Құндылықтарды дарыту
|
Байқағыштық, шапшаң ойлау қабілеттерін арттыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Көркем еңбек, жаратылыстану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Кейбір геометриялық фигураларды біледі.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс - әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
3 мин
|
Ширату жаттығуы
(Ұ): Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Қолдарына лента беремін.
-Осы лентаның шетінен бәрің ұстап тұрыңдар және өздерің білетін әртүрлі геометриялық фигура жасауға тиіспіз. Мысалы: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, бесбұрыш, шеңбер.
Мақсатпен таныстыру: геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышпен танысамыз.
(Ұ,Д):« Сиқырлы қобдиша» ойыны. Оқушылар қобдишаға қолын салып тұрып, қарамай фигура алады. Сол фигуралар бойынша 3 топқа бөлінеді.
|
Лента
Қобдиша, геометриялық пішіндер
|
Сабақтың ортасы
5 мин
5 мин
7 мин
|
Оқушыларға дайын фигуралар бейнеленген кеспелер таратылады
(Т): Топтарға геометриялық фигуралар бейнеленген парақшаларды таратып беру және оқушыларға осы фигуралардың ішінен өздеріне таныс фигураларды қоршап шығуларын тапсыру. Тапсырма орындалып болғаннан кейін топ басшысы таныс фигураларды атайды. Егер басқа топтар да сол фигураны қоршаса, «Бас бармақ» әдісі арқылы «Тамаша!» деп айтады.
(Д): Таныс емес фигуралар жайлы мағлұмат беру мақсатында мына тапсырма дербес орындалады:
Оқушыларға сызық сызуды ұсыну, бұл сызықтың түзу деп аталатынын, оның басы мен соңы жоқ екенін түсіндіру. Содан кейін осы түзу сызықта оқушыларға нүктені белгілеуді айтамын. Оқушыларға нүктеден оң жаққа немесе сол жаққа түскен сызықтың сәуле деп аталатынын, ал нүктенің өзі сәуленің басы болатынын түсіндіру. Оқушыларға сәуленің соңы жоқ деп қорытынды жасатқызу. Бұдан әрі осы сызықта оқушыларға екінші нүктені қоюды сұраймын.осы екі нүкте арасындағы аралықтың кесінді деп аталатынын, оның басы мен соңы бар екенін түсіндіремін
(Ж/Қ) Геометриялық фигуралардың заттармен ұқсастықтарын анықтату мақсатында жұппен орындалады:
Кеңістік фигураларының атауын оқыңыз.Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сызыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді
- куб пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді;
-шар пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді.
|
Геометриялық фигуралар бейнеленген парақша
Қарындаш, сызғыш
ҚБ, 25бет
Сызғыш, қарындаш
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |