А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет136/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Қорықпас білем обалдан» 1989, 1991 жж. жинақта өзгертілген. Бұл 
өзгертулер түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы 
жинақ негізге алынды.
«лермонтовтан». Бұл туынды «Ақ жолға» енбеген. Түпнұсқадағы: 
«Отрывок из поэмы Лермонтова», «Мцыри», «Монахсопы» де-
ген түсінік-сілтемелер 1989, 1991 ж.ж. басылымдарда ескерілмеген. 
«Тифлис шаһарына өтіп кетті» дегендегі қала аты 1989 ж. жинақта 
«Тиблис» деп, «Мейілі шаппағанын дәм-тағамға» деген тармақтың 
бірінші сөзі «Тәбеті» деп өзгертілген. Бұл өзгеріске түскен сөздер 
мен сілтемелер түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, 
осы жинақ негізге алынды.
ҚАзАҚтың БАс АҚыны
Бұл ғылыми-зерттеу мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39, 40, 
43-сандарында жарияланған. Газет нөмірлерінің микрофильмдік төл 
көшірмелері ҚР Орталық Ғылыми кітапханасында сақтаулы. Ал, осы 
газеттің №39-40 нөмірі ҚР Ұлттық кітапханасының қорында бар.
Микрофильм сапасының нашарлығына байланысты 43-сандағы 
мәтінді оқу мүмкіндігі болмады. «...Абайдың асылын танып, дұрыс 
баға берген нәрсесі жалғыз өлең емес, көп нәрсені Абай сөз қылған» 


364
деп басталатын газеттің 43-санында жарияланған мәтіні түпнұсқамен 
салыстырылмады, сондықтан 1989 жылғы жинақты негізге алдық. 
Ал, аталған әдеби зерттеудің «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-40-
сандарындағы мәтінін 1989, 1991 жж. жинақтармен салыстырылып, 
өзгеріске түскен сөздер қалпына келтерілді. Газеттегі: «...мақтап 
отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолаларымыз...» де-
ген тіркесте XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі 
болып табылатын ақынның аты «Әдебиет танытқышта» Ақмолда деп 
аталған, ақын есімі түзетілді.
39-сандағы мәтіннің 1-бетінде: «Абай кітабы. Бағасы – 70 тиын. 
Семейде Көпбай Байысов лавкасында сатылады» деген сілтеме беріл-
ген. Мәтіннің осы тұсы да түпнұсқа бойынша берілді.
39-санның 3-бетіндегі «Біліммен би болып, жұрт билейтін за-
ман өтіп, тасың би болатын заманға қарсы туған» деген сөйлемдегі 
«тасың» деген сөзден кейін 1989, 1991 жылғы жинақтарда «тас-
пен» деген сөз жақшаға алынып, қосарлана берілген. Түпнұсқадағы 
қалпына келтірілді.
1989, 1991 ж. жинақтарда «Қосарлы бейітсымал келді арасы» де-
ген өлең жолындағы «бейітсымал» деген сөзге сілтеме түрінде «Өлең, 
жыр» деген түсінік берілген. Бұндай түсінік түпнұсқада жоқ.
Ал, түпнұсқадағы «Мінәжат ғалымдардың зар-наласы» деген тар- 
мақтағы «ғалымдардың» деген сөз жоғарыда аталған жинақтарда 
«уәлилердің» деген сөзбен ауыстырылып, бұл сөзге де сілтеме ретінде 
«Әулие, Пайғамбар» деген түсінік берілген екен. Түпнұсқа қалпына 
келтірілді.
Газеттің 40-санында мысал ретінде алынған Абайдың «Өлең 
сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінен соң сілтеме ретінде 
бұл шығарманың мәтіні қашан және авторының кім екенін білдіретін 
«1887-ші жыл (Абай)» деген анықтама берілген, ал бұл анықтама 
жоғарыда көрсетілген екі жинақта да алынып тасталған. Бұл жинақта 
олар түзетіліп берілді.
«Қазақ» газетінің 39, 40-сандардағы мәтіндерден кейін автордың 
аты-жөні «А.Б.» деп қысқартылған түрде көрсетілген. Ал, 43-санның 
микрофильмдегі мәтінінің тым көмескілігінен жалғасын оқу қиын 
болғандықтан, оның соңында да осындай қысқарған атау тұруы 
мүмкін деген болжам жасауға болады.


365


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет