128
центрифугальды оралымдар түзеді де, артқа қарай иіліп, тік ішекке айналады.
Центрифугальды оралымның қабырғасы тегіс.
Ит тоқ ішегінің пішіні таға тәрізді болып келеді. Ол бүйеннен
шыққан
бойда құрсақ қуысының оң жағымен алға қарай бағытталып, оң бөлікті, одан
соң көкеттің бойымен солға бұрылып,
диафрагмальды бөлікті, содан кейін
құрсақ қуысының сол жағымен артқа қарай бағытталып, сол бөлікті құрайды.
Сол бөлік жамбас қуысына бағытталып, тік ішекке өтеді.
Кіші тоқ ішегі - colon tenue—үлкен шеңберлі
ішектің оң дорсальды
негізінің жалғасы болып келеді. Оның диаметрі үлкен емес, яғни ішектің
барлық ұзындығы бойынша бірдей (екі таспа мен екі қалташа). Ішек ұзын
шажырқайда ілініп тұрады да, ілмек құрайды. Жамбасқа жақын мықын ішектің
сол жағында жатыр. Осыдан, кіші тоқ ішек тік ішекке ауысады.
Иттің кіші тоқ ішегі 3 бөліктен тұрады: 1) оң жақты басталу бөлігі, он екі
елі ішектен медиальды түрде
асқазанға дейін жалғасады; 2) қысқа көлдене
бөлігі және 3) сол жақты төменгі бөлігі, сол жақ бүйрек астына бағытталып,
құйымшақ бөлігінде жазық қатпар түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: