А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет70/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Мес қарынның, жұмыршақ пен қатпаршаның гистологиялық құрылысының 
ерекшеліктері. 
2 Көп камералы қарынның орналасуы мен құрылысының ерекшелігін айтып 
беріңіз. 
 
 
11.8 Ащы ішек 
Сабақтың мақсаты: Ащы ішектің құрылысын игеру 
Ащы ішек – intestinum tenue - қарын мен бүйенің аралығында орналасқан 
азық қорыту аппаратының ортаңғы бөлімі(cурет 40). Ащы ішекте қарында 


117 
жартылай қорытылған жын құрмындағы қоректік заттар (белоктар, майлар, 
көмірсулар) қабырғалық жалпы ішектік бездің, ұйқы безінің сөлдері 
құрамындағы ферменттердің әсерінен және бауырдан келген өттің қатысуымен
өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, химиялық өңдеуденөтіп 
қорытылып, қорытылған қоректік заттар ащы ішек бүрлеріндегі эпителий 
қабаты арқылы сорылып, қанға және лимфағасіңіріледі. Сондықтан, ащы 
ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен жеткілікті дәрежеде 
қамтамасыз етілген. Ащыішектің ішкі бетіндегі көптеген қатпарлар мен ащы 
ішек бүрлері ішектің ішкі беті ауданының көлемін арттырады. 
Қабылданатын азықтың түрлеріне (жануар текті, өсімдік текті, аралас) 
байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар 
текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал өсімдік текті азықпен 
азықтанатын жануарлардың ішегі өте ұзын болады. Талғаусыз жануарлар 
(мысалы: шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді.
Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек және мықынішектен 
құралады. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне аталмыш ішектерден 
басқа, өзектері он екі елі ішекке ашылатын ірі ас қорыту бездері бауыр мен 
үйқы безі жатады. 
Он екі елі ішек (двенадцатиперстная кишка)— Intestinum dudenum — 
жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см-ден бастап 120 см дейін,
қысқа шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол 
қарынның кақпақша бөлігінен басталған бойда S әрпі тәрізді иілім —flexura 
sigmoidea жасай бауырға бағытталып, одан әрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді 
де, солға және алға қарай бұрылып, шекарасыз аш ішекке өтеді. S әрпі тәрізді 
иілім аумағында он екі елі ішек қуысына бауыр мен ұйқы безі өзектері (сиыр 
меншошқадабөлек, ал жылқы, ұсақ малмен иттебірге) ашылады. Он екі елі 
ішектін кілегейлі асты негізінде, өзектері ішек қуысына ашылатын арнайы 
дуоденальды безібөлады. 
Он екі елі ішек үй жануарларында негізінен құрсақ қуысының оң қабырға 
астылық аумағында орналасады. Бауыр мен ұйқы безінің негізгі өзектері он екі 
елі ішек қуысының алдыңғы бөліктеріне бірге ашылып, он екі елі ішектіңүлкен 
бүртігін(papilla duodeni major) жасайды. Ал ұйқы безінің қосымша өзегі ішек 
қуысының артқы бөліктеріне келіп ашылып, он екі елі ішектің кішібүртігін 
(papilla duodeni minor) жасауға катысады. 
Ерекшеліктері. Жылқыдаон екі елі ішектің ұзындығы 1 метрдей болады. 
Қарыннан шыққан соң, оның қуысы кеңейіп, он екі елі ішек ампуласын 
(ampulla duodeni) түзеді. Бұдан соң, ол құрсақ қуысының оң бүйіріндегі 
бауырдың бетімен төмен қарай таға тәрізді иілім жасап, ұйқы безінің денесін 
айналып өтеді. Ішектің осыбөлімі, оның темендеген бөлігін(pars descendens) 


118 
құрайды. Одан әрі он екі елі ішек бауырдың оң бөлігін бойлай, оң бүйрекке 
қарайкөтеріле бағытталып, өрлеме бөлікті(pars ascendens) түзеді. Екінші және 
үшінші бел омыртқа тұсында ішек оң бүйректің артын ала солға бұрылып, 
каудальды иілім түзеді де, шажырқай түбірлері арасымен көлденең бөлікті(pars 
transversa) жасап, аш ішекке өтеді. Он екі елі ішек бауырмен сірлі қабық 
арқылы жалғасып, бауыр-он екі елі ішек байламын (ligamentum 
hepatoduodenale), бүйрек және бүйенмен байланысып, бүйрек-бүйен-онекі елі 
ішек байламын (ligamentum reno-caeco-duodenale), шажырқай түбірімен 
жалғасып, он екі елі ішектің көлденең байламын (ligamentum transversum 
duodeni), кіші тоқ ішекпен байланысып, он екі елі-тоқ ішек байламын 
(ligamentum duodenocolicum) түзіп, аталған мүшелермен байланысып тұрады. 
Он екі елі ішек бүртігі пилорустан 10-12 см аралықта орналасады. 
Күйіс қайтаратын жануарларда он екі елі ішекұлтабар ұшы – деп аталады. 
Оның ұзындығы 70-120 см -дей болады. Ол ұлтабардан 9-11 қабырғалар 
тұсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың бетінде онекі елі 
ішектің краниальды иілімін(flexure duodeni cranialis) түзеді. Бұдан соң, ол 
бауырдан каудальды бағытта оң бүйректің төменгі жиегін бойлай жамбас 
қуысының кіреберісіне дейін созылады да, медиальдыбағытта бұрылып,ұлтабар 
ұшының каудальды иілімін (flexure duodeni caudalisжасайды. Бұдан кейін, ол 
бел бұлшық еттерімен жанасақайтадан бауырға карай бағытталып, оның 
маңында он екі елі-аш ішек иілімін(flexura duodenojejunalis) түзіп, аш ішекке 
өтеді. Бауырөзегі он екі елі ішекке сиырдапилорустан 50-70 см -дей, ұсақ 
малдарда 25-40 см қашықтықта ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі сиырда бауыр 
өзегінен 30- 40 см -дей кейінірек, ал ұсақ малдардабауыр өзегіменбірігіп, бір 
бүртікке ашылады. 
Шошқа он екі елі ішегінің ұзындығы 40-80 см-дей болады. Ол құрсақ 
қуысының оң қабырға астылық аумағында орналасады. Бауыр өзегіпилорустан 
2-5 см, ал ұйқы безінің өзегі 15-25 см қашықтықта ашылады. 
Иттің он екі елі ішегі ұзын шажырқайға ілінгендіктен, олқозғалмалы 
келеді. Ішек негізінен төмендеген және өрлеме бөліктерден тұрады. Ол 
қарыннан шыққан соң, жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылған 
төмендеген бөлікті құрайды. Бұл бөлік оң қабырға астылық және оң бүйірлік 
аумақтарда орналасады. Бұдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға 
қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан қарынға 
қарай бағытталып, ішектің өрлеме бөлігін жасайды да, қарын маңында аш 
ішекке өтеді. Өт пен ұйқы һзектері бірігіп, пилорустан 3-8 см-дей 
қашықтықтағы бүртікке ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет