122
ligamentum teres, ал оң бөліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен
байланыстыратын жұмыр байламның
жалғасы орақша байлам, одан әрі қысқа
көлденең немесе тәждік байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам
өз кезегінде екіге ажырап, оң және сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum
triangulare dextrum et sisnistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена
(v.portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы
құйрықты бөлікке (lobus caudatus) және төменгі шаршы (квадратты) бөлікке -
lobus quadratus бөлінеді. Құйрықты
бөлік деп аталу себебі, бұл бөлікте көп
жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сөйтіп,
бауырда төрт: оң, сол, шаршы және құйрықты бөліктер ажыратылады. Аталған
бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тән. Жылқыда оң бөлік қосымша ойық
арқылы латеральды және медиальды бөліктерге — lobus dexter lateralis et
medialis, ал шошқа мен итте оң бөлікпен қатар сол бөлік ие екіге: латеральды
және медиальды бөліктерге — lobus dexter et sinister lateralis et medialis –
бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis)
жақсы көрінеді.
Ерекшеліктері: Жылқы бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі
латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Бауыр өзегі қабырғаастылық
аумағында орналасқан. Бірақ, оның сол бөлігі
сол қабырғаастылық аумағына
аздап өтеді. Күйіс қайтаратын жануарлардабауыр оң қабырғаастылы аумақта, 8
-інші қабырғадан соңғы қабырғаға дейінгі аралықта жатады. Бауыр бөліктері
нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішіндес болып келеді. Оның вентральды
ұшы бауыр жиеігінентөменірек түсіп тұрады. Шошқабауырының оң және сол
бөліктері өз кезегінде латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Оның
денемен салыстырмалы мөлшері, таза шөп қоректі
жануарларға қарағанда
үлкендеу болып келеді, құйрықты бөлігі оң бүйрекпен жанаспайды. Бауыр оң
қабырғаастылық аумақта, 14 -інші қабырға тұсына дейінгі аралықта жатады.
Сол қабырғаастылық аумаққа сәл ғана өтеді. Итбауырының салыстырмалы
мөлшері басқа жануарлаға қарағанда көлемді келеді. Оң және сол бөліктері
латеральды жәнемедиальды бөліктерге бөлінген.
Құйрықты бөлікте қосымша
емізікше өсінді
(processus papillaris) болады. Бауыр оң және қабырғаастылық
және семсерше өсінді аумақтарында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: