1.1 Этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік - мәдени негізі
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзаков зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева, Б.Бияров, З.Жанғабылова, А.Арысбаев, Г.Мадиева, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік ретінде оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенің көрсетті.
Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихы, шығу пайда болу жолы бар. Кісі есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, содан кейін кісі атттарын шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.
К.Маркс, Ф.Энгельс неке мен отбасы қалыптасуы туралы еңбегінде алғашқы қоғамдағы рулардың шығуын, олардың есімдерінің койылу тарихын ғылыми түрде кеңінен сипаттайды:
«Әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, ендеше әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді» - дейді Ф.Энгельс [30, 47 б.]. Осымен бірге, ертедегі рулар аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанын көреміз. Ол туралы Ф.Энгельс: «Кейбір рулардың аттары хайуандар аттарымен де аталатын болған. Сенеке тайпасында қасқыр, аю, тасбақа, құндыз, бұғы, балықшы, көкқұтан, бүркіт деген сегіз ру бар екен. Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді» [30, 49 б.]. Бұл хайуандар аттары әрі сол ру басының есімдері ретінде жұмсалған. Кейінгі этаптарда осы ру аттары адам аттарына ауысып отырған.
Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнайы ат беріледі. Ол ат бала туғаннан соң жеті күннен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі аттардың ана тіліміздің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай, Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Kүміс, Kүмісбек, Бектай, Барыс, Құтжан, Темірбек, Kүнбек т.б. Байқап отырғанымыздай, бұл есімдердің қойылуынан этномәдени уәж анықталады. Атап айтқанда, ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынып сыйынуға сәйкес мифтік таным негізінде қалыптасқан есімдер мыналар еді: Айсұлу, Айхан, Айдай, Kүнай, Күнбек, Айкүн, Таутай, Таубай, Kөлбай, Kөлтай, Бөрібай т.б.
Бұл жай туралы түрікмен ономастикасын зерттеуші З.Б.Мұхаммедова: «древнейшими, на наш взгляд, следует считать имена, восходящие к названиям атмосферных осадков, солнце, луны, растений, и животных» деп жазса, [31, 45 б.] өзбек антропонимикасы туралы Э.Бегметов: «Имена, Тангриберген, Тангриберди, Тангриқүл, Қуанышбек, Ойзада, Ойкон связаны с культом неба, солнца, и луны, являются ярким свидетельством поклонения и почитания людьми этих небесных и наземных «божеств», - дейді [32, 18 б.].
Қазақ ономастикасының негізін салушы ғалым-маман Т.Жанұзақовтың зерттеуінде қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға бастағаны, ондай алғашқы мақалаларға А.Е.Алекторовтың, А.Диваевтың көлемі жағынан тым шағын мақалалары жататыны көрсетілген.
Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі академик І.Кеңесбаев қаламынан туған. Бірақ бұл мақалада қазақ есімдерінің таза лингвистикалық сипаты, атап айтқанда, дара, біріккен тұлғалары, араб-иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы, орфографиясы сөз болады. Ал, қазақ антропонимдерінің этномәдени әлеуметтік мәнін ашатын тілдік деректер академик І.Кенесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінде» молынан кездесетіні белгілі. Ол жұмыс зерттеу барысында дәйек ретінде пайдаланылды [33, 82 б.].
Профессор С.Аманжоловтың мақаласы кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелеріне арналған.
Бұл мәселенің нақты дәйектелген тұжырымын ғалым мақаласында былайша түйеді: «… жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та, олардың жасалуында белгілі бір заңдылықтың барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетіні көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің бірі – адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін ата-анаға өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адам сол діннің бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық болып келеді (Мұхамедсадық, Сапарғали, Қожахмет, т.б.)».
Халықтық танымның ең асқан көрінісі шын мәнінде, адамдардың есімдері, олардың қойылу тарихы. Сондықтан да сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы. «Тоғыз жолдың үшіншісі – баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына Жомарт я Мырза деген ат қояды…» [34, 368 б.].
Профессор Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров еңбектерінде көне түркі есімдері, тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары берілген. Тілдегі осы өзекті мәселеге проф. Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақаласы арналған [35, 112 б.]. Автор кісі аттарындағы еркелеткіш -ш, -қан, -жан, -тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды.
Бұдан әрі антропонимика саласының қазақ тіл білімінде дамуы оның табиғатын анықтауды тереңдете түсті. Қазақстан картасындағы көптеген елді мекендер, оронимия (тау, шың, шоқы, төбе атаулары), гидронимия (өзен, су, көл, құдық, бастау атаулары), микротопонимия (сай-сала, жайлау, шабындық, қыстау атаулары) кісі аттары мен фамилиялардан қойылған атаулар. Бұл екі ғылым арасындағы ұқсастық пен тығыз байланыс (антропонимика+топонимика) А.Әбдірахманов, Ғ.Қоңқашбаев, Е.Қойшыбаев, В.Н.Попова, О.Султаньяев еңбектерінен анық көрінетіні қазақ ономастикасында атап көрсетілген. Мысалы, А.Әбдірахмановтың еңбегінде көптеген ортақ есімдердің этимологиясы талданып, тарихи мағынасы ашылады. Бүкілодақтық конференцияларда жасаған баяндамалары арқылы ғалым еңбегі кеңінен қолдау тапты, мәні анықталды.
Профессор Т.Жанұзақовтың қазақ антропонимдер құрылысының жаңарып, көбейе түсуіне әсер еткен деп көрсеткен әлеуметтік мәдени факторының бірі ислам дінінің тарауымен байланысты. Ғалымның атап көрсеткеніндей, Х ғасырдан бастап ислам діні қазақ даласының түкпір-түкпіріне тарап, мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің ықпалы күшті болып, тұрмыстық, қоғамдық жағдаяттың барлық саласына әсерін тигізді.
Антропонимдердің этномәдени, әлеуметтік мәнін, мазмұнын сипаттайтын құжаттық қызметін анықтаудың қазіргі антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде мәні ерекше.
Мысалы, қолданудан әлдеқашан шығып қалған, бірақ тілімізге тән, жалқы есім сөздер антропонимияда сақталып отыр. Мәселен, Ардақ, Байсал, Ораз, Жора, Жекен т.б. Демек, антропонимдер арқылы берілетін ақпаратта өзіндік ерекшелік болады. Балаға ат қою әр халықтың өзіндік дүниетанымымен, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерімен тығыз байланысты. Мысалы қазақ халқында: Абзал, Мақсат, Нұрлан, Айгүл, Азамат, Айбек, Дәулет, Дархан, Бексұлтан, Айнұр, Күнсұлу, Гүлім, Сұлушаш, Гүлнар, Назгүл, Айдана т.б. көптеген атаулар игі мақсатымен қойылған. Бұл атаулардың астарында ата-анасының, ат қойған адамның баланың бойында осы сөздердің мағынасында бар жақсы қасиеттері мол азамат болсын деген арман-тілегі, ниеті жатыр.
Кейбір есімдер баланың туған уақытымен нақты жағдайымен байланысты қойылады. Мәселен: Наурызбай, Майгүл, Маусымжан, Маусымбай, Қазанбек, Қаңтарбай сияқты есімдер баланың туған (уақтысымен) тікелей байланыстырып қойылған. «Наурыз» мейрамы, «Жеңіс күні» мерекесі күндері туылған балаларға да Наурызбай, Жеңіс, Жеңісхан, Жеңісбек сияқты ат қойлады. Ал Меңгүл, Меңсұлу, Қалдыгүл, Қалдыбек сияқты есімдерінің меңі, қалы бар нышанды балаларға қойылатыны белгілі.
Проф. Т.Жанұзақов қазақ есімдерін табиғат құбылыстармен байланысты есімдер, мал шаруашылығына байланысты есімдер, асыл металдарға байланысты атаулар, жеміс-жидек атаулары байланысты есімдер, туыстық атаулармен байланысты есімдер, жер-су аттарына қойылған есімдер, түрлі тағам аттарына байланысты есімдер, тағы аңдар мен үй хайуандары және құстарға байланысты есімдер деп, он лексика-семантикалық топқа жіктейді [12, 40 б.]. Осы еңбектің және содан бастау алған осы тектес зерттеулердің (Ж.Смағұлова, Д.Керімбаева, Ж.Ағабекова, З.Жанғабылова т.б.) нәтижесінде қазақ антропонимдерінің лексика- семантикалық топтарына негіз болған мынандай дереккөздер мен этномәдени факторларды көрсетуге болады:
1. Қазақ антропонимиясын байытудағы фольклордың орны ерекше. Кейбір фольклорлық жалқы есімдер жоғары образдылығымен, жоғары дәрежеде типтене отырып, жалпыұлттық символдарға айналады. Мұндай фольклорлық есімдер жалпыұлтқа танымал болады, ұлттық мәдениеттің негізгі тұжырымын білдіреді. Мысалы: Қобыланды батыр, Қыз Жібек т.б. ертегілер мен аңыз-әңгімелер кейіпкерлер аттары.
Қазақ ертегілеріндегі антропонимика құрамын шығыс фольклоры мен мәдениетінің ықпал еткендігін байқауға болады. Сондықтан мұнда Ескендір, Рүстем, Фархад, Шырын, Сүлеймен, Дәуіт т.б. шығыстық реңктегі есімдер қолданыс табады. Қазақ қиссалары мен дастандарында араб-парсы тектес антропонимдер көптеп кездеседі.
2. Қазақтың кең байтақ даласы, оның әр тасы мен бұлағына белгілеп ат коюы - ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрінің бірі. Осы жер, су, тау, өзен, қала аттарын зерттейтің ғылым топонимика. Топонимдердің құрамында жеке есімдер мен фамилиялар өте көп кездеседі Мысалы: Аякөз, Жамбыл, Нияз, Абай т.б. Көптеген кісі аттары мен фамилиялардың гидронимиялық (көл, өзен, су, құдық) аттаулардан жасалған мысалы: орыс тілінде Донской, Невский, Азерин, Прудников, Волгин т.б. қазақ тілінде; Еділ, Есіл, Ертіс, Kөлбай, Ілебай, Kегенбай, Орал т.б.
3. Қай тілдің болсын антропонимиялық қазына байлығы тек төл есімдер ғана емес, басқа тілден енген антропонимдер де құрайды және олардың жалпы антропонимиялық қордағы үлесі мол болады. Қазақ тіліндегі араб текті есімдер арабтардың мәдениетінің, салт-дәстүрінің және дінінің енуімен байланысты. Жалпы араб текті қазақ есімдерінің қазақ антропонимия қорындағы жалпы саны – 2000 деп алсақ, оның 1000-нан астамы ерлер, 900-дейі әйелдер есімін құрайды. Алланың көркем есімдері мен пайғамбарлар аттарына байланысты есімдер: Аллаберген, Абдулла, Али, Мұқаммет, Kәрім т.б. мәліметтер Ж.Ағабекованың жұмысынан алынған.
4. Жабайы аңдардың, құстардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Еркіндікте, бостандықта жүретін, қарулы әрі жүйрік саналған. Жабайы хайуандардың аттарын бала күшті, қарулы болсын және солардай еркін өмір сүрсін деп қойған. Мысалы: Арыстан, Бүркіт, Жолбарыс, Қарақат т.б. Ата-бабамыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан да төрт түлік малға байланысты кісі есімдері жиі кездеседі. Түйеге, қойға, немесе жылқыға бай болсын деген мақсатпен төрт түлік малға байланысты балаға ат қойған. Мысалы: Қойшыбай, Жылқыбек, Нартай, Малбағар, Жылқыайдар, Ақбота, Жанбота, Түйебай, Бурабай т.б. [36, 18 б.].
5. Қазақ халқы ерте кезден-ақ аспан жұлдыздарын бір-бірінен ажырата білген, әрі мифтік танымға сәйкес табынған. Осымен байланысты аспандағы жұлдыздар сияқты жарық болсын деген мағынада кісі есімдері қойылған: Шолпан, Есекқырған, Үркер дел атаған Табиғат құбылысына байланысты атаулары табынып сыйыну нәтижесінде шыққан есімдер мысалы: Нұрсұлу, Нұржан, Айсұлу, Күнай, Айжарық т.б. Осы құбылыстың болуына бастама болсын деген мағынаға байланысты: Таусоғар, Айтуар, Күнтуар т.б.
6. Тарихи қайраткерлердің, хандардың, белгілі ақын-жазушылардың, атақты батырлардың есімдері қазақ тілінде қолданыста. Осы әйігілі, беделді тұлғалар сияқты ақылды, парасатты, қайраты болсын деп ат койған. Шынғысхан, Махамбет, Қазыбек, Сәкен, Жамбыл т.б. Сол батырлардың ақылшысы, өмірлік сүйген жарлырының аттарының қыз балаға қояды: Назым, Айман, Жібек, Гүлдана т.б.
7. Көшпелі халықтың тұрмысы мен өмір тіршілігіне қажет заттарына байланысты есімдер: Kиізбай, Тоқаш, Сүттібай т.б. Сондай-ақ материалдық игіліктер, үй бұйымдарына байланысты қойылған аттар да көп кездеседі. Ертеде байлық негізгі болғандықтан, бала бай, хан, мырза, бек, сұлтан болсын деген мағынада койылған аттар: Баймырза, Бексұлтан, Асылхан, Сұлтанбек т.б.
8. Ал қымбат металдарға байланысты қойылған аттар қазақ халқының өте ертеден-ақ алтын, күміс, болатпен таныстығын көрсетеді Қымбат металдардың атаулары, зергелік істер мен шеберлік өнерге байланысты кісі аттары: Алтын, Kүміс, Моншақ, Маржан, Әшекей, Сырғабай т.б. Қазақтың дәстүрлі қару-жараққа байланысты кісі аттары: Қылыш, Садақ, Айбалта, Найза т.б.
9. Әр түрлі ырымға байланысты қойылған аттар. Бала сұлу, көрікті, сүйкімді, бойшаң, мінезі ашық, жомарт болсын деп Жамал, Сәуле, Ақылжан, Жомартбек т.б. Бала тұрақтасын, көз тимей өлімнен аман болсын, өмір жасы ұзақ болса екен деген мағынадағы аттар: Тұрар, Өмірзақ, Жанұзақ, Мыңжасар т.б. Көптен баласы болмай жүрген отбасында немесе көп бала болсын деген тілекпен қойылатын есімдер: Қуандық, Сағынды, Тілепберген, Сүйіндік, Жалғас, Ілес, Ұлас т.б.
10. Ру, ел, халық, ұлт атаулары негізінде жасалған есімдер: Дулат, Ноғай, Арғынбай, Қырғызбай т.б. Қазақ есімдерінің біразы көрші туыстас халықтар аттарының да жасалып отырған. Олар: Орысбай, Ойрат, т.б. Адамға бұлайша ат қоюдың басты себебі – қазақ халқының аты аталып отырған халықтармен ұзақ ғасырлар мәдени байланыс, қарым-қатынас жасап, достық, туыстық ынтымақта болғанында.
Осымен байланысты М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілін жүйелеп зерттеген проф. Е.Жанпейісовтың «Этнокультурная лексика казахского языка» еңбегінің қазақ тіл біліміндегі этноантропонимия саласын қалыптастыруда маңызы ерекше [37, 175 б.]. Осы еңбектің негізінде «Абай жолы» эпопеясындағы кісі есімдерді мынандай лексика-семантикалық топтарға бөлуге болады. Араб-парсы тілдеріне енген есімдер: Әбді, Әбдіғапар, Әбдіжәміл, Әбдірақмат, Әбдірахман, Әбділда, Әбілқасым, Әнуар, Әлима, Әбілмансұр, Әбілмәжін, Әліш, Әлішер, Әлі, Әлім, Әлімбай, Әлімбек, Әліимжан, Әутәлип, Әріп, Әлімқан, Әлімқұл, Әлжаппар, Әли, Әлия, Әлизаде, Әлмағамбет, Әлмәмбет, Әсма, Әшім, Әшір, Әшірбай, Әсет, Әсия, Әлмен, Әсел, Ахмеди, Абдолла, Афрасияб, Афтап, Асхат, Ахмет, Бәтимә, Бағила, Бісмілда, Бағлан, Гүлжәмила, Гүлқаныс, Ғаббас, Ғабдол, Ғабдолла, Ғабдулжаппар, Ғабитхан, Ғабиден, Ғазиз, Ғазиза, Ғани, Ғайни, Ғали, Ғалия, Ғайса, Ғұбайдолла, Данияр, Дәмежан, Дәулет, Дәуіт, Дәуітпай, Есдәулет, Есболат, Жамал, Жәмила, Жауһар, Жаппар, Зурә, Зуһра, Зағира, Зариф, Зәуре, Зейнеп, Исләм, Камал, Камали, Камила, Кәдіржан, Кәкітай, Кәмәли, Кәмшат, Кәрім, Күлпаш, Күлпан, Күлиза, Күлия, Күлшат, Қабас, Қабдеш, Қабдол, Қадыр, Қадырәлі, Қадырқұл, Қали, Қалидолла, Қамза, Қанипа, Қапиза, Қасен, Қасым, Қасымбек, Қасымжан, Қасымқан, Құсайын, Құнапия, Мадияр, Мәлік, Мәлике, Мәлі, Мәлікаждар, Мәулен, Мекапар, Мекәіл, Мағауия, Мағрипа, Мұса, Мұстапа (Мұстафа), Мұхамбеткәрім, Мұхамедияр, Мұхамед Хайдар, Мұхаметжан, Мұхтар, Мүслім, Мүсірәлі, Насыр, Науаи, Науан, Нафиса, Нәзипа(Назипа), Назым, Назымбек, Науан, Низами, Нияз, Нұрғали, Неғматулла(Неғматуллин), Нұтфолла, Ораз, Оразалы, Оразбай, Оразбақ, Оразке, Өмірәлі, Пәкизат, Пәрман, Пәрмен, Рабиға(Рәбиға), Рамазан, Рахила, Рахман, Рахымжан, Рашид, Рашидад-дин, Рәш, Розахон, Рүстем, Сафиат, Сахип, Саяділ, Сәбит, Сәду, Сәдуақас, Сәкен, Сәлима, Сәлім, Сәлімжан, Сәлімқан, Сәмен, Сеит, Сеитқали, Сейіт, Сейтбаттал, Сеитқан, Сейполла(Сейфолла), Сләм, Смайыл, Таһир, Уәли, Уәлихан, Уәсила, Үмбетәлі, Файзырахман, Фархад, Фатима, Фзули, Фирдоуси, Хадиша, Хайдар, Хакима, Хакімжан, Халил, Халима, Халиолла, Хамит, Хасан, Хасен, Хасейін, Хәмза, Хисрау, Хожа Хафиз, Хұсайын, Шағидулла, Шаймардан, Шара, Шарапат, Шарафия, Шарипа, Шахмет, Шаяхмет, Шәкір, Шәмил, Шәмші, Шәмси, Юсуп.
Ай, нұр, күн сөзімен тіркескен есімдер: Ай, Айбала, Айшат, Айшуақ, Айбарша, Айбас, Айбек, Айғыз, Айдапкел, Айдар, Айдарбек, Айдос, Айжан, Айни, Айкүміс, Айман, Айманкүл, Айпара, Айса, Айсұлу, Айша, Айшакүл, Күнсұлу, Күнту, Күнбала, Күнекей, Күнікей, Нұралы, Нұрбай, Нұрғали, Нұрғаным, Нұрбай, Нұреке, Нұржан, Нұрила, Нұрке, Нұрқан, Нұрқара, Нұрқат, Нұрқожа, Нұрлан, Нұрлыбек, Нұрмағамбет, Нұрмұқамбет, Нұрпейіс, Нұртаза, Нұртай, Нұртас, Нұршайык.
Бек, бей, бай, мырза, сұлтан, хан, батыр, ер сөздерімен тіркескен есімдер: Бек, Бекбай, Бекбау, Бекберген, Бекбол, Бекболат, Бекежан, Бекей, Бекен, Бекет, Бекқадыр, Бекмағамбет, Бектас, Бектен, Бектоғай, Бекхожа, Бейғазы, Бейсек, Бейсембі, Бейсембай, Бейімбет, Бейсен, Байәділ, Байбосын, Байбөрі, Байбұлан, Байғара, Байғұлақ, Байдалы, Байділда, Байжан, Байжұман, Байжігіт, Байкөкше, Байқадам, Баймағамбет, Баймұқамет, Баймұрат, Баймұрын, Байназар, Байсал, Байсары, Байсүгір, Байтас, Байтоқа, Байторы, Байтөре, Байтұяқ, Байұзақ, Байшуақ, Байымбет, Байымбет, Байып, Байысбай, Мырзабай, Мырзабек, Мырзағұл, Мырзатай, Мырзахан, Сұлтан, Сұлтанмахмұт, Ханзада, Батырбай, Батырқан, Батыраш, Ербол, Ералы, Ерғазы, Ерден, Ержан, Ержігіт, Еркімбек, Еркін, Ерман, Ермұса, Ерімбет, Ертөстік.
Жан, тай, сөздермен тіркескен есімдер: Жанай, Жанайдар, Жанбота, Жанғазы, Жанғайша, Жандарбек, Жандос, Жанкісі, Жансейіт, Жансүгір, Жантас, Жантемір, Жантөре, Жанұзақ, Жаныс, Жаныспек, Тайбала, Тайқар, Тайлақ, Тайлақпай, Тайман, Тайша, Тайыр.
Қымбатты метал, ру атауына байланысты кісі есімдер: Алтын, Алтынай, Алтынбек, Алтынсары, Айдос, Ерболат, Есболат, Жаппас, Керей, Дулат, Қамбар, Қарабас, Қожа,Қуандық, Қуатжан, Қызай, Мамай, Найман, Олжай, Сүйіндік, Топай, Төре, Шор т.б.
Осымен байланысты жоғарыда атап көрсетілген антропонимия мәселесін тіл мен ұлт, тіл мен мәдениет сабақтастығында зерттейтін жаңа бағыт, жаңа сала – этноантропонимика. Оның алғашқы ғылыми негіздері профессор Ә.Қайдар, Е.Жұбанов, Қ.Өміралиев, Е.Жанпейісов сияқты ғалымдардың еңбектерінен басталады. Нақты айтқанда, этнонимдер (ру, тайпа аттары) мен антропонимдермен жасалған есімдерді ғылымда этноантропонимия (Т.Жанұзақов) деп атайды [38, 85 б.].
Бұл термин антропонимияның бір тармағы болып саналады. Тіліміздегі ру, тайпа, халық аттары мен кісі аттарының өзара байланысы, ауысу процесі тарихи - дәуірлермен ұштасып келе жатқан құбылыс.
Проф. Қ.Жұбанов көптеген қазақ есімдерінің тек этномәдени сипатымен қоса этимологиялық төркінін де анықтайды. Осымен байланысты «жуықтық» және «аулақтық» деген терминдер ұсынады [39. 61 б.].
Жалқы есімдерде жуықтық тенденциясы өте аз. Ал басқа сөздер, әсіресе, жалпы есімдер ондай емес. Жуықтық тенденциясы сөздің түрлі қалыпқа түсуін тұсайды. Сондықтан жалқы есімнің аз өзгеретін себебі оның сөз бен сөзді айырып, неңұрлым, ұқсатпау мақсатына байланысты. Ағайынды кісілердің аттары бір түбірлі сөздерден болуы шарт емес. Бұлардың грамматикалық жағынан бірдей таңбалануы шарт емес. Өйткені, сөздің жақынын таңбалау мақсат емес, қайта олардың басқалығын білдіру шарт. Сондықтан жалқы есімдер аулақты тенденциясымен тез үйлеседі.
Соның нәтижесінде жалқы есімдерден болған сөз түбірлері өзгеріп отырады. Мысалы, әлдеқалай екі түрлі айтылып кеткен бір жалқы есім кейде екі кісіге ат бола кетеді (Ғали, Әли, Қали, Қалима, Мұханбет, Махамбет т.б.); кейде бір аттың (есімнің) кіші формасы да өз алдына дербес ат болып кетеді (Мұқан, Мұқаш, Шонан, Шонтық, Шонай).
Сонымен бірге есімдердің этимологиясын анықтайды: шон түбірі оқшантай дегендерде – шон. Натуралды шаруашылық кезінде көнек, талыс сияқты теріден жасалатын ыдыстардың бір түрі шон деп аталған.
Бұқар жыраудың:
Сен бұзау терісі – шөншіксің,
Мен өгіс терісі – талыспын, -
деуі бұған дәлел (шөншік – кішкене дорба, кішкене қап, ХVIII ғ.әдебиетінен). Ираннан кездеме алып, дорбаны матадан жасайтын болған да, олардың аты қазақта қалта болып қабылданған. Сөйтіп мес, саба, торсықтан басқалары ыдыс мағынасын жойған. Оқшантай – оқ-дәр салатын, қошқардың ұмасынан бітеу сойып алған тері қалта.
Ғалым Бәтима – Бәтіш, Гүләйім – Күләш, Мағрипа – Мағыш сияқты сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес жалқы есімдер мен етістіктерде бола бермейді; кішірейту формасы болмағандықтан, түбірден бөлініп басқа бір сөз жасалмайды, жасалса да сирек, онда да ұзақ замандар өткеннен кейін, жаңа заман ұғымы ескі заманнан өзгеше болғанда ғана жасалады. Мысалы: парсының қоразын «кішкене ата» деп танығандықтан әтеш деген сөз шыққан (татардан келген). Бұрын іші қуыс заттың бәрін күбін деген, күпшек пен келіншекті олардың түбіріндегі сөздердің кішіреюі деп танымай, басқаша таныған. Жалпы есімнің бұлай болуы әрі ұқсастығын, әрі айырмасын білдіру қажет болған. Ал жалқы есімдерде олай емес, олардың кішірейген сыңарлары туынды сөз түрінде болады (Мырза, Мырзаш); мұндай ұқсас сөздердің басқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалды.
Қазақ есімдерінің этномәдени сипаты проф. Қ.Жұбановтың пайымдауынша, бір үйдің, ия, туыс балалардың ат қоюынан да көрінеді: «Қазақта бір кісінің баласы екендігін көрсететін ұқсастық көріністері де бар. Оларды ұйқас атар дейміз (Опа – Сапа, Шамғали - Мұфтиғали). Бұл түбірлестігін көргеннен емес, лексика жағынан түбірін жақындату емес, ұйқастығын жақындату жолымен ғана жасалған (Опа-берік, Сапа-қызық). Сондықтан жоғарыдағыларды ұқаса ету үшін аллитерация, ассонанстар шыққан» [39. 98 б.].
Ал, қазақ есімдеріндегі тотемдік мән де ғалым назарынан тыс. қалмаған: «Жаңа мағына демекші, бірқатар айуан, аң бұрынғы құдайымыз. Қасқырбай, Түйебай, Құлыншақ деп ат қоюымыз соларды ардақтап, қастерлегенімізден. Мұндай қылық орыстар да бар. – Собакевич, Волков, т.б. Мұндай сөздердің өзі қалғанымен мазмұны жаңарып, өзгеріп отырады. Америка елінде кесірткеге тимейтін халық әлі бар. Адам табиғатты танып, білген нәрсесін актив, пассив деп жорамалдаған».
Проф. Қ.Жұбановтың тек қазақ антропонимдік жүйесінің валенттілік (тіркесімділік) теориясымен қатыстылығы тұрғысынан сипатталғаны ғана емес, жалпы синтаксис теориясына өзіндік үлес қосқан мына тұжырымдарын біздің жұмысымызда атап өтпеу мүмкін емес: «Правда, единичны случаи сохранения предпологаемого древнего порядка слов. Иначе и быть не могло, ибо господство новой нормы могло осуществиться после того, как была вытеснена старая. Поэтому и там, где определние стоит за определяемы, наше грамматическое мышление не всегда в состоянии это видеть, более того, оно способно превратить определение в определяемое и наоборот. Быть может, такие странные сочитания, как Күнсұлу (Солнце красивое), Айсұлу (Луна красивая), Таңсұлу (Утренняя заря красивая), встечающиеся в традиционных личных женских именах, или аналогичные им мужские имена, вроде: Күнжарық (Солнце светлое), Айжарық (Луна светлая), Таңжарық (Утренняя заря светлая), и были образцами такого расположения слов, при катором определения, выраженные прилагательными сұлу (красивый) и жарық (светлый), следовали за определяемыми күн (солнце), ай (луна) и таң (утренняя заря). Подобное допущение более вероятно потому, что здесь в последних компонентах (сұлу и жарық) нет возможности усматривать сказуемое, а в первых (күн, ай, таң) – подлежащее, так как сочетания, составляющие личные имена, крайнее редко принимают форму предложения, вроде: Жыл келді (Весна наступила), Қожам берді (Мой хозяин пожаловал) и т.д. Чаще всего личные имена, будь они простые или сложные – безразлично – представляют собой выражение либо атрибута некой субстанции, либо предиката некоего субъекта. В первом случае субстанцией, во втором – субъектом мыслится лицо, носящее имя. Так что полный перевод вложенных в вышеперечисленные имена мыслей может быть таков: «(это) – красивое солнце», «(это) – светлое солнце» и т. д.
Бывает также, что личные имена выражают идеал. В таком случае они означают: «(пусть это будет) красивое солнце», «(пусть это будет) светлое солнце». Словесно выраженной формой такого осмысления личных имен являются женское имя Ұлбосын – «пусть будет (это) сын», мужское – Жанбосын – «пусть будет (это) душой», Жанбол – «будь душой» и т.д.
Личные имена Күнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу, Күнжарық, Айжарық, Таңжарық не могут быть ситаксическим расшифрованы в пределах современных норм, т.е. как сочетание определения с определяемым, предшествование первого второму, потому что существительные теперь не употребляются в качестве определений, когда определяемым должно быть прилагательное. Исключение составляют образования типа қойшы торы, букв. пастух гнедая, т.е. пастуший гнедко, бәйгі күрен, букв. скачка рыжая, т.е. скаковая рыжая. Но механизм подобного исключения ясен.
Сонымен бірге ғалым көптеген сын есімдердің қазақ тілінде белгілі бір жағдайда ғана, қолданысқа сәйкес заттанатынын және сонымен бірге көптеген есімдердің әрі зат есім, әрі сын есім ретінде болатынына назар аударады (Байлардың, лауазымдардың, әртүрлі кәсіп иелерінің, т.б аттары).
Қоғамда әлеуметтік орны бар, жағдайы бар адамдардың аттары. Оған мысал ретінде қазақ танымына сәйкес түсінілетін бай, батыр, сұлу сөздерін келтіреді. Нақты айтқанда, бай – «әт» дәулеті мол адам (сын есім), әрі қазақ тұрмысындағы әлеуметтік жікті анықтайтын атау (зат есім). Батыр - әрі ержүрек, батыл адам (сын есім), әрі әлеуметтік топтың өкілінің атауы (зат есім) т.б.
Сондықтан, осы тектес есімдердің жоғарыда аталған қасиеттерінің, олардың адам есімімен тіркескен кезде мәні бар екен. Атап айтқанда, осы жалпы есім мен жалқы есімнің қайсысы сол атқа тән белгілі анықтаса, сол кісі есімдерінің анықтауыш болады. Мысалы, Маман бай, Көтібар батыр, Айман сұлу, Қыз Жібек т.б.
Профессор Е.Жұбановтың тұжырымдауынша: «тілдің сөздік құрамының алуан түрлі салалары секілді антропонимдік атаулар мен этнонимдерді, әлеуметтік топтардың жыр-дастандарында сақталған жинақ аты іспетті «қара қыпшақ Қобыланды» тәрізді эпонимдерді, яғни, эпос қаһармандарының генеалогиялық тегін танытатын есімдерді зерттеп, олардың көркемдік сырына, табиғатына зер салу әлеуметтік лингвистиканың бүгінгі таңдағы міндеті» [40, 126 б.].
Тіл білімінде жалқы есімдерді зерттеу барысында әлеуметтанымдық тіл білімінің гендерологиялық саласын, негізінен, мынадай бағыттарды қарастыру қажет:
1) Семантикада бір тілді басқа тілдермен салыстырғанда ер адамдар және әйел есімдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
2) Ер және әйел адамдар есімдерін статистикалық тұрғыда талдау.
3) Бейресми есімдерді жынысқа қатысты зерттеу.
Гендерология мәселесі - тіл білімінде жанадан зерттеліп жатқан сала. Бұл туралы И.Г.Ольшанский, А.В.Кирилина: «Гендер: лингвистические аспекты» атты мақаласында: «Гендерные исследования это новое направление в гуманитарной науке, находящийся сейчас в процессе становления. В центре еге внимания - культурные и социальные, а также языковые факторы, определяющие отнощение общества к мужчинам и женщинам, поведение индивидов в связи с пренадлежностью к тому или иному полу, стереотипные представления о мужских и женских качествах - все то, что переводит проблематику пола из области биологии в сферу социальной жизни и культуры» деп жазады [41, 133 б.].
Т.М.Абдрахманованың зерттеуіне қарағанда лақап есімдері қазақ, орыс, неміс тілдері бойынша олардың көбі ер адамдарға қойылады. Бұл әр тілдің өзіне тән ерекшелігін бар екенін көрсетеді. Неміс және орыс тілдеріндегі лақап атаулар жынысқа байланысты өзгешеленеді, ал қазақ тілінде бұл ерекшелік байқалмайды, себебі род категориясы тек орыс, неміс тілдеріне тән. Бұл ерекшелік дейді автор: «ер адамдар мен әйел адамдардың мінез құлқына байланысты болуы тиіс. Кез келген елде әйел адамдар ер адамдармен салыстырғанда жұмсақ мінезді, нәзік жанды, инабатты болады, сондықтан да әйел адамдарға көп лақап аттар қойылмауы керек» Осы зерттеуде қазақ, орыс, неміс есімдері қарастырылған, соның нәтижесінде ер адамдардың бейресми есімі – 70 - пайыз, ал әйел адамдардың бейресми аты - 30 – пайыз [42, 129 б.].Сонымен, қарастылып отырған тілдерде лақап аттарының саны әйел адамдарға қарағанда ер адамдарға біршама көп қойылады. Қорыта келгенде, бұл ерекшелік тек биресми есімдерге ғана тән емес, ер адамдар мен әйел адамдардың ресми есімдеріне де тән.
Демек, антропонимдер жүйесінің қазіргідей ежелгі заманда да ерекше әлеуметтік-мәдени мәні болған. Бурят тіліндегі антропонимдерді зерттеген ғалым А.Э. Митрошкина мұны былай деп көрсетеді: «Имя рождалось как слои и их предметных атрибутов. Имя не только имеет функцию обозначения индивидов для удовлетворения практической необходимости общения а пределах определенных социумов, но и сложным образом отражает, фиксирует состояние их культуры» [43, 107 б.].
Бұл сонымен бірге антропонимияның динамикалық сипатын да дәлелдейді. Түркі антропонимикасын зерттеуші ғалым В.У.Махпировтың еңбегінде ол туралы былай тұжырымдалған: «Для исследования основных закономерностей формирования и функционирования древнетюркской ономастики необходимо рассмотреть этнокультурную и политическую историю древних тюркоязычных народов, поскольку многие факторы данной истории оказывали решающее влияние на ономастическую систему, которая живо реагировала на различные изменения в этносоциальной, экономической, политической жизни тюркского общества, четко фиксируя в своей структуре смену территорий, характер изменений в политической и социальной сфере, культурные и экономические метаморфозы, коими богата история тюркоязычных народов древности и средневековья» [44, 302 б.].
Антропонимдік жүйенің қызметі әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрісінің дамуымен ұштасып жатады және жан-жақты ақпаратқа ие. Осымен байланысты «Қазақ ономастикасы. Жетістіктері мен болашағы» атты осы саладағы зерттеу нәтижелерін қорытып, болашағын бағдарлаған Т.Жанұзақов пен Қ.Рысбергеннің еңбегінде антропонимияның әлеуметтанымдық зерттеу нысанын былайша анықтаған: «1) тіліміздегі антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуы мен қызмет аясының жалпы мәселелерін теориялық әрі методологиялық тұрғыдан зерттеудің жалпы проблемалары; 2) антропонимдерді тұтас бір жүйе ретінде зерттеу; 3) кісі аттарын әлеуметтік-қоғамдық, тарихи категория ретінде қарастыру; 4) кісі аттарының пайда болу, жойылу заңдылықтарындағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың себеп-салдарын анықтау; 5) кісі атарының сөйлеу тілі мен жазба тілдегі қызметін, қос тілдегі орны мен мәдени қарым-қатыстағы мән-маңызын зерттеу; 6) кісі есімдерінің экспрессивті-эмоционалдық қызметін тексеру (көркем әдебиетте, баспасөзде, күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшеліктері); 7) антропонимдер жүйесіндегі интернационалдық, ұлттық ерекшеліктерді, олардың өзара байланыс, бірлігін зерттеу; 8) қазақ антропонимдерін байытудағы басқа ұлт антропонимдерінің әлеуметтік мәні: 9) көпұлтты Қазақстан Республикасында қазақ антропонимдерінің қолданылуы мен қызмет аясының әлеуметтік сипаты; 10) антропонимдерді тілдік және тарихи тұрғыдан топтастыру» [45, 44 б.].
1.2 Лақап есімдері мен фамилиялар
Қазақ дәстүрінде адамның жалқы есімнен басқа да толып жатқан (жанама, бүркеме лақап, балама т. б.) қосымша аттары болады. Қосымша аттар адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың ыңғайына қарай өзгеріп, әр алуан морфологиялық тұлғалармен түрленіп, сұхбаттасушы субъектілердің бір-біріне деген ізет-құрметін, көңіл-күйін, ішкі сезімін, дәстүрлі әдептілік пен жол-жоралғыны таныту үшін, жан дүниесін паш ету мақсатында жұмсалады.
Лақап атаулардың ерекшелігін зерттеген Т.Жанұзақов, Т.Абдрахманова, А.Бахамова, Г.Байғосынова т.б. Ономастиканың антропонимика саласының негізгі мәселелерінің бірі - бейресми жалқы есімдер (лақап ат). Бейресми жалқы есімдер барлық халықтарда бар. Орыс тілінде лақап атқа - «прозвище, название, данное человеку в насмешку, в шутку и.т.п» обычно содержащее в себе указание на какую-либо заметную черту его характера, наружности, деятельности и т.д.» деп анықтама берілген [46, 164 б.]. Сонымен, қазақ, орыс т.б. халықтарында да лақап ат қою адамның бет-пішіне, мінез-құлқына, істейтін қәсібіне немесе бір ерекшелігіне байланысты қойылады. Кейбір тура тауып қойылған есімдер, сол адамға өмір бойы қосалқы ат болып қалады. Зерттеуші пікірі бойынша, жалпы лақап есімдер өзіндей белгілері бойынша лексика-семантикалық топтарға бөлінеді.
Сонымен, тілімізде ресми шын аттармен қатар, лақап аттар да бар. Ондай лақап аттардың тым ерте кездерде-ақ қолданылғанын байқаймыз. V-VIII ғасырларда тән түрік халқының жазба ескерткіштеріндегі Күлтегін, Яш Ак Баш, Джагий Шад, Тоныкөк сияқты есімдер - лақап аттар. Халық ертектеріндегі Шіңкілдек, Желаяқ т.б. - халық ойынан шексіз қиялынан қойылған лақап аттар. Ерте кезде лақап тек адамдардың ғана емес, тіпті кейбір рулардың да лақап аттарының болғаны байқалады. Бұл құбылыс түркі халықтары арасында көбірек кездеседі.
Руға байланысты лақаптар қазақ рулары арасында да біраз кездеседі. Мысалы: Қаракесек, Қарақыпшақ, Ақ найман , қара қаңлы, сары қаңлы, сары үйсін, жанышқылы, байұлы, таз, жетіру, семіз найман, жуанбұт найман, шымыр, көкірек, шуылдақ, қайшылы, алғалы, ошақты, ойықты, шимойын, момын, жетімомын, қарауыл, сасық, құйысқансыз, жаулы, сарықасқа, төртқара, ақкете, т.б.
Лақап ат адамның екінші бейресми аты ретінде қоғамның белгілі бір ортасында адамның өз атымен қатар қолданып, жеке адамның қадір қасиетін, оның объективті шындыққа қарым қатынасын сипаттайды. «Лақап ат (жалған ат араб.) жеке адамның екінші, қосымша аты қызметін атқарады» [47, 86 б.].
Лақап аттар адамның дене бітім, пішін тұлғасына және психологиялық ерекшелігіне қарай, кейде істейтін кәсібіне лайықты қойылып отырады. Баланың сәби кезінде қойылған лақап аты оның есейгенде де сақталуы мүмкін.
Тілдегі жалқы есімдер дегеніміз жекелеген заттардың бейнелеу қызметін атқаратын, заттық мағынаны беретін арнайы аттаулар тобы. Лақап ат адамның екінші бір ресми аты, жеке адамның екінші, қосымша аты қызметін атқарады. Мәселен, І.Есенберлиннің «Алтын құс» романында кейіпкер өзінің сүйікті әжесі туралы: «Бірақ мен есі білгелі осы қарт әжемнің қолынан газет, журнал түскенін көрген емеспін. Сондықтан болу керек, келіндері, қыздары оны «Газет - апа» деп атап кеткен. «Газет - апа » деген лақап ат әженің оқымыстылығынан қойылған ат емес, адамдардың аталушы объектіге деген жылы да мейірбанды қарым-қатынасын білдіреді.
Демек, лақап аттар ресми түрде (әке аты, фамилия болып қалыптасады). Өйткені олар ресми паспорттың есімдері емес. Баланың өңі қара болса оны Қарабала, Қарақыз немесе көзі қара болса Қаракөз деп атап кету болған. Лақап ат әдетте халық тарапынан қойылады. Өйткені халық өз арасындағы, өз қоғамындағы адамға сыншы, кемшілігін байқағыш сыншы болған.
Проф. Т.Жанұзақов лақап аттарды лексикалық мағынасына қарай мынандай топтарға бөледі:
1. Адамның бет-әлпет түріне, көзі, шашына байланысты: Қаракөз, Ақбала, Айша, Қарақыз т.б.
2. Адамның жүрісі, тұлғасы мүсіне байланысты: Жорға, Жұмабай, ұзын Ахмет, Құлагер т.б.
3. Адамның дене-мүшесінің кемдігіне байланысты: Бүкір, Сақау, Шолақ, Kекеш.
4. Мінез-құлық, бейімділік әрекетке, ерекшелік қасиеттерге байланысты: Найзағай, Асан т.б.
5. Негізгі кәсібі, қызмет бабына байланысты етікші Ахмед, мұғалім Оспан, қойшы Аман, дәрігер Нұржан т.б. [47, 59 б.].
Лақап аттардың бір түрі ретінде бүркеншік аттардың да (псевдонимдердің) әлеуметтік мәні мен коммуникативтік қызметі ерекше. Бүркеншік ат (псевдоним) деп шын аттан бөлек, ойдан шығарылған, көп реттерде фамилия мен есімдер орнына жүретін атауларды айтады. Ол гректің псевдонимес сөзінен «жалған аталған, жасырын» деген ұғымды білдіреді. Бүркеншік аттарды әлеуметтік саяси өмірге қатысушы қоғам қайраткерлерді, ақындар мен жазушылар, журналистер мен көркем өнер мамандары пайдаланған. Қазақстан тарихында белгілі саяси қоғам қайраткердің, жазушылардың бүркеншік аттарды пайдалану Қазақстанда Совет өкіметі орнағаннан кейінгі кездерде (елді коллективтендіру) күрес жылдарында қолданған. Бүркеншік аттар құрылысына қарай әртүрлі болып келеді. Ол кезде пайдаланған бүркеншік аттар көбіне төл есімдердің немесе фамилиялардың қысқартылған бас әрпінен, болмаса бас буынынан жасалған. Кейбір авторлар туған жердің атын не шыққан руын, кейде өз атын бүркеншік атпен жазады. Мысалы, «Ж.Б.» «Матай».
Әдебиеттанушы ғалым Б.Кенжебаев бүркеншік аттарды қою әдісті былай жіктейді:
1. Бүркеншік аттардың жасау, туу жайымен байланысты немесе географиялық принцип бойынша (туған жер ру атымен қою.) Мысалы:
Ақмола, Омбылық, Қоңыр, Семей т.б.
2. Криптонимдік әдіс бойынша (өз атының немесе фамилиясын бас әрпін қысқартып қою) Мысалы: М.Ә. - Мұхтар Әуезов, М.Ж. - Мағжан Жұмабаев, С.С. - Сәкен Сейфуллин.
3. Лақап аттармен атау (дене пішіні, психологиялық ерекшелігіне байланысты) Мысалы: Қараша бала - Б.Майлин, Зайсан жігіті, Жаны ашыған - Ж.Байболов, Семинарист Әуезов - М.Әуезов т.б.
С.Талжановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.Байболовтың материалдар бойынша С.Сейфуллин, «Манап», «Дүйсенбі», М.Әуезов «Арқа», «Арғын» сияқты бүркеншік аттарды қолданған [48. 75 б.].
Антропонимика ғылымында фамилиялар мен әке атының (отчество) шығуы, дамып қалыптасуы - өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кездегі біздің фамилиялар нұсқасы орыс тілінің әсерімен қалыптасып отырғаны тарихтан белгілі. Бұл күндегі фамилия орыс тілінен қабылданған -ев, -ева, -ов, -ова, -ин, -ина қосымша арқылы жасалынды. Мысалы: Ахметова, Оспанов, Смаилова, Тураров т.б.
Орта ғасырда өмір сүрген ғалымдар туған жерінің я қаласының атымен аталғаннан көпке дейін фамилия рөлін атқарған. Орта Азия және қазіргі Қазақстан территориясындағы ғалымдардың фамилиялары Махмуд Қашқари, Юсуп Баласагуни, Абунасыр Фараби т.б. Қазіргі кезде бұл фамилиялар архаизмді факторға айналып отыр. Фамилиялар негізінде адамның бір семьяға немесе белгілі жерге тәндігін білдіреді. Д.Ушаков редакциясымен жарық көрген «Түсіндірме сөздікте» - «фамилия это наследственное семейное наименование» деп анықтама берілген [46, 83 б.].
Әке атымен аталу ғылым тілінде патронимия деген термин мен аталады. Ол грек pater (patros) «әке» және onoma ат деген сөзі. Орыс тілінде «отчество» десе қазақ тілінде «әке», «ата» деген термин. Әке атымен аталуы - барлық халықтарда бар және болған дәстүр. Осы ұлы, қызы сөздері арқылы патроним жасалуы XV ғасырда кеңінен дамыған. Мысалы: Қуынышұлы, Насипбекқызы т.б. Қазіргі кезде қазақ тілінде әке аты ұлы, қызы сөздері мен немесе орыс тілінен қабылданған -евич, -овна қосымша арқылы жасалып отыр. Бұл екі формада екеуі де бізге қолайлы.
Қазақтың фамилия туралы ұғымының әртүрлі болуы себепті оны айту мен қағазға түсіру көрінісі де ғасырлар бойы әр түрлі болып келеді. Бұл ыңғайда бірізділіктің сақталмауы әр кезде әр алуан пікірталасын туғызып жүр. Мәселен, өткен ғасырдың бас кезінде Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезұлы, Қаныш Сәтбайұлы тұлғалы фамилиялар да зиялы қауымның келісімімен қолданылып жүрген болуы керек. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары мерзімді баспасөз беттерінде, әр түрлі басқосуларда ұсыныстар айтылып, пікірлер ортаға салынып жүрді. Сондай пікірталастарынан кейін арнайы тұжырымдама бойынша мемлекет басшысының бұл мәселе жөнінде 90-жылдардың екінші жартысында тұрақты шешім қабылдағаны белгілі. Ол шешім негізінде қазақтың аты-жөні бұрынғы -ов,-ев және -ин қосымшаларын алып (қалағандар болса, сол күйінде қалдырып) немесе ұлы сөзін біріктіріп (Аман Жақсыбайұлы Алдаберген немесе Аман Алдабергенұлы) жазып айту дағдыға айнала бастады.
Біршама тұрақталған фамилияның бұлай жазылуына қарамастан, «Қазақ әдебиеті» газеті биылғы 24-қаңтарда «Атың қайсы, фамилияң қайсы?» деген сұрау арқылы айтулы мәселені тағы көтерді. 14-ақпанда сол газетте осы мәселелерді сөз еткен материалдар топтамасы жарияланды.
Қазіргі кезде қазақтардың өз фамилиясын әртүрлі жазып жүргендігі көзге түседі. Демек, түрлі-түрлі ұстанымдарды алға тартады. Біреулердің пайымдауынша, «ұлы», «қызы» үлгісінен артық (Асылханұлы, Әзімбайқызы) ештеңе жоқ; енді біреулер ұрпағы, немересі, келіні, шөбересі (Болатбай ұрпағы, Батырбек немересі, Тілеген келіні, Айтбай шөбересі) деген тұлғаларды ұнатады. Біздіңше, бұлар фамилияның шынайы көрсеткіші емес, өйткені фамилияның көрсеткіші жеке тұрғанда бүгінгі күн тұрғысынан ешқандай мағынасы жоқ, тек кісі есіміне қосылғанда ғана мағына туғызатын сөздер болуы керек.
Сонымен, лақап есімдердің табиғатын, оның әртүрлі қасиет-сипаттарын әлеуметтанымдық тұрғыдан зерттеудің мәні де айтарлықтай. Лақап есімдердің түрлері, әрбір адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, адамдармен өзара қатысына т.б байланысына тағылған лақап есімдер тілімізде аз емес. Осы тұрғыдан қарағанда, олар көбіне өзгергіш, экспрессивтік мәнге ие, бірақ этномәдени сипатқа негізделген.
1.3 Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің, эпионимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні.
Қазақ топожүйесін қалыптасуындағы антропонимияның көрінісі негізінен, лингвомәдени негізде анықталады. Oңтүстік Қазақстандағы топонимдерін зерттеген Ж.Исмаилова, Қ.Рысбергенова, А.Сембиев, Шығыс Қазақстанда Б.Бияров, А.Әлімхан, Батыс Қазақстанда Ұ.Ержанова т.б. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы топонимдердің құрамында жеке есімдер мен әулетесімдерден (фамилия) жасалған топонимдер көп кездеседі. Негізінен елді мекендер кісінің жеке атымен аталса, бірқатар жерлердің атауында әулетесімі қосарлана айтылады. Жекелеген адамдардың аты жөнімен аталатын географиялық объектілер атаулары сол нақты елді мекеннің негізін қалаған немесе сол төңірегінде тұрған, халық арасында, өз ортасында үлкен беделге ие болған кісі ататары кездеседі. Мысалы: Абай, Жамбыл, Аманкелді, Қошқарата, Қалдыкөл, Асан, Алтынбек құдықтары т.б. Көрнекті ғалым Э.М.Мурзаев «Елді мекендердің атауларында кісі есімдері, фамилиялары, лақап аты жиі кездесіп отырады дейді» [49, 153 б.]. Жоғарыдағы мысалдан көрініп отыр антропонимдердің топонимдер орнына жұмсалуын көрсетеді. Өйткені антропонимдер, топонимдер, этнонимдер, гидронимдер өзара тығыз байланысты. Сонымен халықтың тұрмыс тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті белгілі бір кезендегі саяси ұстанымы да көрініс тапқан адам аттарының қатысымен жасалған антропонимдерде қандай да тарихи оқиғаның, құбылыстың, жағдайдың болмыс бейнесі көрініп тұрады. Сондықтанда болса керек, діни наным сенім берік орныққан Оңтүстік аймақтағы елді мекендер мен жер су, өзен, көл, құдық, т.б. атауларында мифтік бейнелер, пірлер мен әулиелер, тарихи тұлғалар есімдері жиі кездеседі. Қоғамдық орта, әлеумет өмірінің оқиға, өзгерістері тілдік деректермен таңбаланып, топонимияда өз ізін қалдырып отырған. Осы орайда аймақтағы елді мекен, жер су атауларының негізі ер адамдардың есімдермен аталатынын айту керек. Мысалы: Амангелді, Лесбек батыр, Қазыбек, Қабанбай, Рысқұл т.б. ауылдар. Осы заңдылықтың өзі қоғамдық ортада ер адамдардың орны ерекше, салмақты істердің ер азаматтың мойында екенін көрсеткендей, ер адамды қадірлеу, сыйлау, ардақтау.
Ресейдің отаршылық саясатының салдарынан Кеңестік кезенде аймақтағы елді мекен, атаулары терең өзгерістерге ұшырап, орыс тілді атаулар көбейді. Мысалы: Түркістан ауданында Пушкин, Чапаев, Максим Горький, Сарыағаш ауданында Дмитрев, Стаханов, Горький, Карл Маркс, ауылдары, Мақтаарал ауданында Гагарин, Жданов Киров, Чкалов, Чехов ауылдары, Отырар ауданында Ильич ауылы, Түлкібас ауданында Мичурин ауылы т.б. Осындай жағдай тек Оңтүстік Қазақстан топонимдеріне ғана тән емес, басқа да орталық, солтүстік, батыс облыстарында да кездеседі. Еліміз тәуелсіздігінің арқасында ежелгі атаулар қайтарыла басталады. Бұл қоғамдық әлеуметтік факторлардыңатаулардағы көрініс сонымен бірге оңтүстік Қазахстан аймағының топонимдік жүйесінде халықтың ежелден берігі діни нанымы, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, әулие әмбиелердің есімдері географиялық атауларда кеңінен орын алып отырған. Оңтүстік Қазахстан облысында зерттеу жүргізген ғалым Қ.Рысбергенова аймақ агиотопонимдердің сипаттауда және топтастыруда ертедегі ислам қайраткерлерінің есімдеріне байланысты қалыптасқан баба, ата, ана, әулие этномаркерлі топонимдерге немесе никронимдер: Әзірет Сұлтан, Баба Ата немесе Ысқақ баба, Ибрагим Ата, Қарашаш Ана, Гауһар Ана, Қара Бура, Ақ баба, Әулие Ата, Укаш Ата әулие, ата баба, аналардың әруағына табынудың іздері болған [50, 58 б.].
Ұлы әулиелердің бұрын қараусыз қалып қалған мавзолейлері, зират-молалары, қасиетті мекен-жайлары қалпына келтіріп, халық көп жиналатын жерге айналды. Мысалы: Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба, Дәу баба ауылдары, Шардара аудандағы Ұзын ата ауылы, Төлеби аудандағы Әңгір ата ауылы, Сарыағаш аудандағы Қошқар ата, Диқан баба ауылдары қасиетті құтты мекендер. Бұл елді мекендердің ауларына назар аударсақ, мұндағы антропонимдердің көбісі тарихи тұлғалар, қасиетті адамдардың патронимдерден тұрады. Оңтүстік Қазақстан аймағы топонимдердің құрамында жеке адамдардың есімдері мен әулет есімдерінен жасалған микротопонимдер көптеп кездесіп отырады. Қорыта келгенде, Оңтүстік Қазақстан аймағының бірқатар географиялық атаулар қасиетті жерлерді мекендеген әулиелер патронимдермен байланысты екен.
Қорыта айтқанда, кез келген халықтың болмысын, оның жер бетіндегі өмір тіршілігін дәйектейтін деректердің бірі – топонимдік жүйенің өзегін де мәдени-танымдық коннотацияға сәйкес антропонимдер құрайды.
Сондай мәдени-әлеуметтік таңбаның бір саласы – қазақ тіліндегі эпонимдік есімдер.
Зерттеуші Г.Күзембаеваның «Қазақ тіліндегі эпонимдік аталымдар» деген мақаласында эпонимдердің тілде қажеттілікке байланысты туындап және қазақ тіл білімі саласында қолдануындағы өзіндік ерекшеліктері болатыны көрсетілген
Ғылыми әдебиеттерде «эпоним деген сөз біреуге өз есімін беретін деген мағына береді» деп анықталады. Басқаша айтқанда эпоним - басқа оним жасауға себеп болатын атақты адам есімі.
Орыс әдебиетінде эпоним терминінің басқа да аталымы бар. Мысалы, мәдениеттанушы ғалым Д.С.Лотте оны «фамилиялық» (атаесімдік) деп атаған [51, 27 б.] Л.И.Шубов бұл терминдер туралы: «Эпонимдік терминдер біз жеке адамдар есімдерінен жасалған терминдерді айтамыз», дейді [52, 16 б.], ал Б.А.Лобач «құрамына жеке адам есімдері енетін терминдер немесе жалқы есімдер» деп жазады. Эпоним атауларының ерекшеліктеріне назар аударған алғашқы ғалым - Д.С.Лотте (1961ж. ал оны әрі қарай дамытқан - В.П.Даниленко.
Эпонимдік есімдерге байланысты мәселенің бірі - жеке адам есімінің семантикасы. Эпонимдік есімдер тобына ғылым, әдебиет, өнер, саясат қайраткерлерінің есімдерімен қатар ғылым тарихында алғаш жаңалықтар ашқан адамдар есімдері де жатады. Мысалы, Бөкетов, Машанов, Сәтпаев, Менделеев т.б.
Жалқы есімдерінің семантикасының бір ерекшелігі бұлардың әр түрлі білім салаларындағы көптеген ұғымдарға атау ретінде жұмсауға болатындығы. Мысалы философиядағы бағыттардың, ағымдардың, мектептердің атаулары және сол бағыттар өкілдерінің аттары. Мысалы, Кант мектебі, Энгельс мектебі т.б. Медицина да мысалы симптомдарың (белгілерін) емдеу әдістерін, анатомиялық ұғымдарды, бірінші зерттеген және ойлап тапқан медицина құралдарының атаулары. Физикада физикалық модельдер, құбылыстар, заңдар, өлшем бірлігі т.б. Эпоним терминдер - белгілі бір дәуір «куәлары», ғылыми жаңалықтар ескерткіштері. Эпоним атауларына әр саладағы ғалымдардың есімдерімен қатар, өткен ғасырдағы өмір сүрген хандар, билер, басқа да белгілі адамдар есімдері енеді. Мысылы: Қасым салған қасқа жол, Абылайдың ақ туы т.б. Термин эпонимдердің пайда болатын семантикалық өрістер білімнің нақты саласындағы, ұғымдық аппаратында антропонимдер ретінде қолдануындағы өзіндік ерекшеліктері байқалады. Ол терминалогия теориясында қарастырлады.
Қазіргі уақытта эпонимдік аталымдар медицина, химия, математика, геология және басқа да білім салаларында көбірек ұштасады, сондай ақ информатика, экономика және тағы басқа салаларында да қалыптасып келе жатыр. Ежелгі атақты философтар есімдері, олардың идеяларын жүзеге асырған ағымдар мен мектепке берілген: Сократ мектептері, аристотелизм. Математикада «Пифагор теоремасы» деген термин, физикада «Архимед заңы», «Архимед күші» деген сөз тіркестері қолданылады.
Қазіргі тіл ғылымында эпоним терминдер қатары жыл сайын толығып, тіліміздің сөздік құрамын байыта түседі. Қазіргі этнонимдер: филологиядағы - Абайтану, Жұбановтану, т.б. астрономиядағы - Сәтпаев кіші планетасы, геологиядағы - Сәтбаев тау шыңы, және т.б. Демек, ол атаулар тілдің әлеуметтік қызметін, динамикасын сипатын дәлелдейді.
Топонимдер жүйесіндегі онтологиялық жағынан антропонимдермен сабақтас қалыптасатын атаулар жүйесі - генотопонимдер.
Генотопонимдік атауларға негізінен жер бедерлері (өзен, көл, тау, жайлау т.б.) мен агиотопонимдер (әулие, киелі кісілердің жерленген жерлері) жатады.
Орталық Қазақстандағы геронократиялық топонимдер туралы жазған А.Жартыбаевтың диссертация жұмысында мынадай топтарға бөлінеді [5, 63 б.].:
1. Рулар құрамындағы аталық тармақтардың аталған жерлерді мекендеулеріне қатысты және ру басы ақсақалдар мен билердің есімдеріне қатысты қойылған атаулары.
2. Ел қорғаны батырлар есімдеріне байланысты қойылған топонимдер
Осы зерттеудің мазмұны мен нәтижелеріне сәйкес рулық құрамындағы аталық тармақтағы қатысты қойылған атаулар Орталық Қазақстан өңірінде Бес мейрам бірлестігіне жататын аталар атауларына байланысты сипатталады. Атап айтқанда, Бес мейрамнан тарайтын Болатқожа (каракесек) руынан Ақша, Түйте атты екі ұл туады. Қаз дауысты Қазыбек би Ақшадан туатын Бошаннан тарайды. Қарқаралы каракесектерінің ауызша шежіресінде былай айтылады:
Бошаннан бес ұл туады арыстандай,
Егессе арыстанмен алысқандай.
Таз, Байбөрі, Машай мен Манат, Жанат
Бәрі де қошқар туған арыстандай.
Осы бір бір атадан тарайтын бес ұлдың басын қосып Бес Бошан деп атайды, олар мекендейтіні Қарқаралы өңірі Бауыр Бошан елі деп те аталынады. Бошанның үлкен ұлынан Наманай туады. Каракесек шежересінде Наманайдан Бұлбұл, Бұлбұлдан Шаншар, Шаншардан Келдібек, Келдібектен Қазыбек туады. Қазақ халқаында есімі белгілі, аты аңызға айналған Қазыбек би. Өмірінің соңғы жылдарынАрқа даласында өткізеді.
Бес мейрам бірлестігінен тарайтын рулармен көрші қатынаста болған дадан тобықты, тама, бағаналы, тарақты, қанжығалы руларының да өмір сүргендігін тарихи деректер мен аңыз әңгімелер растайды. Олардың арасынан да әйгілі билер шығып, Арқа даласындағы ел басқару істеріне араласып отырған. Олардың даналығы мен тапқырлығын бағалаған халық олардың есімдерін топонимдермен таңбалап, бүгінге дейін әулие санап, олар жерленген өңірлерді солардың атымен атап келеді. Солардың бірі Жобалай би көп жылдар бойы дадан тобықты руының болысы болған. Оның шешендігін, тапқырлығын ел қатты сыйлаған. Кеңес өкіметі орнағаннан соң оны болыстық қызмет атқарған үшін қыс айында шанаға салып, орталыққа алып жүреді. Жолда қолы байлаулы Жобалай шанадан ауып түседі, орынан тұрып шанаға отыруын бұйырған айдаушыға «Жобалай керек болса, көтеріп ал» деген сөзі ел арасында мәтелге айналған.
Орталық Қазақстандағы ел қорғаны батырлар есімдеріне байланысты қойылған геронократиялық атауларының қоғамдағы орны ерекше. Қазақ хандығына қатысты болған тарихи-әлуметтік жайлардың бәрі де Орталық Қазақстан жерінен тыс өтпеген.
Шыңғыс хан мен қазақ хандары ту тіккен Шыңғыстау мен Ұлытау өңірлері - тарихтың қайнар көздері. Осы өңірлерде жауға шапқан Жалаңтөс (Соқыр), Жидебай, Сеңкібай, Байғозы, Ағыбай, Олжабай, Күшікбай, Қарабас батырлардың ерлік істері елде жақсы сақталып қалған.
Соқыр - өзен, бейбіт. Қарағанды қаласының оңтүстік шығысында. Атау каракесек, сарым руынан шыққан Жалаңтөс батырдың есіміне байланысты қойылған. Жалаңтөстің батырдың Соқыр атауына соғыс үстінде бір көзін шығарып алуы себеп болған. Өз өсиеті бойынша жерленген өзен бойы Соқыр - басы, бейіт жанынан ағатын өзен Соқыр өзені деп аталған. Жидебай - бейіт, қазіргі Шет ауданында орналасқан. Жидебай батыр есіміне байланысты қойылған. Атау қаракесек, әлтеке - сарым руынан тарайды. Сеңкібай - бейіт, өлке атауы, Шет ауданындағы. Қуандық ішіндегі алтай кареке руынан тарайды, халық батыры. Байғозы бейіті Ақадыр станциясынан 50 км-дей жерде орыналасқан. Тарақты руынан тарайды. Күшікбай - бейіт, әрі жергілікті халық әулиелі жер ретінде құрмет тұтады. Қуандық, тоқа руынан, халық батыры. Ағыбай бейіт, Ақтоғай ауданында. Қаракесек, шұбыртпалы руынан, хан Кенесарының бас қолбасшысы болған. Өмірінің соңында мешіт салдырып, балаларды оқыту ісін қолға алған.
XVII ғасырдағы қазақтың ұлт азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Олжабай батыр, айдабол руынан тарайтын. Батырдың бергі ұрпағы академик Ә.Марғұланның айтуынша, Олжабай батыр 1709 жылы туып, 1785 жылы Ереймен тауының сыртындағы Сілеті өзенінің бойында қайтыс болған. Ол қазіргі Ақмола обылысы, Ерейментау ауданы жерінде.
Жасыбай – көл және Серектас тауындағы асу. Көлдің Жасыбай батыр атымен аталуына осы көл жағасында қалмақтармен соғысып, оларды жеңіп, өзі Серектасқа жасырынған қалмақ Құбамергеннің тасадан атылған оғынан осы жерде қайтыс болған. Ол туралы Жанақ Жаңабатырұлының «Баянауыл» дастанында жазылған:
....Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,
Әркімнің ертедегі-ақ ауызындағы ер.
Арқадан қалмақ ауып өз жеріне
Кеткен соң ат қойылған «Жасылбайкөл»
...Жасыбай кім екенін сұрасаңыз
Жалықпас, тап руы Каракесек
Осы келтірген мысалдарда қазақ халқының белгілі би, батырлардың есімдері генотопонимдер ретінде кешенді зерттеу арқылы анықталған, әлеуметтік мәні ашылған.
-
ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘНІ
Ономастикалық лингвокультуремалардың (соның ішінде антропонимдердің-Ф.Ә.) ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселенің тілдің құрылымдық жүйесіндегі көріністері мен ұлттық сипаты Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
В.А.Маслова тіл мәдениетпен тығыз байланысты деп санайды: «... мәдениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді, халық мәдениетін танытушы ғылым саласы» [54, 76 б.].
Мәдениеттің әр түрлі көріністері мен қызметін мәдениеттану зерттейтіндігі белгілі, өйткені лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен ХХ ғасырдың өз алдына жеке, жаңа бағыт пайда болады, бұл бағыт В.Н.Шаклейн, В.А.Маслова және т.б. ғалымдардың еңбектеріне байланысты «лингвомәдениеттану» деген атауды қолданады.
Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этика-эстетикалық, рухани және тұрмыстық қатнастар мен олардың заңдылықтарын тілдік құрал арқылы зерттейтін тіл білімінің бір бағыты. Осы тұрғыдан алғанда лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық рухани болмысын, мәдениетін таныту.
Казіргі тіл білімінде ұлттын рухани-мәдени казынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, тіл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, мәдениет. Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде бір бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр [55, 251 б.].
Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңдылықтырына сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қарау лингвомәдениеттану пәнінің үлесіне тимек.
Бастау көздерін В. фон Гумбольдт, Э.Сепир т.б. идеяларынан алып, соған сәйкес, сабақтас пікірлер мен теориялық қағида сипаттағы ғылыми нышандарының көріністері қазақ тіл білімінің, мәдениеттануының негізін салушы ғалымдардың еңбектерінде де қалыптасқан. Қазақ тіл біліміндегі осы бағыттағы зерттеулердің дамып, жаңа деңгейде жалғасуының өзектілігі зерттеудің тақырыбына сәйкес былайша нақтылауға болады: жүйесi әртүрлi тiлдер арасындағы тiларалық салыстырулар қазiргi заманның сипатына сай тiлдердi интеграциялық салыстырудың жаңа әдiстерiн жетiлдiре түседi. Мұндай зерттеулердiң қазiргi тiлдiк жағдаятқа байланысты қазақ-орыс-ағылшын т.б. тiлдердiң қолданысы мен бiр-бiрiне ықпал ету аясында әлеуметтiк тұрғыдан тиiмдi әсерлерi болмақ. Себебi ұлттық мәдени коды тәрiздi тiлдiң танымдық мәнi ана тiлiнiң өз шеңберiнде ғана қарастырылғанда оның коммуникативтiк қызметiнiң тасасында қалып қояды. Ал, жүйесi әртүрлi тiлдермен салыстырғанда оның ұлттық мәдени ерекшелiгi айқындалып‚ нақтылана түседi.
Тілдік деректерді лингвомәдени тұрғыдан қарастыруды ғылыми негіздейтін бұл тараудың зерттеуде мазмұнының ашылуы «тіл мен таным» және «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы басшылыққа алынуымен сипатталады. Атап айтқанда, бұл бағыттағы зерттеулер «тiл мен таным» сабақтастығын сипаттайды. Себебi‚ бұл тiлдiк деректердi сол тiлде сөйлеушi халықтың әр кезеңдегi тарихи-әлеуметтiк тәжiрибесiне негiзделiп‚ мәдени-танымдық деңгейiне сай қалыптасқан вербалды-ассоциативтi категория ретiнде қарауға болады. «Тiл мен ұлт бiртұтас». Бұл қағида ежелгi мәдениет көрiнiстерi‚ әртүрлi салт-дәстүрлердiң тiл арқылы сақталып жетуi ұлтты тұтастырушы‚ жалғастырушы қызметiмен дәлелденiп анықталады.
Тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие. Осымен байланысты лингвистикалық реконструкция мәдени реконструкциямен сабақтасады. Ежелгi дәуiр адамдарының әр түрлi әлеуметтiк — тарихи кезеңдердегi өкiлдердiң айналадағы алуан түрлi сыры туралы мифтiк бағам-пайымын‚ наным-сенiмiн көрсететiн тiл деректерi‚ кейбiр көне этномәдени сөз қолданыстары бүгiнгi заманға халқымыздың бай ауыз әдебиетi‚ ескiлiктерi‚ көркем әдебиет мәтiндерiндегi ұлттық-мәдени компоненттерi т.б. шығармашылық көздерi арқылы келiп жеттi [56, 76 б.].
Бұл тұрғыда Е.Ә.Керімбаев былай деп жазады: «Жалқы есімдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін зерттеу қазақ тілінің ономастикалық жүйесін зерттеуде мәдениеттанымдық аспектіні пайдалуныды қарастырады. Қазақ тілі онимдерінің генизисіне, қалыптасуы мен дамуына қазақ халқының этномәдени өмірі шешуші мәнде әсер етеді. Халақтың этномәдени тарихи фактілерінің тұтас бір жиынтығы қазақ онимдерінің түрлі тақыптық топтарының пайда болуы мен қызмет атқаруының негізі мен себебі болып табылады. Этностың материалдық және рухани өмірі қазақ тілінің этностық болмысымен озара байланысты, этностық тұрғыдан өзіндік таңбаға ие болған онимиялық бірліктер өзіндік бейнеге ие болды» [57, 28 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |