А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет69/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында, семсерше өсіндінің жоғарғы 
жағында орналасады. 6-7-нші қабырға аралық тұста оның жоғарғы жағы бауыр 
және қатпаршақпен, ал оң жағы бауыр және диафрагмамен жанасады. 
Жұмыршақ — reticulum — көлемі жағынан сиырда қатпаршақтан кіші, қой 
мен ешкіде, керісінше, үлкен болып келеді. Орналасу орындарына байланысты 
алдыңғы көкеттік беті (facies diaphragmaticum), артқы висцеральды беті (facies 
visceralis) болады. Өңештен жұмыршақ қабырғасына жұмыршақ сайы (sulcus 
reticuli) өтеді. Жұмыршақ сайының оң және сол ернеулері (labium dextrum et 
sinstrum) жас төлдерде бір-бірімен тығыз жанасып тұрып, сүттің мес қарынға 
түспеуін қамтамасыз етеді. Жұмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі 


115 
аралықта спираль тәрізді бұралып жатады. Осының нәтижесінде жұмыршақ 
сайының оң ернеуі қатпаршаққа өту алдында, оның сол жағына ауысады. 
Жұмыршақ қабырғасының құрылысы мес қарын қабырғасы құрылысына 
ұқсас, үш қабықтан тұрады. Кілегейлі қабық қабаттарының құрылысы мес 
қарынның кілегейлі қабығына ұқсас, Көпқабатты жалпақ эпителиймен 
астарланған кілегейлі қабығының ішкі бетіндегі қозғалмалы қатпарлар, пішіні 
көпбұрышты жұмыршақ торламасын түзеді. Жұмыршақтың етті қабығы 
сыртқы көлденең, ішкі ұзынша қабаттардан тұрады. Жұмыршақ сыртынан сірлі 
қабықпен қапталған. 
Жұмыршақ көкеттен кейін, мес қарынның алдында, құрсақ куысының 
семсерше шеміршек аумағында орналасады Жұмыршақ мес қарынмен мес 
қарын-жұмыршақ тесігі, ал қатпаршақпен саңылау тәрізді жұмыршақ-
қатпаршақ тесігі арқылы қатысады. 
Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырға астылық аумағында жатады. 
Оның сол жағында мес қарын, оң және жоғарғы бетінде бауыртөменгі бетінде 
ұлтабар орналасады 
Қатпаршақ – omasum – жұмыршақтың жоғарғы жағында, құрсақ 
қуысының оң қабырғаасты аумағында орналасады. Ол пішіні дөңгелекше 
келген алдыңғы қарынның бөлімі. Қатпаршақ жұмыршақты ұлтабармен 
жалғастырып тұрады, Қатпаршақ жұмыршақ пен ұлтабардың бір-бірінен 
жіңішкелеу келген мойны арқылы бөлінетін жерінің жоғарғы бетінде 
орналасады. Қатпаршақтың да қарынның алдыңғы бөлімдеріне тән қабырғалық 
және висцеральды беттері мен дорсальды иіні болады. Қатпаршақтың қуысы 
жұмыршақпен жұмыршақ-қатпаршақ тесігі,ұлтабармен қатпаршақ-ұлтабар 
тесігіарқылы қатысады. Бұл тесіктер өзара қатпаршақ сайымен жалғасады. 
Қатпаршақтың аталған сай өтетін бөлігін қатпаршақ түбінемесе қатпаршақ 
негізі— дейді. Қатпаршақтың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Қатпаршақтың 
кілегейлі қабығының құрылысы мес қарынның кілегейлі қабығы құрылысына 
ұқсас. Ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабықтың 
ішкі бетінде жапырақ тәрізді жалпақ катпарлар болады. Қатпаршақ 
жапырақшаларының бетінде азықты сығып ұсақтауға арналған бүртіктер бар. 
Пішіні мен мөлшеріне байланысты жапырақшалар төрт түрге бөлінеді. Олар: 
үлкен, орташа, кіші және тым кіші жапырақшалар. Олар қатпаршақ негізімен 
біріге отырып, қатпаршақ өзегін(canalis omasi) түзеді.Аталмыш өзек одан әрі 
қатпаршақ-ұлтабар сайына (ostium omasoabomasicum) жалғасып, қатпаршақ-
ұлтабар тесігінің төменгі жиегін құрайды. Қатпаршақтың етті қабығын да 
бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаттары түзеді. Ол сыртқы ұзынша, ішкі 
көлденең қабаттардан тұрады. Ішкі көлденең етті қабаты қатпаршақ ұлтабар 


116 
тесігі қабырғасындағы қысқыш еткеайналады. Қатпаршақ сыртынан сірлі 
қабықпен қапталған. 
Қатпаршақтың үлкен жапырақшаларының саны: сиырда — 12-14; қойда — 
9-10; ешкіде -10-11 болады. 
Ұлтабар құрсақ қуысының оң қабырға астылық аумағында орналасқан. 
Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді. Ұлтабардың жіңішкерген 
пилорустық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12-нші қабырғааралық 
тұсқа дейін көтеріліп, ол ғана алға қарай бұрылады да, 9-11-інші қабырғааралық 
тұста ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) өтеді. Ұлтабардың оң жағы бауырмен, 
сол және алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы жағында ішектер 
жатады. Ұлтабар— abomasum — құрсақ қуысының оң қабырғаасты аумағында 
орналасады. Оның пішіні мен құрылысы бір бөлімді бездіқарынға ұқсас. 
Ұлтабар көп бөлімді қарынның химиялық жолмен азықты қорыту процесі 
басталатын бөлімі. Сондықтан, оны нағыз қарын— деп те атайды. Ұлтабардың 
пішіні алмұрт тәріздесболып келеді. Көлемі жағынан ол сақа жануарларда 
екінші, ал жастөлдерде бірінші орында. Ұлтабардың париетальды және 
висцеральды беттері, үлкен және кіші иіні, денесі және түбі болады. Ол 
қатпаршақтан кең куысты болып басталып, ұлтабардың пилорустық бөлігіне 
дейін жіңішкеріп келеді де, дорсальды бағытта сәл иіліп, ұлтабар ұшына (он екі 
елі ішекке)ауысады. 
Иірімді қатпарлардың саны сиыр ұлтабарында— 12-16, қойда — 5, ешкіде — 
16-17 болады.Ұлтабардың етті қабығы сыртқы ұзынша және ішкі сақинаша 
біріңғай салалы ет ұлпасы қабаттарынан түзілген. Ұлтабардың пилорустық 
бөлігіне жақындаған сайын, етті қабықтың сақинаша қабаты қалыңдап, 
қақпакқша (пилорус) қысқыш етін жасайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет