Сантуз (
Мысалы, Н.А.Баскаковтың зерттеулеріне сәйкес Китанопа есімі Китан, яғни Кидан этнонимі мен «ру», «тайпа» мағынасын білдіретін «оба» дейтін көне түркі сөзінін фонетикалық варианты опа сөзіне біріккен лақап немесе топтық атау.
Н.А.Баскаковтың талдауынан көрініп тұрғанындай, Китанопа есімінің негізінде Кидан этнонимі жатыр. Бұл есімінің негізі этнос атауы, яғни этноним құрайтындықтан ал, этнос әлеуметтік топ, яғни социум болып табылатындықтан, Китанопа есімін, соцоним немесе әлеметтану деп қарауға болады. Китанопа сияқты этнонимдер негізінде пайда болған: Айдар, Аклан, Алақ, Башқұрт, Ельяк, Итлар, Итоглы, Карлы, Кобан, Кончак, Куман, т.б. антропонимдері де соционим немесе әлеуметатау болып табылады. Себебі, бұл есімдер этностардың, яғни әлеуметтік топтардың кісі атаулары ретінде берілген бейнесі, формасы. Сондықтан Асень-Осень, Бастий, Белкатгин-Балкатгин, Гзак-Казак, Кюнячюк-Күнічүк, Самогур-Чоногкур секілді лақап немесе топтық атаулар, әлеуметтік топ атаулары болғандықтан, бұларды да соционим деп табуға болады. Сол сияқты Аяпа, Аксупа, Алтунона, Арсланопа, Колотан, Кулоба, Чинегрепа есімдерін де соционим деп қарауға болады. Себебі, бұл есімдердің түбіріне немесе негізіне жалғанған епа, апа, опа, оба сөздері «ру», «тайпа», «баспана», «тұрақ», «ата», яғни «патронимия» мағыналарын білдіреді. Ал бұл мағыналар, әлеуметтік түсініктер мен категорияларға жатады. Олай болса, жоғарыда аталған есімдерді, соционимдер деп қарауға болады.
Куман-половец есімдерінің әлеуметтік тұрғыда талдауынан көрініп тұрғандай, бұл антропонимдер әлеуметатау болып атала алады. Рулар әлеуметтік топтар, яғни социумдар болғандықтан және социум атауларының негізінде половец есімдерінің басым көпшілігі пайда болғандықтан половец қоғамын құрған этностар мен басқа да кішігірім әлеуметтік топтар антропонимдердің пайда болуына себепті болған әлеуметтік фактор болып табылады. Ал, антропонимдер бірінші кезекте тілдік құбылыс, содан кейін барып әлеуметтік құбылыс.
Демек, соционим деп немесе әлеуметатаулар антропонимдердің тілдік табиғатын, төркінін дәлелдейтін этномәдени, әлеуметтанымдық негіздер.
Кюнячюк есімінің төркіні мен мағынасы Г.Гренбич пен Л.Будаговтың пікірлерін ескеріп, Н.Баскаков былай дейді: 1( kunicuk дружок).
Егер де көне түркі тілдерінде аталмыш мағыналарды білдіретін "күн" сөзі болмаған болса, онда К. Гренбичтің "күн" сөзіне еркелету формасындағы чүк аффиксінің жалғануы нәтижесінде «досым» немесе «достым» мағынасындағы күнічүк сөзі пайда болған дейтін пікірі бар.
Орыс жылнамаларындағы Кюнячюк есімі, половецтер тілінде Күнічүк немесе Күңічүк болып айтылған. Күнічүк немесе Күңічүк есімі орыс тілінде Кюнячюк болып айтылған. Осы себепті жоғарыда аталған зерттеушілер орыс жылнамаларындағы Кюнячюк есімінің төркінін күн дейтін түбір сөз бен чүк деген қосымшадан шығарады. Күнічүк немесе Күңічүк есімі, күні және чүк дейтін екі компоненттен тұрады. Бірінші компоненттің о бастағы архетипі күнгә немесе күңэ болған. Екінші компоненттің о бастағы алғашқы нұсқасы сак-шак немесе сақ-шақ мофемалары болған. «Күн» сөзіне қатысты қазақ тіліндегі Күнікей, Күнсұлу аттарын келтіруге болады.
Бердібек есімінің төркіні мен мағынасын Н.А.Баскаков былай береді: < Берди < (Тенгри) Берди дал + бек господин > Берди бек > рус. Бердебек.
Түркілер, соның ішінде қазақтар ұлдарын, Тәңірберді немесе Құдайберді деп емес, Тәңіберген және Құдайберген деп атайды. Осы себепті Н. Баскаковтың, Бердібек есімінің бірінші компоненті берді-ні, «тәңір берді» деген мағынадағы берді сөзінен шығаруы күмән тұғызады. Біздің ойымызша Бердібек есімінің бірінші компоненті берді-бөрілі қатысты сын есім яғни Бердібек - бөрілі, атауы бөрі тотемді этнос бегінің есімі немесе лақап аты болған. Бөрілі қатыстық сын есімі - бөріге қатысты, бөрі киесі бар, яғни бөрі тотемді этнос деген мағынаны білдіреді. Осы себепті Бердібек - бөрі киесі бар этнос бегінің есімі немесе лақап аты дейтін тұжырым жасай аламыз. «Бөрі» тотеміне қатысты бұл этномәдени сабақтастық қазақ тілінде мынадай атауларда көрініс тапқан: Байбөрі, Бөрібасар, Қасқырбай т.б.
Осы топқа жататын Ельбег есімінің төркіні мен мағынасы туралы И.Г. Добродомов, Л. Будагов және М. Қашқаридың сөздігіне сүйеніп берген өз пікірін Н. Баскаков былай береді: ИД < ел страна + бек князь, господин > ел бек князь страны; 1) иелпек-иелпик злой дух (МК, III, 54), 2) < ел-ил чужой, другой, иностранец (ЛБ, I, 204) + бек бек, господин > ел бек чужой бек. Көне түркі тілдерінде «бөтен», «басқа», «бөтен елдің адамы» мағынасындағы ел сөзі болмаған. Осы себепті Л. Будаговтың Елбек есімінің мағынасын, «бөтен бек» деп беруі негізсіз. Көне түркі тілінде ел бегі дейтін лауазым болған. Н.А.Баскаковтың Елбек есімінің төркінін, йелпек сөзінен шығарып, бұл есімнің мағынасын «ашулы рух» деп беруін. Демек, И.Добродомовтың бұл есімнің төркінін «ел», «халық» мағынасындағы ел атауы мен бек лауазымынан шығарып, оның мағынасын - ел бегі деп беруі дұрыс болып шығады. Себебі сөздің мағыналық та, морфологиялық та құрылымы дәлдей алмайды. Нақты айтқанда, келпек (желпек қаз.) сөзінің түбірі желпі, жел түбірлері болуы тиіс.
Жануарлармен, жәндіктермен, құстармен байланысты есімдер қатарына Кобяк есімінің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будаговтың пікірі мынадай: < көпек-көбек болышая собака (ЛБ, II, 142). Шын мәнінде, көне түркі тілдерінде көпек немесе көбек сөзінің мағынасы – үлкен, ірі ит емес, жай ғана немесе тек қана «ит» болған кездеседі.
Осы топқа жататын Боняк есімінің төркіні мен мағынасы туралы И.Г. Добродомов, К. Гренбич, Н. Баскаковтың пікірлері мынадай: ІІД < бәнәк родимое пятно; 1) < бойун-мойун шея (КГ, 63) + афф. принадлежности 3-го л. -и > бой (у) н-й -мой (у) н-и его шея + ак белый > бойни-мойни ак его шея белая, белошеий > белошейка-распространенная у тюрков кличка собаки Бойн (и) ак-Мойн (и) ак, в русской адаптации Боняк (НБ, I), 2) < бойнак ящерица (МК, III, 190).
Біздің пікірімізше, Боняк есімі түркі тілдеріндегі «қасқыр» мағынасын білдіретін бөріг сөзінің этимологиялық варианты. Алтай тілдер семьясында р-н дыбыс сәйкестігі бар деп көрсетілген. Осы сәйкестік бойынша, Боняк есімі, Боряк болып айтылады. Сонда Боняк есімін, Боряк деп те айтуға болады. Түркі тілдерінде и-і, ы-а дыбыс сәйкестіктері бар, осы сәйкестіктер бойынша Боняк және Боряк есімдері, Бонік немесе Бонық және Бөрік немесе Борық болып та айтылған. Көне қыпшақ тіліндегі Бөрік есімінің аталмыш ғасырларда Бонік болып өзгеруінің тарихи тілдік себебі, X ғ. аяғы мен XI ғ. басында Ертіс бойындағы қимақ-қыпшақтарға Шығыс Монғолиядан уран-қай тайпасы қоныс аудара келіп қосылып, көне қыпшақ тіліне фонетикалық өзгеріс енгізумен байланысты. Тарихшы С.М. Ақынжанов, қытай тілінің маманы Н.Я. Бичуринның: «хи немесе кайлардың тілі, қидан тіліне жақын болған» [112, 30 б.] дейтін дерегіне сүйене отырып, кайларды монғол тілдес этносқа жатқызады. Ал, монғол және тунгус-маньчжур тілдерінде жоғарыда атап өткеніміздей, р-н сәйкестігі бар. Барыс септіктің-ған қосымшасының, -ғар форманты көне түркі тілдерінде болған және қазіргі құмық тілінде бар. Басқаша айтқанда көне түркі тілдерінде р-н сәйкестігі болған және қазір де кейбір түркі тілдерінде реликт сақталған. Олай болса, көне түркі тіліндегі Бөрік немесе Борық есімі XI ғасырға дейін-ақ Бөнік немесе Бонық болып өзгеруі мүмкін. Р-н сәйкестігі бойынша Бонік немесе Бонық болып өзгерген половец ханының есімі, көне орыс тілінде Бонық болып айтылған. Бонік есімінің о бастағы алғашқы нұсқасы Бөрік, к-г сәйкестігі бойынша Бөріг болып та айтылған. Ал, бөріг сөзі-көне түркі тілінде «қасқыр», «бөрі» мағынасын білдірген. Егер де бөріг сөзі, «қасқыр» мағынасын білдірген болса, онда Боняк есімі де, оның о бастағы алғашқы нұсқасы Бөріг те «бөрі» мағынасын білдірген.
Сонда половец ханының Боняк есімі, «қасқыр» мағынасын білдіретін антропоним болып шығады. Ал, адамдарға жыртқыш аңдардың, жануарлардың, құстардың т.б. атауын беру тотемдік наным-сенімге байланысты екендігі антропонимикада дәлелденген. Олай болса, половец ханының Боняк есімі, тотемдік наным-сенімге байланысты пайда болған деп болжам айтуға болатын секілді.
Қыпшақтарда бөрі тотемінің болғандығын мынадай тарихи-этнологиялық факті дәлелдейді: 1097 жылғы орыс жылнамасында Киев князі Святославқа қарсы Вягре өзенінде болған шайқас алдында, түн ішінде хан Боняктің бір өзінің айдалаға кетіп, қасқырша ұлып қасқырлармен тілдескендігі, олардан ертеңгі болатын шайқаста жеңіс беруін өтініп жалбарынғаны, қасқырлардың оған жауап беріп, ертеңгі жеңісті қамтамасыз еткендігі, Боняктің қайтып келіп өзінің одақтасы князь Давыдқа ертеңгі шайқаста жеңіске жететіндіктерін сенімді түрде айтқандығы, жазылған. Осы деректі келтіруші С.А.Плетневаның пікірінше, желеп-жебеуші киелі аң бөрі культінің абызы-хан Боняк пен оның ордасының тотемі бөрі арасында байланыс бар. Басқаша айтқанда бөрі тотемді орданың ханы Боняк, өзінің есімін осы тотемге байланысты алған. Көрініп тұрғанындай, Боняк есімінде «бөрі» мағынасы бар екендігін С.А.Плетнева да қуаттайды [101, 286 б.].
Боняк есімінің этимологиясы мен семантикасына жасалған талдаудың біздің аңғарғанымыз - XI ғасырдағы сары қыпшақтарда тотемизм құбылысының сілемі әлі сақталған. Бұл жайлар қазақ антропонимдерінде де кездеседі. Мысалы: Орыс жылнамасына 1172 ж. тіркелген Тоглий ханның есімі, басқа жазбаларда - Товлый, Тоглый, Итоглый, Итогды нүхқаларында берілген. Ал Н.А.Баскаков, бұл ханның есімін Тоглый-Товлый-Толгый-Туглый түрінде беріп, оның Итоглый, Итогды дейтін нұсқаларын бермейді. Тоглый хан есімінің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будаговтың пікірін, Н. Баскаков былай береді: 1) < тогли трехмесячный ягненок, овца (ЛБ, 399); 2) < туг знамя, бунчук, хвост на конце копья (ЛБ, 1, 348) + афф. обладания ли > туг-ли имеющий бунчук, эмблему власти (ЛБ, 1, 398).
Біздің ойымызша, Тоглий хан есімінің С.А.Плетнева еңбегіне сәйкес половецтерде Кангароглы, Карабароглы, Бурджоглы секілді этнос атауларының бірі - Итоглы. Половецтерде Анджоглы, Кангароглы, Карабароглы, Бурджоглы сияқты этностар мен этнонимдердің болғандығы белгілі. Осы этноним, Ит атты ру немесе тайпа ханының Итоглы дейтін есімінің пайда болуына негіз болған. Итоглы есімі-Итоғлы этносының жиынтық бейнесін бейнелейтін ру көсемі немесе ханы ипостасындағы, яғни кісі атауы ретіндегі нұсқасы, түрі. Нақты айтқанда Итоглы < ит ру аты + оғлы (ұлы). Мұндай тұжырым жасауда біз половецтердегі Итлар есімінің этимологиясы мен семантикасы туралы көрнекті түркітанушы А.Зайончковскийдің үш түрлі жорамалына сүйенеміз: 1)АЗ < йит собака + афф. мн.ч. -лер > ийтлер собаки;
2)< Итил ер >< итил Волга + ер муж. Мужчина > < Итил ер волжанин>
3)< йети-йити-йетти семь + афф. мн.ч. -лер > ийти-лер относящиеся к племени, состоящем из семи родов.
Осылардың ішінен А. Зайончковскийдің Итлар есімінің төркінін Еділ өзенінің жағасын мекендеуші, яғни «Еділдік» деген мағынадағы Итил ер сөзінен шығаруы көңіл аудардық. Сонымен бірге ит сөзіне көптік мағынадағы лар жалғауы жалғанған деп санасақ, онда половецтерде ит атауымен аталған ру болған. Олай болса, осы Ит атты ру атауына оглы (ұлы) сөзін қосарлап, Итоглы дейтін этнонимді тудырған. Осы этноним негізінде Ит атты ру немесе тайпа ханының Итоглы дейтін есімі пайда болған деп жорамалдауға болады.
Демек, Тоглий хан варианты емес, Итогды деген нұсқаларының тарихи этномәдени негізі бар. Тоглий хан есімі мен оның Товлый, Тоглый дейтін этимологиялық варианттарының осылай айтылып дыбысталуы дұрыс болмауы себепті бұл есімнің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будаговтың жоғарыдағы пікірі де дұрыс болмай шығады.
Сонымен Тоглий есімінің этимологиясы мен семантикасына жасалған талдауды қорыта келгенде: половецтерде Тоглий немесе Тоглый деген есім болмаған, тек қана Итоглы дейтін антропоним болған, осы есімді кейбір орыс жылнамашылары айтқан кезде бастапқы и дыбысын түсіріп, Тоглый деп қате айтқан, осыдан барып орыс жылнамаларында аталмыш есім тіркелген дейтін тұжырым жасай аламыз.
Гзак-Къза-Хоз-Кза-Гза есімінің төркіні мен мағынасы туралы Н.А. Баскаковтың пікірі мынадай:
-
< кози ягненок (НБ, 1)
-
< гөз - и ак (түш-кен) имеющий бельмо (НБ, 1)
Гзак-Къза-Хоз-Кза-Гза есімінің төркіні мен мағынасын анықтау үшін, бүл есімнің Гзак-Къза дейтін екі нұсқасын диахрондық сипат тұрғысында талдап көрейік. Бұл есімнің Къза дейтін нұсқасындағы ъ дыбысы, көне орыс тілінде өте қысқа, жабық о болып дыбысталған. Басқаша айтқанда, аталмыш есімнің көне орыс тіліндегі Къза дейтін нұсқасы, коза болып айтылған және оқылған. Егер де аталмыш есімнің көне орыс тілінде "коза" деген нұсқасы болған болса, онда оның Гозак ал, г-к сәйкестігі бойынша Козак дейтін нұсқалары да болған. Көне және қазіргі орыс тілдерінде екпін түспей буындағы дауысты дыбыстың айтылуы бойынша Козак нұсқасы, Казак болып та айтылған. Айтылудағы интерференция салдарынан кейбір дыбыстар түсіп қалатын тіл заңдылығына сәйкес половецтердің Казак немесе Қазақ атауын, көне орыстар өз тіліне бейімдеп айтқан кезде бір жағдайда алғашқы буынның бір дыбысы, екінші бір жағдайда соңғы буынның бір дыбысы түсіп қалған. Осыдан барып орыс жылнамаларында аталмыш есімнің Гзак және Коза дейтін нұсқалары пайда болған. Ал, Хоз-Кза-Гза, Козак-Казак архетипінің Гзак және Коза секілді варианттары. Салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып танымның дедукциялық жолымен аталмыш есімнің архетипі - Козак немесе Казак екендігін және половецтерде Казак немесе Қазақ атты есімнің болғандығын болжауға болады. Осы анықтаудың негізінде бұл есімнің төркіні мен мағынасы туралы. Сонымен аталмыш есімнің төркіні - половецтердің Казак немесе Қазақ антропонимі болып шықты.
Осы топқа жататын Айдар есімінің этимологиясы туралы Л.З. Будаговтың пікірі мынадай: 1) < айдар клок волос на макушке мальчика (ЛБ, I, 183); 2) < айдар лев (ЛБ, I, 523).
Түркілерде, жас жеткіншек ұлдарының шашын тықырлап қырып тастап, тек төбесінде ғана бір шөкім шаш қалдыру дәстүрі немесе әдет-ғұрпы болғаны белгілі. Ұлдардың төбесінде қалған бұл бір шөкім шашты, айдар деп атаған. Егер де түркілер осылай шаш қоюға байланысты осы әдет-ғұрып атауымен өз ұлдарын Айдар деп атаған болса, онда түркілердің басым көпшілігі Айдар есімді болар еді. Ал, біз білеміз Айдар - түркілердегі көп есімдердің бірі ғана. Демек, Айдар есімі шаш қою әдет-ғұрпына байланысты пайда болған деген пікір күмән туғызады. Түркі тілдерінде «арыстан» мағынасындағы айдар атауы жоқ. Осы себепті Л.З. Будаговтың Айдар есімінің төркінін, «арыстан» мағынасын білдіретін айдар атауынан шығаратын пікірі де сенімсіз. Біздің пікірімізше, Айдар есімінің о бастағы алғашқы нұсқасы - айдар немесе қайдар болған. Түркі тілдеріндегі атаулардың бастапқы һ-қ-к-г дыбыстарының редукцияланып кез-келген жағдайда түсіп қалатындығы белгілі. Алғашқыда Хайдар болып айтылған Айдар есімі, түркі тілдеріндегі атаулардың бастапқы һ-қ-к-г дыбыстарының редукциялану құбылысына сәйкес Айдар болып өзгерген. Сонда Хайдар мен Айдар есімі, бір антропонимнің екі түрлі нұсқалары болып шығады.
Біздің пікірімізше, Хайдар есімі, хай және дар дейтін екі компоненттен тұрады, бірінші компонент хай-монғол тілінде «жылан» мағынасын білдіретін қай этнонимінің фонетикалық варианты, екінші компонент дар морфемасы. Оның мағынасын анықтауға жәрдем беретін пікірді Ө. Панзарбеков пен Б. Алтаевтардың еңбегінен таптық. Бұл зерттеушілердің дәлелдеуі бойынша қандай да бір этнос күшейген кезде олардың атауының не алдынан не соңынан «мықты-күшті» мағынасын білдіретін дур-тур сөзі қосарланып айтылған. Егер де Хайдар мен Айдар есімдерінің екінші компоненті дар – «мықты», «күшті» мағынасын білдірген болса, онда бұл есімдер – «мықты», «күшті жылан» тотемді адам мағынасын білдіретін антропонимдер болып шығады. Ал, Хайдар есімінің бірінші компоненті хай - монғол тілінде «жылан» мағынасын білдіретін кай этнонимінің фонетикалық варианты болғандықтан, аталмыш есімдер кай этнонимінің негізінде пайда болған дейтін қорытынды жасай аламыз. Жылан тотемді кай тайпасы күшейген кезде, бұл этнос атауының соңына «мықты», «күшті» мағынасын білдіретін тур терминінің фонетикалық варианты - дур қосақталып, каидур болып айтылған. Каидур этнонимі, көмейлік һ-х дыбыстарымен айтылған кезде айдар және Хайдар болып өзгерген. Осы Хайдар мен оның фонетикалық варианттары - Каидар немесе Қаидар этнонимінің негізінде Хайдар-Қайдар және Айдар антропонимдері пайда болған.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің пікірінше кай тайпасы күшейген кезде, биологиялық «жылан» атауының айдар немесе айдаьар дейтін балама атаулары, яғни жыланның іріленген, күшейген бейнесіндегі нұсқасы-ипостасы пайда болған. Олай болса, Хайдар мен Айдар есімдері, тек «мықты», «күшті жылан» тотемді адам дейтін мағынаны ғана емес, сондай-ақ «айдаһар» деген мағынаны да білдірген.
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстардың да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағұлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Жалпы қазақ халқы салт-дәстүр, әдет- ғұрып, наным-сенімге өте бай халық. Діни наным-сенімдерге байланысты: ұшықтау, садақа беру, бата беру, дұға қылу т.б. Қонақ күтүге байланысты әдет ғұрыптар: қолға су құю, қонақты төрге шығару, қонаққа мал сою, қол салу т.б. тәрізді болып келеді. Бұл халықтың қонақ жайлығын көрсетеді. Тұрмыс құруға, үйленуге байланысты: құда болу, қыз қөру, қыз айттыру, құда түсу, қалың мал төлеу, келін түсіру, беташар, қыз ұзату т.б. лингвомәдени бірліктер қолданылған. Салт-дәстүрлердің озық үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп біздің дәуірімізге жетеді. Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Сонымен түркі жазбалары тіліндегі кісі аттарының мағыналары әрбір ұлттың өмір сүріп отырған дәуіріндегі қоғамдық жағдайына, тұрмыс тіршілігіне, салт-дәстүріне, наным-сеніміне тікелей қатысты болып, сол антропонимдердің семантикасын халықтың барлық өмір тіршілігі, ғасырлар бойында қалыптасқан мәдениеті, рухани байлығы көрініс тауып жататына көзіміз жете түседі.
Половецтік деректерге қатысты Асен-Осен антропонимдерінің тілдік төркіні туралы И.Добродомовтың Әсен-есен «здоровый», К.Гренбичтің «расти, вырастать + афф. повелительной формы 3-го л.» пікірлермен келсу де қиын. Асен-Осен есімдерінің этимологиясын шынайы анықтауға жәрдем беретін дәлелді, тілдік және тарихи этимологиялық деректерді біз жоғарыда аталған Ө.Панзарбеков пен Б.Алтаевтардың аталмыш еңбегінен табамыз. Аталмыш авторлар, қытайдың «Чжоу шу» және «Суй шу» әулеиттік жылнамаларындағы Ашина тайпасы туралы деректе бұл этностың Асян шад есімін қабылдағандығына сүйене отырып бұлар, Ашина атауымен төркіндес екінші бір Асян есімін алған дейтін пікір білдіреді [106, 94б.]. Осы пікірді дәлелдейтін аргумент ретінде қазақ халқының қүрамындағы арғындардың Мейрам сопысы Қаракесек руының Асен, тоқал арғындардың Қанжығалы руының Есен, қыпшақтардың Қарсақ руының Есен аталарының атауын - қытай жылнамасындағы Асян есімінің этимологиялық варианттары деп береді және Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Есентуки қаласының атауынан Асян есімі мен "Суй шу"-дағы қос иероглиф ту гю-дің этимологиялық варианты-туки сөзін көретіндігін келтіреді.
Жоғарыда, осы бөлімшенің барысында VI-VIII ғасырлардағы Түркі қағанаттарының басында түрған ашиналардың Самогур, Ченегрепа, Кулоба есімдерін немесе рулық отбасына біріктіретін топтық атауларын жамылып половецтер арасында қыпшақ аталып жүргендігін, сондай-ақ олардың сары қыпшақтар арасында Кюнячюк, Тапх-Тарг, Бердібек, Боняк есімдері мен Тарголове этнонимінің пайда болуына қатысы барлығын анықтап, дәлелдеуге тырыстық. Егер де ашиналар половецтер арасында жоғарыда аталған лақап атауларды немесе есімдерді жамылып жүрген болса, есімдер мен этнонимнің пайда болуына қатысы бар болса, онда олардың Асен-Осен және Оселук есімдерінің пайда болуына да қатысы бар. Половец есімдері мен этнонимдерінің этимологиясына жасалған талдау, зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып, танымның дедукциялық жолымен Асен есімі - қытай жылнамасындағы Асян есімінің, яғни Ашина этнонимінің ал, Осенлук немесе Оселук есімі - Асянлук, яғни Ашиналық немесе «ашина руының адамы» дейтін мағынаны білдіретін туынды зат есімнің этимологиялық варианттары екендігі туралы жорамал айтуға болады. Осы анықтау негізінде мынадай қорытынды жасай аламыз: Асен-Осен мен Оселук есімдері – «ашина» және «ашина руының адамы» дейтін мағыналарды білдіретін есімдер.
Осы топқа жататын Турундай есімінің төркіні мен мағынасы туралы А.Зайончковский, Л. Будагов, К. Гренбичтің пікірлері мынадай: АЗ < турундай-турумтай назв. птицы;
1) < торун-турун-торум молодой верблюжонок (ЛБ, 1.389) + афф. уподобления-дай > торун-дай подобный верблюжонку, 2) < турна журавль (КГ, 257) + афф. -дай > турна -дай подобный журавлю.
Половец есімдері мен этнонимдерінің этимологиясына жоғарыда жасалған талдаулардан көрініп тұрғанындай, есімдер мен этнонимдер, негізінен тотем жануар, аң және құс атаулары негізінде пайда болған. Осы себепті Турундай есімінің төркінін торун мен турна есімдеріне дай жұрнағын жалғау арқылы ұқсату мағынасын білдіретін қатыстық сын есімдерінен шығаратын Л. Будагов пен К. Гренбичтің пікірлері емес, Турундай есімінің төркінін турумтай дейтін қос атауының шығаратын А. Зайончковскийдың жоғарыдағы пікірі шындыққа жақын келеді, бірақ бұл есімнің мағынасын анықтап бере алмайды. Қыпшақтарда, соның ішінде половецтерде кұс тотемінің, атап айтқанда, аққу, қарға т.б. төтемінің болғандығы ғалымдардың еңбектерінен белгілі.
Демек, орыс тіліндегі айтылымына сәйкес Турундай - түркі тілдерінде, соның ішінде «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» берілгендей тұрымтай дейтін құс атауының фонетикалық және этимологиялық варианты. Сонда орыс жылнамаларындағы Турундай – «кішірек келген сұнқар тектес жыртқыш құс» мағынасын білдіретін есім болып шығады. [ҚTTC 9 т. 288] Егер де половецтерде құс төтемі болған болса, онда оларда «тұрымтай» төтемі де болған. Осы тотем атауы негізінде сары қыпшақтарда Тұрымтай, орыс жылнамаларындағы [Turumtay – MK III,248] Турундай есімі пайда болған.
Осы топқа жататын Аксупа-Айсупа есімінің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будагов пен К. Гренбичтің пікірі мынандай: 1) Айсупа < айаз ясный (ЛБ, 1, 173, 179) + апа, 2) Аксупа < өкүз бык, вол (ЛБ, 1, 145) + апа, 3) Аксупа < огуз простой, грубый, невежа, глупый, имя собств. монгольского хана-Огуз (ЛБ, 142) + апа).
Түркі тілдеріндегі огуз сөзінің «қарапайым», «дөрекі», «әдепсіз», «ақымақ» мағыналары ауыспалы мағына. Оның тура мағынасы (okuz-бык, т.б.), мен ауыспалы мағынасы (грубый, неотесанный, тупой человек) деген мағыналарын Э.В.Севортян да өз сөздігінде көрсеткен (ЭСТЯ,522) Ал, ру тайпаның атты ретіндегі (oyus-oyuz,(ДТС,365) этнонимі көне түркі сөздігінде де берген [114, 458 б.]. Половец есімдерінің этимологиясына жасалған талдаулардан байқағанымыз, бұл есімдердің негізгі лақап атаулар мен этнонимдер және төтем жануар, аң, құс атаулары негізінде пайда болған. Ал, төтем жануар, аң, құс атаулары негізінде пайда болған есімдер арасында ит пен бөрі және құс атаулары арқылы пайда болған есімдер көпшілік болып келеді. Аракідік арыстан, айдаһар, жылан, ешкі, лақ атауларынан пайда болған антропонимдер кездеседі. Бірақ өгіз тотеміне байланысты өгіз атауынан пайда болған есім бір-ақ рет кездесті.
Жалпы половец антропонимдердің орыс жылнамаларындағы транскрипциясына немесе айтылуына сын көзбен қарамай сол күйінде қабылдап олардың этимологиясын анықтау тырысушылық, қателікке ұрындыратынын байқадық. Сары қыпшақ есімдерінің этимологиясын анықтауда біз половец қоғамын құрайтын этностар немесе социумдар этнографиясына, атап айтқанда тотемизм құбылысына баса назар аударуға тырыстық. Себебі, жоғарыда жасалған талдаулардың мазмұнының лақаптық этнонимдік тотемдік негіздерінің сипаты осындай қағидаларға алып келеді. Осындай деректерге сүйене отырып біз Аксупа есімінің төркінін половецтер арасындағы этнос атауымен, яғни этнонимімімен байланыстырамыз. Басқа тілден енген сөздер мен атауларды өз тіліне бейімдеп айткан кезде, айтылудағы интерференция салдарынан кейбір дыбыстардың түсіп қалатын ия өзгеретін (мыс. Токсоба т.б.) құбылысының тіл ғылымында ескерлетіні жоғарыда аталып өтілді.
Демек, Аксупа (орыс жылнамаларындағы жазулуы мен орысша айтылымымына сәйкес) ай (у) апа.
Орыс жылнамаларының дерегіне сүйене отырып, С.А.Плетнева, орыс княздары Владимир Мономах, Давыд және Олег Святославичтің 1107 жылдың қаңтарында "Аепа және басқа бір Аяпа"-ның даладағы мекеніне бітімгерлік сапармен аттанып, Владимирдің өз ұлы Георгиге Аепаның ал, Олегтің өз ұлына Акаепидің қызын әйелдікке алғандығы туралы жазады. Орыс жылнамасынан келтірілген "Аепа және екінші бір Аяпа" дейтін деректен біздің аңғарғанымыз, половецтерде Аепа есімді екі саяси тұлға немесе хан болған. Жылнамада бұлардың бірін Аепа, екіншісін Акаепид деп берген. Көрініп тұрғанындай, Аепа есімінің Акаепид дейтін екінші нұсқасы. Осы Акаепид деген нұсқасының бастапқы а дыбысы басқа тілдердегі атаулар мен сөздерінің орыс тіліне бейімдеп айтқан кезде пайда болатын приставка, ал каеп түбіріне жалғанған ид-орыс тіліндегі зат есімінен туынды зат есім жасайтын суффикс. Олай болса, Акаепид дейтін нүсқаның түбірі - каеп. Осы каеп түбірлі половец есімі мен этнонимін орыс жылнамаларынан іздестіргенмізде каепичи дейтін этнонимді кездестірдік, Тарихшы С. Ақынжанов және басқа да зерттеушілер орыс жылнамасындағы каепкчи этнонимінен монғол тіліндегі «жылан» мағынасын білдіретін қай тайпасының атауын көреді. Егер де каепичи этнонимінен каи тайпасының атауын керуге болатын болса, онда бұл этнонимнің түбірі - каи деп қарауға болады. Осы каи түбіріне, «ру» мағынасын білдіретін оба сөзінің орыс тіліндегі епа дейтін этимологиялық варианты жалғанған кезде айтылудағы интерференция салдарынан и дыбысы түсіп қалып, бұл этноним каепа болып айтылған сияқты [113, 341 б.].
Каепта атауына орыс тілінде тектік мағынада колланылатын ич (и) суффиксі жалғанған кезде, соңғы а дыбысы түсіп қалып бұл атау каепичи болып орыс жылнамаларында каепичи этнонимі пайда болған деп жорамалауға болады. Олай болса, половецтердің каиоба атауы жоғарыда көрсеткендей к дыбысы түсіп қалып, аиоба болып та айтылған. Осы каиоба және аиоба атауларының немесе этнонимдерінің негізінде половецтерде осы аттас есімдер пайда болған десек, сары қыпшақтардың каиоба және аиоба есімдері көне орыс тілінде каепа және аепа болып айтылған да, осыдан барып орыс жылнамаларында половецтердің Аепа және Акаепид дейтін есімдері пайда болған сияқты. Сондықтан бұл есімдердің төркіні мен мағынасы туралы А.Зайончковский, И.Добродомов, Л.Будагов, К.Гронбич және Н.Баскаковтың жоғарыдағы пікірлерімен келсе алмаймыз.
Осы топтағы Аръсланапа-Яросланапа есімінің төркіні мен мағынасын И. Добродомов пен К. Гренбич < арислан лев + ара дядя < арслан лев + ара почтительное обращение к старшим) арслан атуымен байланысты.
Басқа түркі тілдеріндегі арслан атауы қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігі мен үндестік заңына сәйкес арыстан болып айтылады. Арыстан жыртқыш аңдардың ең үлкені ірі ең күштісі екендігі белгілі. И. Добродомов пен К. Гренбич те осыған сәйкес, Арсланапа есімі - жыртқыш аңдардың ең үлкенінің арслан атауына, немесе «аға» мағынасын беретін жэне үлкенді сый-құрметпен атауда қолданылатын апа сөзінің жалғауынан пайда болған деп есептейді. Демек, Арсланапа есімінің бірінші компоненті мен жыртқыш аңдардың ең күштісіңің арслан атауы - арслан немесе арыслан атты этнос атауының, яғни этнонимнің негізі болған. Белгілі бір этнос адамдары өздері тотем тұтқан, өздерін солардан жаралғанбыз деп санайтын жануар, аң, құс немесе тау, өзен, ағаш тағы басқаларды өздерінің этностық атауына, яғни этнониміне негіз болған. Себебі адамдар, осы жан иелері мен жансыз заттарды, объектілерді өздерінің жаратушысы, желеп-жебеушісі, ал өздерін осылардың ұрпағы санаған, сондықтан да өз этнонимдеріне, тотемдеріне атау етіп берген.
Жұмыста келтірілген половец есімдерінің көпшілігі рулық отбасына біріктіретін топтық лақап атаулар мен этнонимдер негізінде пайда болғандығын дәлелдейтін деректер екені зерттеу барысында жасалған тұжырымдарға сәйкес, яғни «тотем атаулары мен антропонимдер-этнонимдер негізінде пайда болған» дейтін қорытынды жасауға әкеледі.
Арсланапа есімінің екінші компоненті апа, «ру» мағынасын білдіретін оба сөзінің этимологиялық варианты екендігі осы бөлімше барысында жасалған басқа талдауларда дәлелденген.
Осы топтағы Багубарс-Багъбарс-Бегъбарс есімінің төркіні мен мағынасы туралы И. Добродомов, Л. Будаговтің пікірін Н. Баскаков былай береді: ИД < баку холм + барс барс > барс, живущий в холмах; < бук-буг корпус, стан (ЛБ, I, 261) + афф. 3-го л. -у/-і > буг-и + барс тигр, барс (ЛБ, 1, 222) буги барс имеющий стан барса.
Біздің ойымызша, бұл пікірлердің кемшілігі олар орыс жылнамаларында орысша айтылған нұсқасын этимологиялық негізге алуында жатыр. Біздің ойымызша, бұл антропонимнің екінші компоненті - барыс «жыртқыш аң» атауы мағынасында қалыптасқан. Яғни, барс, яғни барыс – «барыс руы» немесе «тайпасы» дейтін мағынаны білдіретін компонент болып шығады. Ал бірінші компонентті Бегъбарс дейтін нұсқасындағы Бег түбірі арқылы анықтауға болады. Демек, осы тіркеске сәйкес Бегъбарс есімі «барыс руының бегі» дейтін мағынаны білдіретін антропоним болып шығады.
Половецтер тілінде «барыс руының бегі» дейтін мағынадағы барыс бегі сөз тіркесі, бегі барыс болып та айтылған. Біздің бұл пікірімізді XIII ғ. Египеттегі қыпшақ мамлюктерінің арасынан шыққан сұлтан Бейбарыс есімінің этимологиясы да дәлелдейді. Түркі тілдерінде ғ-й, г-й, к-й дыбыс сәйкестіктерінің бар екендігі белгілі [114, 364 б.]. Қыпшақтарда о баста Бегбарыс болып айтылған есім, г-й сәйкестігі бойынша Бейбарыс болып өзгерген. Бұл Бек-би мағынасын білдіретін бек немесе бег атауының этимологиялық варианты-бей екендігін дәлелдейді. Олай болса, Бейбарыс есімінің этимологиялық варианты немесе о бастағы алғашқы түпнүсқасы - Бегбарыс. Егер де XIII ғасырдағы қыпшақтарда Бейбарыс есімі болған болса, онда ХІ-ХІІ ғасырлардағы сары қыпшақтарда бұл есімнің Бегбарыс дейтін этимологиялық варианты болған. Половецтердегі осы Бегбарыс есімі, тәуелдік ұғымды білдіретін мағынада Бегібарыс болып та айтылған. Екінші жағынан Бегбарыс есімі половецтер тілінде Бегібарыс болып айтылмаған да, яғни тәуелдік ұғымды білдіретін нұсқасы болмаған да болуы мүмкін.
Орыс жылнамаларындағы Багубарс-Багъбарс-Бегъбарс есімі - сары қыпшақтар тіліндегі Бегбарыс антропонимін орыс тіліне бейімдеп айтудан пайда болған есім болуы да мүмкін, бірақ бұл мәселеде бір жағдай айқын, ол – жалпы қыпшақтарда Бейбарыс ал, половецтерде бұл есімнің Бегбарыс дейтін этимологиялық варианты болған.
Осы топқа жататын Куртък-Курътык есімінің этимологиясы туралы А. Зайончковский, И. Добродомов, К. Гронбич жэне Л. Будаговтың пікірі мынадай: АЗ: 1) < куртка старая женщина, 2) киркта сорок; ИД: 1) < коркут название печенежского племени, 2) < курт червяк + афф. уменып. формы -ик > куртик червячок; 1) < курт волк (КГ, 204; ЛБ, II, 74) + афф. уменып. формы - ик > куртик волчонок, 2) < куртик жила у барана (ЛБ, II, 75).
Көрініп тұрғанындай, Куртък-Курътык есімікің түбірі – кур, ал ток пен тык – зат есімнен туынды зат есім жасайтын лык немесе лық қосымшасының л-д, д-т сәйкестіктері бойынша пайда болған этимологиялық варианттары. Сондықтан Куртък–Курътык есімі, сары қыпшақтар тілінде тек Куртык немесе Құртық болып кана емес, сондай-ак Курлык және Құрлык болып та айтылған [115, 178 б.]. Половецтер тілінде Курлык немесе Құрлық болып айтылған есімнің түбірі – кур немесе кұр ал, осы тубірге жалғанған лык немесе лық зат есімнен туынды зат есім жасайтын қосымша. Осы жасалған тұжырымға байланысты кур-кұр түбірі, қандай мағынаны білдіреді дейтін занды сұрак туады. Көне түркі тіліңде «бөрі» мағынасын білдіретін кұрт атауының, бар екені деректелген прото-алғашкы түркі тілінде «бөрілер» дейтін көптік мағынаны т аффиксі арқылы, ал құр мен оның фонетикалык варианты – кур, «бөрі» дейтін жекелік мағынаны білдіретіндігін көрсетуге болады. Егер де құр мен кур атауы прото-түркі немесе көне түркі тілінде «бөрі» мағынасын білдірген болса, онда тотемдік сипаттағы этнонимнен жасалған антропоним деп анықтауға болады.
«Қобланды» жырдағы Қобланды жары – Құртқа. Бұл антропонимнің этномәдени, әлеуметтанымдық астары, бізінше проф. Т.Қоңыратбаевтың еңбегінде ашылады: «...ол Көктім Аймақ елінің қызы. Дәл осы тұста бұл антропонимнің этникалық сипаты да байқалады. Біріншіден, Көктім Аймақ түркімен елі. Сол елден шыққан Құртқа жылқы таниды, оның бабын да жетік біледі. Құртқа табиғатына тән бұл ерекшелікті жыр бекер қамтымаса керек. Екіншеден, Құртқа атауының Сефевилер династиясына енген түркімендер тобы «қызылбас» деп аталғаны мәлім. Қызылбастардың құрамына күрт тайпасының жекеленген тармақтары да енген. Құртқа атауын осы «күрт» этнонимінен тудыруға да негіз бар» [95, 205 б.].
Осы топтағы Тугоркан-Тугортак есімінің этимологиясы туралы И. Добродомов, В. Радлов, Л. Будаговтардың пікірі мынадай: ИД < туг-родить + афф. причастия -ар > туг-ар рожденный + тегин принц > тугар тегин рожденный принцем; 1) < тогуртак-тогуртки дятел (Р, III, 1160, 1431), 2) < тогрут-исправлять, выправлять (ЛБ, I, 747) + афф. действующего лица ак или кан > тогрут-ак-кан тот, кто исправляет, выправляет).
Осы пікірлердің ішнен И.Добродомовтың Тугоркан-Тугортак есімінің төркінін, тугар тегин сөз тіркесінен шығаруы көңілге қонымды, ттарихи этимологиялық негізі бар. Себебі түркілерде тоқылдақ-тогуртак дейтін этноним мен отбасы-рулық лақап атау болмаған болса, онда оларда тоқылдақ-тогуртак атты құс тотемі де болмаған. Түркілерде тоқылдақ-тогуртак атты құс тотемі болмауы себепті, половецтерде «тоқылдақ құс» мағынасындағы тогуртак деген кісі атауы болмаған дейтін тұжырым жасай аламыз. Дегенмен, Тугоркан-Тугортак есімінің этимологиясын анықтауға жәрдем беретін пікірді, жаңа мәліметті Ө. Панзарбеков пен Б. Алтаевтардың аталмыш еңбегінен табуға болады.
Бұл зерттеушілердің дәлелдеуі бойынша, алғашқы түркілер-хундардың алғашқы шаньюйі Модэнің әкесінің қытай жылнамаларындағы Туман атауының алғашқы нұсқасы, яғни архетипі-Тобан болған, Тобанның мағынасы – «төбе би», яғни билік дәрежесі төбедей ғана биік болған, б.д.д. 209 жылы экесін өлтіріп, бір жылдай Тобан аталған Модэ, 208 жылы шығысындағы дунху-татарлар мен батысындағы юеши-ушилерді қирата жеңгеннен кейін, өз дәрежесін Тобаннан да биік, жоғары санаған. Осы себепті, бұл лауазымды реформалап, Тобан атауындағы басқы буын то-ны, таг күйінде дыбыстап, оған: «кең», «ауқымды», «көлемді», «биік» көптік мағыналарын беретін ур жалғауын қосарлап, өзін тогур деп жариялаған Модэні, оның талабы бойынша тау басындағы ақ киізге көтеріп, тау сұлбасына ұқсата биік етіп жасалған орындыққа отырғызған. Осы тарихи оқиғадан кейін хун қоғамында тогур атақ-дәрежесі ал, қытай жылнамаларында осы тогурдың шаньюй дейтін калькасы, яғни қытай тіліндегі мағыналық баламасы, сөзбе-сөз аудармасы пайда болған [116, 105 б.]. Олардың пікірінше Тобан лауазымын реформалаудан тогур-шаньюй, баг-бег, хан немесе қаған секілді үш атақ-дәрежесі дүниеге келген. Тау сұлбасына ұқсата арнайы жасалған таг, қазақша тақ атты ең биік орындыққа Модэ шаньюй отырған, таққа отыру деген түсінік б.д.д. 208 ж. Модэнің осы орындыққа отыруына байланысты пайда болған, бүдан пәстеу орындыққа Хуннулардың ханы ал, одан да пәстеу орындыққа Сюньюйлардың бегі отырған, осылайша хун қоғамында баспалдақ сатылы дәрежедегі орындықтар пайда болған, бұл орындықтарды жалпы бір атаумен тогур, қазақша тұғыр деп атаған. Тұғырға көтерілу деген түсінік, хун қоғамында орын алған осы тарихи оқиғаларға байланысты пайда болған, тұғырға көтерілу-таудай биікке, жеңістің биігіне көтерілу деген мағынаны білдірген.
Тогур-шаньюй атақ-дәрежесі, өз мағынасында түркілер арасында сақталып қалмағанымен Тугорхан Зиеевич, Тогорил, Тогрул, Ертогрул сияқты кісі есімдері және шәнию, шәниіп отыру секілді етістіктер түрінде сақталған. Осы дәлелдеуіне сүйне отырып, Тугоркан-Тугортак есімінің алғашқы нұсқасы Тугоркан антропонимінің бірінші компоненті Тугор-Тогур атақ-дәрежесінің ал, екінші компоненті кан-хан атақ-дәрежесінің фонетикалық варианттары дейтін қорытынды жасай аламыз.
Осы топқа жататын Алак есімінің этимологиясы туралы Л. Будаговтың пікірі мынандай: 1) < илак-илаг-улак маленькая лошадь, козленок, только что родившийся (ЛБ, 1, 152) 2) < олак неискусный, ненаходчивый (ЛБ, 1, 152,)
Әрине, жаңа туылған нәрестеге икемсіз, орашолақ, болымсыз мағыналарын білдіретін олақ сөзін есім етіп беру, сондай-ақ ер адамның осындай болуы, осындай икемсіз, болымсыз адамның тарих көшіне тіркелуі ақылға қонымсыз, бұлай болуы мүмкін емес. Олай болса, Алак есімінің төркінін «кішігірім ат», «жаңа ғана туылған лақ» мағыналарын білдіретін илак-илаг-улак атауынан шығаратын Л. Будаговтың пікірі шындыққа жақын келеді.
Осы топқа жататын Сокал-Искал есімінің төркіні туралы И. Березин мен И. Добродомов жэне Н. Баскаковтардың пікірлері мынадай: ИБ, ИД < сакал борода; < йуксал возвышайся (ЛБ, II, 380). [117, 140 б.].
Осы себепті, Сокал-Искал есімінің төркінін, түркі этнонимдерінің жүйесінен іздеу керек. Тарихшы түркітанушы Ө. Панзарбектің көрсетуінше, VII ғасырдың ортасында Іле өзені алқабының жоғарғы бөлігіндегі қытайша Ву-лоу аталған әскери округты түргештердің согэ мохэ атты тайпасы мекендеген.
Қытайлық согэ мохэ этнонимінің түркілік транскрипциясы сакал бака, ал сакал бака этнонимі түркі тілдеріндегі с-ш-ж, к-г-ғ және и-к сәйкестіктері бойынша жағал баиа болып айтылған. Жағал баиа атауының екінші компоненті баиа сөзіне есімдерден сын есім тудыратын лы жұрнағының жалғануынан жағал баиалы немесе баилы этнонимі пайда болған. Оның дәлелдеуі бойынша, қазақтың Кіші жүзінің жетіру тармағына кіретін жағалбайлы руы - сары түргештердің ұрпақтары.
Көрініп түрғанындай, половецтердегі Сокал есімінің фонетикалық варианты – сакал, сары түргештердің сакал бака, яғни жағалбайлы руы атауының бірінші компоненті – сакал болып шықты. Олай болса, Сокал-Искал есімі, половец қыпшақтарды құраған рулар бірлестігінің бірі - Етебичи, яғни жетіру бірлестігіне кіретін сакал бака - жағалбайлы руы атауының бірінші компоненті сакал атауының негізінде пайда болған. Егер де аталмыш есім, Етебичи-жетіру бірлестігіне кіретін сакал бака - жағалбайлы руы атауының бірінші компоненті сакал атауының негізінде пайда болған болса, онда орыс жылнамаларындағы Етебичи, Иета атты рулар бірлестігі-қазақтың Кіші жүзінің жетіру тармағы. Мұндай тұжырым жасауымыздың себебі, половецтердегі Сокал есімінің пайда болуына негіз болған жағалбайлы этнонимін иемденуші ру қазақтың Кіші жүзінің жетіру тармағына кіреді.
Мұндай қорытынды жасауда біз, жалғыз емеспіз. Бізге дейін X.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, С. Ақынжанов секілді тарихшы ғалымдар Етебичи мен Иета, Кіші жүздің бір тармағы жетіру бірлестігі болса керек дейтін болжам жасаған. Половецтердегі Сокал есімінің этимологиясына жасалған талдау нәтижесінде аталмыш ғалымдардың бұл болжамы, дәлелденіп отыр.
Осы топқа жататын Сърчан-Сырчан есімінің төркінің Н.А.Баскаков «сары» түсімен байланыстырады. Түркі тілдеріндегі ч-т сәйкестігі бойынша сырчан атауы, сыртан ал, екпін т дыбысына түсірліп айтылған кезде сырттан болып өзерген. М.Қашқаридің «Түрік сөздігі»-нде сырттан-арлан бөрі, яғни көкжал бөрі [118, 458 б.], ал В.В.Радлов еңбегінде «қорқау қасқыр» мағынасында берілсе қазақ тілінде: «тегі жақсы, қырағы, алғыр» (ит, қасқыр) (ҚТТС,8т,506). Көрініп тұрғандай, сырттан мейлі «көкжал», мейлі «қорқау», болсын әйтеуір бөрі тұқымына жатады екен. Олай болса, сырттанның этимологиялық варианты сырчан атауы да «бөрі» мағынасын білдірген. Жасалған осы тұжырым негізінде сырчан сыр және чан дейтін екі компоненттен құралған дей аламыз. Түркі тіліндегі а-ә сәйкестігі бойынша бірінші компонент сыр, сар болып та айтылған. Осы сар архетипі сары қыпшақтар атауында және қазіргі қазақ тілінде сары болып айтылып, түсті білдірген атауға айналған.
Половецтер мен қазақ тілінде -р дыбысына -ы эпитезасы қосарлана айтылып, бұл дыбыс ры болып дыбысталған. Екінші компонент чан оның чан-чон-чин этимологиялық варианттары бар. Ал, чон мен чин монғол тілінде «бөрі » мағынасын білдіретін чоно және чино атауларының түбірлері. Егер де чон мен чин «бөрі» мағынасын білдіретін атаулардың түбрлері болса, онда осы морфемалардың этимологиялық варианты чан да осындай мағынаны білдіретін атаудың түбірі болып табылады. Басқаша айтқанда, чан-чон-чин «қасқыр» мағынасын білдіретін морфемалар. Сырчан-Сарчан есімнің этимологиясына жасалған талдауды қорыта келгенде, бірінші компонент сыр-сар, атаунан шыққан сары қыпшақтарды, ал екінші компонент чан морфемасынан «бөрі» тотемді ашиналарлды көруге болады. Сонда Сырчан Сарчан, сары қыпшақтар мен ашиналардың бірігіп, половец қыпшақтарға айналғандығын білдіретін, бейнелейтін есім болып шығады. Сырчан есімінің фонетикалық варипнты сары бөрі, ал этимологиялық варианты - сырттан «көкжал бөрі» немесе «қорқау қасқыр» мағынасын білдірген.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сырттан тірі жан иесінің күштілігін, мықтылығын, тегтілігін, алғырлығын білдіретін сын есім ретінде берілген. Сырттан атауының мұндай мағынасы кейін пайда болған, ауыспалы екінші мағына б.д. 552 жылынан кейін түрік деген атауымен тарих аренасына шыққан ашиналардың бұл атауы «күшті» «мықты» дейтін мағына білдірген. Осындай мағынаны білдіретін түрк терминімен аталған ашиналар, «бөрі» тотемді болғандықтан бұлардың көкжал бөрі мағынасындағы сырттан атауы «күшті», «мықты», «текті», «алғыр» мағыналарын білдіретін болған. Басқаша айтқанда, ашиналар мен «көк бөрі» аталған ашинадардың күштілігі, мықтылығы, тегтілігі, алғырлығы олардың сырттан атауының екінші, ауыспалы мағынасына айналған.
Осы топқа жататын Емяк есімінің төркіні туралы А.Зайончковский мен Н.Баскаковтың пікірі мынандай: АЗ <название племени кыпчаков 1)<Иемек имак ласковый (Р,І,1403) 2)<емек забота, попечение (ЛБ,I ,93)
Біздің пікірімізше, Емяк есімін қыпшақтардың Йемек тайпасының атауымен шендестірген А.Зайончковскийдің пікірі дұрыс. Иемек этнонимдегі бастапқы й сынары кимек немесе иемектер тіліндегі протеза. Тілдерінде й протезасы жоқ этностар, Иемек этнонимін айтқан кезде, й сынары редукцияланып бұл атау емек болып айтылған. Осы емек атауның негізінде половецтерде Емек есімі пайда болған Половецтердің Емек есімі, көне орыс тілінң ерекшелігіне сәйкес бейімделе айтылған кезде Емяк болып өзгерген. Осыдан барып орыс жылнамаларында половецтердің Емяк есімі пайда болған.
Половецтердің деректеріне қатысты Куранбас атты әскербасының есімі келтіріледі. Куранбас есімі, р-л сәйкестігі бойынша Куланбас ал, р-н сәйкестігі бойынша Кунанбас болып айтылған. Куланбас көне қыпшақ және қазіргі қазақ тілінде Құланбас болып айтылған. Қыпшақ тайпасының шежіресі бойынша мүйізді сары абыздан құлан қыпшақ тарайды. Осы құлан этнонимнің негізінде р-л сәйкестігі бойынша ортағасыр қыпшақтарында тарихи Қырын, ал көне қыпшақ тілінің мұрагері қазіргі қазақтарда Құлан, Құланбай, Құланбек есімдері пайда болған. Р-л сәйкестігі бойынша құлан этнонимнің негізінле ортағасыр қыпшақтарында сондай-ақ Қыранбас және Құлана есімдер дүниеге келген. Половецтердің Қыранбас есмі, орыс тілінде Куранбас болып айтылған [119, 458 б.].
Cонымен, ХІ ХІІІ ғасырларда шығыста Алтай мен батыста Қарпат тауларының аралығындағы далалық Евразияны алып жатқан қыпшақтар жерінің батысын, орыс жылнамашыларының «Половец - даласы» ал, Еділ мен Ертіс өзендерінің аралығында шығыстын, парсы авторларының «Дешті Қыпшақ» деп аталғандығы белгілі. Қыпшақтанушы ғалымдар, ортағасыр қыпшақтары жерінің «Половец даласын» - Батыс Дешті Қыпшақ ал, Еділ мен Ертіс аралығында даланы - Шығыс Дешті қышақ деп атайды [93, 24 б.]. Қыпшақтар жерін, қыпшақтанушылардың осылайша екіге бөлуі бойынша біз қазіргі Қазақстандағы мекендеген қыпшақтардың есімдерін Шығыс Дешті Қыпшақ антропонимдері деп атадық. Шығыс Дешті Қыпшақты негізінен қара қыпшақтар мекендегендіктен бұл есімдерді қара қыпшақ антропонимдері деп те атауға да болады. Шығы Дешті Қыпшақ антропонимдері диахрондық әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылатындықтан әлеуметтік және демографиялық мағұлматтар алудың дерек көзі ретінде ортағасыр қыпшақтарытуралы жазылған тарихи этнологиялық зерттеулерді пайдаланамыз.
Егер де половец-куман есімдері туралы мәліметтер, половецтер туралы жазылған зерттеулерден алынса, Шығыс Дешті Қыпшақ антропонимдері туралы мәліметтерді қазақ халқының «Қобланды батыр» (Тоқтарбай, Қобланды, Құртқа, Көбікті, Бершімбай, Қарлыға, Көклен, Қарамал т.б.) жыры мен қыпшақ тайпасының шежіресінен және ортағасыр қыпшақтары туралы жазылған тарихи этнологиялық зерттеулерден аламыз.
Сонымен, кез келген қоғамды этностардан құрайтындығы ал, этнос - дегеніміз әлеуметтануда әлеуметтік топ, яғни социум болып табылатындығы белгілі. Ортағасыр қыпшақтары қоғамдарын қандай этностар немесе әлеуметтік топтар құрағандығын тарихшылардың, этнологтардың, қыпшақтанушылардың еңбектерінен білуге болады. Шығыс Дешті Қыпшақ есімдерін диахрондық әлеуметтік лингвистика тұрғысында зерттеу үшін керекті әлеуметтік және демографиялық мәліметтерді белгілі қазақ тарихшысы С.М.Ақынжановтың «Кыпчаки в истории средневекового Казахстана» атты монографиясынан және төрт томдық Қазақстан тарихының І томынан алдық.