А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет88/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Өкпе негізін қандай құрылымдар қалыптастырады? 
2 Өкпенің негізгі анатомиялық бөліктерін атандар (бетін, шетін және 
бөліктерін)? 
3 Өкпе бронха ағашының бөлімінің ауа кіретін құрамына не кіреді? 
13 Зәр бөлу мүшесі 
Зәр бөлу мүшелеріне – бүйрек, несепағар, қуық және несепшығар өзек жатады.


143 
13.1 Бүйрек 
Сабақтың мақсаты: Бүйректің құрылысын игеру 
Бүйрек (почка) — renes — пішіні бұршақ тәріздес, қызыл - қоңыр түсті, 
қомақты жұп мүше(cурет 46). Ол негізгі зәр бөлу мүшесі. Бүйрек организмдегі 
қан қысымын және су-тұз алмасуын реттеуге де қатысады. Бүйрек құрсақ 
қуысының бел аумағында, бел омыртқалардың орталық бұлшық еттерінің 
төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол сыртынан бүйрек майы 
қапшығымен (capsula adiposa) қапталған Оның төменгі беті құрсақ қуысы сірлі 
қабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төменгі және екі бүйір беттері ғана 
қапталған. Бүйректің ішкі медиальды ойыс бетіндегі қан, лимфа тамырлары мен 
жүйкелер енетін жерін бүйрек қақпасы(hulus renalis)— деп атайды. 
Бүйректі қақ жарып кесіп қарағанда, оның кескінінде бір-бірінен 
айқынажырайтын үш аймақ көрінеді. Олар: бүйректің сыртқы фиброзды 
қапшығымен жанасып жатқан шеткі қызғылт-қоңыр түсті несептүзгіш 
қыртысты аймақ(cortex renis), ішкі несеп өткізгіш бозғылт аймақ(medulla renis) 
және осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлары өтетін 
шекаралық аймақ(zona intermedia). 
Бүйректің қыртысты аймағында қаннан зәрдің түзілуін іс жүзіне 
асыратын қоңыр-қызыл түсті кептеген ұсақ бүйрек денешіктері(corpusculis 
renis) мүшенің сыртынан ішіне қарай қатарласып орналасады. Оларды бір-
бірінен сәуле тәрізді өтетін ішкі өзекшелер қатарлары ажыратып тұрады. 
Бүйрек денешіктерінің құрылысын микроскоп арқылы ғана анық көруге 
болады. Ішкі бозғылт аймақ бүйрек пирамидаларынан(pyramides renales) 
құралған. Пирамидалардың табандары бүйректің шетіне қарай орналасып, 
олардан бүйректің қыртысты аймағына қарай ішкі сәулелер кетеді. Ал 
бүйректің ішкі жағына қарай бағытталған пирамидалардың төбелері бүйрек 
емізікшелері(papilla renalis) — деп аталады. Шекаралық аймақтағы доғалық 
артериялардан бүйректің қыртысты аймағына сәулелі (радиальды) артериялар 
тарамдалады. Аталған артериялардың екі жағында қатар-қатар болып, бүйрек 
денешіктері орналасады. 
Бүйректің түрлері.Бүйректерді жіктеудің негізі етіп, бүйректің бастапқы 
құрылымдық бірлігі — бүйрекшелер алынған(cурет 47). Бүйрекшелерде де, 
бүйрекке тән үш аймақпен пирамидалар емізікшелері және оларға жанаса 
жалғасып жатқан бүйрек тостағаншалары болады. Бүйректің бүйрекшелері бір-
бірімен өзара зәр шығару өзектері және дәнекер ұлпасы арқылы әр түрлі 
дәрежеде байланысып бірігіп, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда сыртқы 


144 
және ішкі морфологиялық құрылысына байланысты бүйректің көптеген түрлері 
ажыратылады. Олардың құрылысын салыстырып сараптай келе, бүйректің 
жануарларда жиі кездесетін негізгі төрт түрінің құрылысымен төменде 
танысамыз. Оларға: көптік, тілімді көп емізікшелі, тегіс көп емізікшелі және 
тегіс бір емізікшелі бүйректер жатады. 
Көптік бүйрекбір-бірімен зәр шығару өзектері — бүйрек сабақшалары 
арқылы байланысып жатқан көптеген майда жеке бүйрекшелерден тұрады. Әр 
бір бүйрекше сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Бүйрекшенің 
кесіндісінде бір-бірінен анық ажырайтын үш аймақты байқауға болады. 
Қапшыктың астындағы қыртысты аймақ зәр бөлу аймағы. Бұл аймақты бүйрек 
түтікшелері нефрондардың денешіктері мен проксимальды және дистальды 
бөлімдерінің ирек түтікшелері құрайды. Бүйректің бұндай түрі теңіз 
сүтқоректілерінде (китте, итбалықта, ақ аюда т.б. болады). 
Тілімді көп емізікшелі бүйрекбүйректің сыртқы жағы бір-бірінен 
тілімделіп бөлініп, қосыла қоймаған, ал ішкі жақтары толық қосылып бірігіп 
кеткен бүйрекшелерден құралған. Сондықтан, бүйректің сыртқы беті тілімделіп 
тұрады. Ал кесіп қарағанда, бүйрек көп емізікшелерден (бірігіп кеткен бұрынғы 
жеке бүйрекшелердің бозғылт аймағы) тұрады. Емізікшелер түтікшелері іші 
қуыс тостағаншаларға ашылады. Тостағаншалардан шығатын іші қуыс 
сабақшалар бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, олар өз кезегінде өзара 
қосылып, несепағарды құрайды. Бұндай бүйрек сиырда болады. 
Тегіс көп емізікшелі бүйрекшошқада, маймылдарда және адамда болады. 
Бүйрек сыртынан қарағанда тегіс болғанымен, ішкі кескінінде көптеген 
емізікшелерден тұрады. Бұларда да, емізікшелер түтіктері тостағаншаларға 
ашылып, олардан шығатын қысқа сабақшалар бірігіп, бүйрек қақпасы 
маңындағы қуыс мүше — бүйрек түбегінеашылады. Бүйрек түбегінен 
несепағар шығады. 
Тегіс бір емізікшелі бүйрекбарлық жыртқыш жануарларда, қойда, ешкіде, 
жылқыда, түйеде т.б. көптеген жануарларда болады. Бүйрекшелердің барлық 
аймақтары бірігіп кетеді де, бірыңғай орналасқан қыртысты, шекаралық және 
бозғылт аймақтарды түзеді. Бүйректің сырты тегіс, ішкі кескінінде бір емізікше 
көрінеді. Емізікше түтікшелері бүйрек түбегіне ашылады. Тостағаншалар мен 
сабақшалар болмайды. 
Бүйрек кұрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның паренхимасын 
жануарлардың түрлеріне байланысты 1 - 8 миллиондай бүйрек түтікшелері — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет