145
46 - сурет. Тегіс көп емізікшелі бүйректің анатомиялық-гистологиялық
құрылысы
Ерекшеліктері.Жылқы бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады.
Оның оң бүйрегінің пішіні жүрекке ұқсас, ал сол бүйрегі
лобия тәріздес
болады. Бүйрек түбегінде мүшенің алдыңғы және артқы ұштарына қарай
созылып жатқан бүйрек жолдары көрінеді.Бүйрек пирамидаларының саны —
10-12. Сиырбүйректері тілімді көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек түбегі
болмайды,
оның орнында бүйрек емізікшелерінен шығатын бүйрек сабақшаларының
бірігуінен түзілген екі негізгі өзек — несеп жолдарыболады. Олардың қосылуы
нәтижесінде бүйректен зәрді қуыққа алып шығатын несепағар пайда болады.
Бүйрек пирамидаларының саны — 8-22. Қой мен ешкібүйректері
тегіс
біремізікшелі бүйрек. Бүйрек пирамидаларының саны - 10-16. Оң бүйрек құрсақ
қуысы бел аумағында жатады. Шошқабүйректерінің пішіні лобия тәрізді, тегіс
көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек пирамидаларының саны — 10-12.
Олардың
әрқайсысы тостағаншалармен қоршалып, жақсы жетілген бүйрек түбегіне
ашылады. Екі бүйрек те
бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң және сол
жақтарында, 1-4-інші бел омыртқалар тұсында қатар орналасады. Ит бүйректері
тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Емізікшесінің пішіні тараққа ұқсас.
Бүйрек пирамидаларының саны — 12-17.
146
47 - сурет. Бүйректің топографиясы (вентральды жағы)
Бақылау сұрақтары:
1 Әртүрлі ауыл шаруашылық жануарлардың бүйрегінің топографиясы мен
анатомиялық құрылысы қандай?
2 Бүйректің гисто құрылымын сипаттап беріңіз?
3 Нефронның түйіршігі және бүйректің
жұмыс істеу механизімінің
құрылысы жайлы айтып беріңіз?
13.2 Несепағар, қуық пен несепшығар өзек
Достарыңызбен бөлісу: