А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


ріне тəн: мақсатты нарықты таңдау (бүкіл сала шегінде)



Pdf көрінісі
бет134/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   165
Маркетинг (1)

ріне тəн: мақсатты нарықты таңдау (бүкіл сала шегінде) 
жəне стратегиялық артықшылық (бірегейлік немесе баға) 
баламаларын қарастырады
Базалық стратегиялар: шығындар бойынша артықшылықтар
дифференциация, шоғырлану. 
Фирма шығындар бойынша артықшылықтар стратегиясын 
қолдану кезінде кең нарыққа бағдарланады жəне тауарларды 
үлкен көлемде шығарады. Ол жаппай өндірістің көмегімен мен-
шікті шығындарды барынша азайтып, төмен бағаларды ұсынады. 
Компания көптеген адамдар үшін тартымды тауарларды шығарады. 
Оларды тұтынушылар дизайнына, сипатына, қолжетерлігіне, 
сенімділігіне жəне т.б. байланысты бірегей тауарлар деп қарастырады. 
Нəтижесінде, баға соншалықты маңызды рөл атқармайды жəне 
тұтынушылар тауарлық маркаға жылы көзқараспен қарайды. 
Компания шоғырлану стратегиясының шегінде төмен бағалар 
немесе бірегей ұсыныс арқылы өзгеше сегментті анықтайды. Ол 
шығындарды өз күшін өзгеше тұынушыларға арналған бірнеше 
негізгі тауарларға жəне бəсекелестер қанағаттандыра алмаған 
нарыққа қызмет көрсету барысында ерекше бедел қалыптастыруға 
шоғырландыру арқылы бақылай алады. 
Портердің үлгісіне сəйкес, нарықтағы үлес пен табыстылықтың 
арасындағы тəуелділіктің формасы 8.3.4. суретте көрсетілгендей, 
U сипатында болады. Нарықтағы үлесі шағын фирма шоғырланған 
стратегия жасау арқылы табысқа жете алады. Ал нарықтық үлесі 
үлкен компания жалпы шығындар бойынша артықшылықтар 
немесе дифференцияланған стратегияның арқасында жетістікке 
жетеді. Алайда, компанияның тиімді жəне бірегей өнімі немесе 
жалпы шығындар бойынша артықшылықтары болмаса, «орта 
жолда ақсап қалуы» мүмкін. 
Тактика берілген маркетингтік стратегияны жүзеге асыру мақ-
сатында нақты əрекеттер түрінде болады. 
8.3.4. сурет. Портердің жалпы стратегиялық үлгісіндегі нарықтағы 
үлес пен инвестициядан түсетін табыстың байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет