119
ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін (ansae intestinalis) түзеді.
Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.
Ерекшеліктері. Жылқыда аш ішектің ұзындығы орта есеппен 19-30 м,
диаметрі 6-7 см-дей болады. Ішек бүйеннің
алдыңғы жағында ұзын
шажырқайға ілініп тұрады. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысының жоғарғы
және ортаңғы бөлігін алып жатады. Сиырда аш ішектің ұзындығы 40 м,
диаметрі 5-6 см, ал ұсақ малдарда - 30 м, диаметрі — 1,5 - 2 см болады. Күйіс
қайтаратын жануарлардааш ішек басқа жануарлармен
салыстырғанда қысқа
шажырқайға ілінген. Ол көптеген ілмектер түзеді. Аш ішек түгелімен
құрсақ
қуысының оң бөлігінде орналасады. Шошқадааш ішектің ұзындығы 15-20 м
болады, ішек ілмекі ұзын шажырқайға ілінген. Ит аш ішегінің ұзындығы 2-7 м.
Ішектің ішкі бетінде қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіншелері
көптеп
кездеседі.
Мықын ішек (подвздошная кишка) — inlestinum ileum — ащы ішектің ең
қысқа бөлігі (сиырда 50 см, қойда 20- 25 см, жылқы' мен шошқада 30 см, итте
— 10-20 см). Ол аш ішектен түзуленіп шығып, жылқыда бүйенге,
қалған
жануарларда бүйен мен тоқ ішектің шекарасына ашылады.
Оның тоқ ішекке
ашылар
тесігінің қабырғасында, мықын ішек бүртігінің
негізін құрайтын
қысқыш ет болады.
Ерекшеліктері.Жылқыдамықын ішектің ұзыңдығы 30 см, құрсақ қуысының
оң бүйірлік аумағында жатады. Ол бүйеннің кіші иіні тікелей ашылады. Күйіс
қайтаратын жануарлардамықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасына, 4 — бел
омыртқа тұсында ашылады. Шошқадамықын
ішек тоқ ішектің алдыңғы оң
жағының жоғарғы бетіне шөлмек тәрізденіп ашылады. Осы тұс бүйен мен тоқ
ішек шекарасы болып табылады. Итте де мықын ішек бүйен
мен тоқ ішек
шекарасындағы іш бүртігіне, 1-2-нші бел омыртқалар тұсында ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: