі тамырлы ойық арқылы төменгі жақ сүйектің 


105 
латеральды бетіне шығады. Бұдан соң, ол үлкен шайнау бұлшық етінің 
алдыңғы жиегімен жоғары қарай көтеріліп, 3-4-інші жоғарғы азу тістердің 
деңгейінде ұрттың кілегейлі қабығындағы бүртікке — papilla salivalis ашылады.
Ерекшеліктері: Жылқы құлақтүбі (шықшыт) сілекей безінің пішіні 
сопақша келіп, төртбұрышты да көлемді болып келеді. Оның түсі сұрғылт 
қызыл немесе сарғыш-қызыл болып келеді. Күйіс қайтаратын жануарлардың 
шықшыт бездері көлемді, едәуір үлкен келеді. Олардың пішіндері ұзынша, түсі 
қоңыр-қызыл. Бездің дорсальды бөлігі қалыңдау болады. Шошқа шықшыт 
безінің пішіні үшбұрышты және сәл дөңгелекше болып келеді. Сілекей 
бездерінің ішінде көлемі жағынан екінші орын алады.
Төменгі жақ безі—glandula sub-maxillaris — төменгі жақ аралық 
кеңістікте орналасады. Оның артқы бөлігін шықшыт безі сыртынан жартылай 
жауып жатады. Без өзегі — ductus submaxillaris — оның жоғарғы жиегімен алға 
қарай бағытталып, тіласты жақ бұлшық еттің алдыңғы және артқы бөліктерінің 
аралығынан өтеді де, тіласты безінің медиальды бетімен өтіп, тіласты 
сүйелшеге келіп ашылады. Төменгі жақ безі сілті-кілегейлі (аралас) сілекей 
бөледі.
Ерекшеліктері: Жылқы төменгі жақ сілекей бізінің пішіні ұзынша келеді. 
Оның жоғарғы жиегі атлантқа дейін жетеді, ал төменгі бөлігі жақаралық 
кеңістікте жатады. Көлемі жағынан шықшыт сілекей безінен сәл кішілеу келеді. 
Күйіс қайтаратын жануарларда төменгі жақ безі шықшыт безіне қарағанда 
көлемділеу, пішіні ұзынша, сарғыш түсті болды. Ол атлант пен төменгі жақ 
сүйегінің тамырлы ойығы аралығында орналасқан. Оң және сол жақ сілекей 
бездерін аталған аумақта теріастынан басып байқауға болады. Шошқаның 
төменгі жақ безі көлемі жағынан кішілеу, пішіні дөңгелектеу, қызғылт түсті 
келеді. Итте бұл без сілекей бездерінің ішіндегі ең көлемдісі, пішіні 
дөңгелекше, ақшыл-сары түсті. Ол шықшыт безінен төмен орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет