32
33
Электронды маркетинг — бұл
тауарды компьютерлік желі-
лерде электронды нарық арқылы сату. Электронды нарықтар
сатушы ұсынатын тауарлар мен қызметтерге
сипаттама беретін
ақпараттық құралдар болып табылады. Ол сатып алушыларға
ақпаратты іздеуге, өз тілектері
мен қажеттіліктерін анықтауға,
несие қаржы көмегімен тапсырыс жасауға мүмкіндік береді, сол
арқылы тауарды физикалық түрде үйге немесе сатып алушының
офисіне, яки электронды түрде (бағдарламаларды,
ойындарды,
ақпаратты) компьютерге жеткізіп береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе,
1.7.2. кестеде
маркетингтің негізгі белгілері бойынша, сондай-ақ қаржылық жəне
басқа да сыртқы органдарға қатысты түрлері ұсынылған.
1.7.2. кесте
Маркетингтің жіктелуі
Жіктелу белгілері*
Маркетингтің түрлері
Бағдарлану нысаны бойынша
● Өнімге бағдарланған маркетинг
● Тұтынушыға бағдарланған
маркетиг
Көлемі жəне нарық
сегментациясына байланысты
● Бұқаралық маркетинг
● Тауарлы-дифференцияланған
маркетинг
● Мақсатты маркетинг
● Шоғырланған маркетинг
● Сыналатын маркетинг
Жету мақсатына байланысты
● Коммерциялық маркетинг
● Коммерциялық емес маркетинг
Салалық
белгілері бойынша
● Өндірістік маркетинг
● Тұтынушы маркетингі
● Сауда маркетингі
● Банк маркетингі
● Сақтандыру маркетингі
● Мемлекеттік жəне қоғамдық
ұйымдар маркетингі
● Өзіндік маркетинг
Қызмет ету нысаны бойынша
● Макромаркетинг
● Аймақтық маркетинг
● Микромаркетинг
Кестенің жалғасы
Сұраныс жағдайы бойынша
● Конверсионды маркетинг
● Ынталандырушы маркетинг
● Дамытушы маркетинг
● Ремаркетинг
● Синхромаркетинг
● Қолдаушы маркетинг
● Демаркетинг
● Қарсы əрекет етуші маркетинг
Коммуникация құралдары
бойынша
● Тікелей маркетинг
● Электронды маркетинг
Ішкі орта түсінігіне кадрлардың біліктілігін арттыру,
оларды
дұрыс пайдалану, басқарудың жоғары қабаттарынан төменге жəне
керісінше ақпарат жіберу жүйесі, нарық жағдайы мен жалпы сыртқы
ортаның өзгерісіне қатысты құрылымның икемділігі кіреді.