А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет137/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165
Маркетинг (1)

Маркетингтік мүмкіндік — нақты фирма бəсекелестік 
артықшылыққа қол жеткізе алатын маркетингтік күш салудың 
тартымды бағыты. 
МІНДЕТТЕР МЕН МƏСЕЛЕЛЕР. Міндеттер фирма жоспары-
ның əрекет ету мерзімінде қол жеткізуге ұмтылатын мақсаттар 
түрінде тұжырымдалуы керек. Мысалы, басқарушы нарықтың 
15 % үлесін игеруді, баж салығын төлегенге дейін сатудың 20 % 
табыстылығына, салық төлегенге дейін салынған каптиалға 25 % 
пайдаға қол жеткізуді қалайды. 
Əлсіз


214
215
8.5. Маркетинг стратегиясы
Маркетинг стратегиясы — ұйымдық бірлік осыны басшы-
лыққа ала отырып, өздерінің маркетингтік міндеттерін шешу үшін 
қолданатын ұтымды, қисынды құрылым. Оған мақсатты нарық, 
маркетинг кешені жəне маркетингке жұмсалатын шығын деңгейі 
бойынша нақты стратегиялар кіреді. 
Мақсатты нарық. Маркетинг стратегиясында фирма өзінің 
негізгі күшін шоғырландыратын нақты сегменттер аталу керек. 
Бұл сегменттер бір-бірінен талғам көрсеткіштері, жауапты реакция 
жəне табыстылығы бойынша ерекшеленеді. 
Маркетинг кешені. Басқарушы маркетинг кешенінің жаңа 
тауар, жергілікті жерлерде сатуды ұйымдастыру, жарнама, өткізуді 
ынталандыру, баға, тауарды тарату сияқты элементтерінің жалпы 
сипаттамасын мазмұндауға тиісті. Əрбір стратегияны жоспардың 
алдыңғы бөлімдерінде баяндалған қауіптерді, мүмкіндіктер мен 
шешуші мəселелерді қалай ескеретіні тұрғысынан негіздеу қажет. 
БЮДЖЕТТЕР. Іс-шаралар жоспары басқарушыға маңызы 
жағынан табыстар мен шығындардың болжамы болып табылатын 
сəйкес бюджетті жасауға мүмкіндік береді. «Түсімдер» бағанасында 
сатылатын тауарлық бірліктердің саны мен орташа бағасына, таза 
салмағына қатысты болжам беріледі. «Шығындар» бағанасында 
өндірістің, тауар қозғалысының жəне маркетингтің шығындары 
көрсетіледі. Олардың арасындағы айырмашылық күтілген 
пайданың сомасын білдіреді. Жоғары басшылық ұсынылған 
бюджетті қарайды, оны бекітеді немесе өзгертеді. Бекітілетін 
бюджет материалдарды сатып алуға, өндіріс графигін жасауға
жұмыс күшіне деген қажеттіліктерді жоспарлауға, маркетингтік 
шараларды өткізуге негіз болады. 
БАҚЫЛАУ ТƏРТІБІ. Жоспардың соңғы бөлімінде барлық 
белгіленген міндеттердің орындалуын бақылау тəртібі көрсетіледі. 
Əдетте, мақсаттар мен бюджеттік қаржы бөлулер ай немесе тоқсан 
бойынша жазылады. Осы арқылы жоғары басшылық əрбір уақыт 
шегіндегі нəтижелерді бағалап, алдарына қойылған мақсатты 
міндеттерге қол жеткізе алмаған өндірістерді анықтай алады. Бұл 
өндірістердің басқарушыларына жағдайға қатысты түсіндірме 
беріп, жағдайды түзеу үшін қандай шаралар қабылдайтындарын 
көрсетуге тура келеді. 
Маркетинг қызметінің басқарушысы өз фирмасының қызметіне 
қатысты өткізу реакциясының функциясын алдын ала қалай 
бағалай алады? Бұл үшін басқарушы бұрынғы сатулар, маркетинг 
кешенінің айнымалылары деңгейі туралы мəліметтер жинақтап, 
өткізу реакциясының функцияларын бағалайтын статистикалық 
əдіс бар. 
ӨТКІЗУ МҮМКІНДІКТЕРІН САРАЛАУ. Өткізу мүмкіндіктерін 
саралау іс жүзіндегі сатуларды жоспарлы сатулармен өлшеу жəне 
бағалаудан тұрады. 
НАРЫҚ ҮЛЕСІН САРАЛАУ. Егер, бұл үлес артса, фирманың 
бəсекелестік жағдайы күшейеді, егер азайса, фирма бəсекелестерінен 
жеңіле бастайды.
МАРКЕТИНГ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ӨТКІЗУДІҢ АРАСЫН-
ДАҒЫ ҚАТЫНАСТЫ САРАЛАУ. Маркетингке кеткен шығындар 
мен сату көлемінің арасындағы қатынасты тұрақты түрде бақылау 
фирмаға маркетингтік шығындарды тиісті дəрежеде сақтауға 
көмектеседі. 
КЛИЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫНАСТАРЫН ҚАДАҒАЛАУ. Клиент-
тердің қатынастарын байқаудың негізгі əдісі арыз-шағымдар мен 
ұсыныстар, тұтынушылық панельдер, клиенттерге сауалнама 
жүргізу жүйесі болып табылады. 
КӨРСЕТКІШТЕР НЕГІЗІНДЕ МАҚСАТТЫ ПАЙДАНЫ 
ЖОСПАРЛАУ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет