А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет21/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   165
Маркетинг (1)

2. МАРКЕТИНГТІҢ НЕГІЗГІ 
ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ 
2.1. Маркетинг тұжырымдамасы түсінігі
Маркетинг тұжырымдамасы — нарықтағы фирманың немесе 
кəсіпорынның іс-қимыл стратегиясын анықтайтын басты ойы
бизнестің мақсаттары мен идеялары жүйесін таңдауы. 
Маркетинг тұжырымдамасы кəсіпорынның бизнес жəне марке-
тингте көздейтін мақсаттарын таңдауын немесе белгілеуін талап 
етеді. Кəсіпкерліктің басты идеясы фирманың немесе кəсіпорынның 
нарықта кемелденуіне көмектесетін бизнесті жүргізу тəсілін 
таңдауға бағытталған. Маркетингтің негізгі идеясы тəуелсіз нарық 
жағдайында фирманың немесе кəсіпорынның қызметін ұзарту жəне 
дамыту тəсілін қарастырады. Ол тұтынушының қажеттіліктері 
мен талғамын қанағаттандыру үшін қабылданатын шешімдерге 
негізделген. Бизнес пен маркетинг идеялары бір-бірімен өзара 
шамалас келеді.
2.2. Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы 
Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы тұтынушының кең 
тараған жəне бағасы қолжетімді тауарларға деген талғамдарына 
негізделген. Бұл технология мен өндірісті ұйымдастыруды үнемі 
жетілдіруді, бөліп тарату жүйесінің тиімділігін жоғарылатуды 
талап етеді. Сонымен қатар, басты назар нарықты қандай да бір 
тауармен немесе қызметпен тез қанықтыратын өндірістің ішкі 
мүмкіндіктеріне аударылады. Бұл тəсілді сұраныс ұсыныстан 
жоғары болғанда немесе өндірістің жекелеген тауарларға жұм-
сайтын шығындары жоғары болып, оларды өнімді жаппай өндіру 
есебінен жабу қажеттігі туғанда қолданған тиімді. 
Өндірістік тұжырымдама автомобиль кəсіпорындарында пайда 
болды. Себебі, XIX ғасырдың соңында автомобильдерді жаппай 
өндіру түрлі адамдар мен тауарлар нарығында тез жылжуды талап 
ететін АҚШ-тың өзекті сұранысын қанағаттандырды. 
Американдық шаруа отбасында дүниеге келген Генри Форд бұл 
қажеттілікті алғашқылардың бірі болып байқап, оны қанағаттандыру 
үшін, жалпыға арналған «Т» маркалы автомобильді шығарды. Ол 
аталмыш өндірістің ағымын жолға қойып, көптеген операцияларға 
жіктеді. Бұл еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа жүйесін 
жолға қойып, шығынды азайтты, өнімді жаппай қолдану үшін 
қолжетімді етіп, бағасын арзандатты.
Форд жаппай ағымдағы өндіріске ұқсас жаппай тұтыну жүйесін 
бірінші болып құрып, дүниежүзілік маркетинг тарихына енді. Бұл 
үшін өз жұмысшыларына Америкадағы орта жалақы деңгейінен 
екі есе көп еңбекақы төледі. Сонымен қатар, өндіріс шығындарын 
азды-көпті үнемдеді. Ол: «Бір жағынан — жоғары сапалы авто-
мобильдер, екінші жағынан — төмен баға, ал ортасында — менің 
менеджерлерімнің еңбегі мен өнері» деген сөзді жиі қайталайтын. 
«Т» маркалы автомобильдердің қара түсті болуы кездейсоқ емес, 
өйткені қара түсті бояу арзан еді жəне жылдам кебетіндіктен
кептіргіш құрылғыны қажет етпейтін. Осы бір арзанқол бұқаралық 
автомобиль американдық арманды материалдық құралдармен 
жүзеге асыруға — автомобильді сəн-салтанат бұйымынан қозғалыс 
құралына айналдыруға мүмкіндік берді. 
Святослав Федоровтың «Көз микрохирургиясы» офтальмоло-
гиялық клиникасының басшылығы өндірісті жетілдіру тұжырым-
дамасын ұстанды. Бұл клиника көз операцияларына сұраныс 
ұсыныстан айтарлықтай көп болған уақытта пайда болды. Жұмысты 
конвейер түрінде ұйымдастыру жүйесін енгізудің арқасында, 
бұл клиникада жасалатын операциялардың өзіндік құны басқа 
мекемелердегіге қарағанда арзан. Бірақ, қызмет көрсетілетін 
клиенттердің көптігіне қарамастан, клиниканың атына айтылатын 
шағымдар да кездеседі. Кейбіреулер пациентті дербес қарайтын 
басқа мекемелердің қызметіне жүгініп, көбірек төлегенді дұрыс 
көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет