Өткізу бойынша өкілетті агенттер барлық шығарылатын
тауарға құқықты иелене отырып, өндірушілермен келіссөздер
жасайды. Мұндай өндірушілер тауар өтіміне байланысты қыз-
метті мойнына алғысы келмейді немесе өзін осындай қызметке
дайын емеспін деп санайды. Өткізу бойынша өкілетті агенттер
өндірушінің өткізу бөлімі іспеттес қызметті атқарады жəне бағаға,
сату мерзімі мен шартына едəуір ықпал етеді. Өткізу бойынша
өкілетті агенттер мата өнеркəсібі, өнеркəсіптік жабдық, тас көмір,
кокс, химиялық зат, металл өндірісінде кездеседі.
Сатып алу бойынша агенттер əдетте өз сатып алушыларымен
ұзақмерзімді қатынастарды ресімдейді жəне оларға қажетті
тауарларды сатып алады. Сондай-ақ, көбіне бұл агенттер тауарды
сатып алғаннан кейін, сапасын тексеріп, қоймаларды ұйымдасты-
рады жəне тиісті жерге жеткізіп береді. Сатып алу бойынша
агенттердің бір түрі шағын қалалардағы бөлшек сауда дүкендерінде
стауға болатын ассортимент іздеп жүрген негізгі киім нарығындағы
жергілікті сатып алушылар болып табылады. Бұл сатып алушылар
терең білімді жəне өз клиенттеріне нарық туралы ақпарат береді,
сондай-ақ оларға айтарлықтай қолайлы бағамен анағұрлым сəйкес
тауарларды тауып береді.
Комиссионер-көтерме сатып алушылар (немесе комиссионер
фирмалар) — бұл тауарларға физикалық тұрғыдан меншікті
алатын жəне оларды сатуға дербес келісім жасайтын агенттер.
Олардың қызметіне көбіне өз беттерінше өткізумен айналысқысы
келмейтін жəне ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтердің
мүшелері болып табылмайтын фермерлер жүгінеді. Комиссионер-
көтерме саудагер тауар тиелген жүк көлігін орталық базарға алып
келіп, барлық партияны анағұрлым қолайлы бағамен сатады,
түскен ақшадан өзінің делдалдық ақшасын алып қалады да, қалған
соманы өндірушіге береді.
6.3.5. Өндірушілердің көтерме сауда бөлімдері мен кеңселері
Көтерме сауданың үшінші түрі тəуелсіз көтерме саудагерлерді
тартпай-ақ, сатушылар мен сатып алушылар жүзеге асыратын
операциялардан құралады. Мұндай қызметпен айналысатын
кəсіпорынның екі түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |