әДеБиет тАнытҚыШ
Ғылыми түсініктемеде «Әдебиет танытқыштың» 2003 жылғы
жинағы негізге алынып, түпнұсқамен қайта салыстырылды, өзгер-
тулер енгізілді.
Көрнек өнерінің тараулары. Түпнұсқадағы «...келтіре сүгірет
жасау өнері» деген тіркес 1989 жылғы жинақта «...келтіріп сүгірет
жасау өнері» деп, ал 1991 жылғы жинақта «...келтіре сурет жасау
өнері» болып өзгертілген.
Түпнұсқадағы «...қарайық» деген сөз 1989 жылғы жинақта
«қарайық» деп дұрыс келтірілсе, 1991 жылғы жинақта «...қаралық»
деп өзгерген. Бұл 2003 жинақта қалпына келтірілген, біз осыны не-
гізге алдық.
Абайдың әйелді сымбаттауы. Түпнұсқа мен 1989 жылғы
жинақтағы «аласыз....» деген сөз 1991 жылғы жинақта «Аласы аз....»
деп берілген екен. «Көрінер аузын ашса, кірсіз тісі» деген жолдар
түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақта дұрыс берілсе, 1991 жылғы «Ау-
зын ашса, көрінер кірсіз тісі» болып, сөздердің орын ауысқан.
Түпнұсқадағы «Тамағын үлбіреген кір шалмайды» деген өлең жолы
«Ақ жолда» «Үлбіреген тамағын күн шалмайды» болып өзгерген. 1989
жылғы жинақта түпнұсқадағыдай берілген. Түпнұсқадағы «Шашы
бар қолаң қара жібек талдай» деген өлең жолын 1989 жылғы ба-
сылым түпнұсқаға сай берсе, 1991 жылғы басылымда «Қолаң қара
шашы бар жібек талды» болып өзгерген. Түпнұсқа 2003 жылы
қалпына келтірілген, осы нұсқа негізге алынды.
Абайдың күзгі күнді сүгіреттеуі. Түпнұсқада «Айырылған жапы-
рағынан....» деген сөз тіркесі 1991 жылғы басылымда «Жапырағынан
айырылған...» деп орындары ауысқан. 1989 жылғы жинақта
өзгермеген.
Түпнұсқадағы «Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең» де-
ген өлең тармағы 1989 жылғы жинақта дәл осы ретпен берілсе, 1991
жылғы басылымда «Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең» деп
сөздердің орыны ауысқан. 2003 жылы түпнұсқаға сәйкес түзетіліпті,
осы нұсқа негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |