А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет134/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

«Пушкин (Вольтерден)»Бұл өлең – А.С.Пушкиннің «Стансы (из 
Вольтера)» атты туындысының аудармасы. Пушкин шығармаларының
10 томдық толық жинағында 1817 жылы жазылған бұл шығарма 
жөнінде: «При жизни Пушкина не печаталось. Вольный перевод 
стансов Вольтера Сидевилю» деп жазылган (А.С.Пушкин. Полное 
собрание сочинений в десяти томах. Издание четвертое. Том первый. 
Стихотворения. 1813-1820. Ленинградское отделение Ленинград: На-
ука, 1977. Стр. 471). Вольтер (бүркеншік аты, шын аты мен фамили-
ясы – Мари Франсуа Аруэ. (21.11.1694, Париж – 30.5.1778, сонда) 
француз жазушысы, философ, тарихшы.
«Стансы» терминіне М.В.Гаврилов: (франц. «stance», италиянша 
«stanza шумақ», сөзбе сөз мағынасы: тұрған жер, аялдама) ХVIII-XIX ғ. 
поэзиясында шағын көлемді шумақтар түрінде жазылған (әдетте төрт 
тармақ, көбінесе 4 бунақты ямб), әрқайсысынан соң міндетті кідіріс 
(нүкте), мазмұны көбінесе медитативті. Орыс әдебиетінде А.С.Пушкин- 
нің «Стансылары» кеңірек танылған. С. жанрлық белгілері айқын 


362
емес, ХІХ ғ. өшеді», – деп түсінік берген (Литературный энцикло- 
педический словарь. Москва: Советская энциклопедия, 1987. Стр. 
419).
1991 ж. жинақта аударма-өлең атауындағы «Пушкин» деген сөзі 
көрсетілмеген. 2003 ж. жинақта түпнұсқа бойынша «Пушкин. (Вольтер- 
ден)» деп түзетілді. Түпнұсқадағы: «Қыздыр дейсің, топ, жиынды жан 
дейсің» деген тармақ 1989, 1991 жж. жинақта «Қыздыр дейсің мәжі- 
лісті, жан дейсің» деп өзгертілген. Бұл өзгеріске түскен өлең жол-
дары түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы жинақ 
негізге алынды.
«Ат». Түпнұсқадағы: «Әбзелмен жарқыраған әсем басып» деген 
тармақтың «басып» сөзі 1989, 1991 жж. жинақта «басқан» деп өзгер- 
тілген. Бұл сөз түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, 
осы жинақ негізге алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет