2.2 Геометриялық фигураларды сабақтарда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану
Қазіргі заманғы білім берудегі мақсатқа жетудің негізі мектептегі оқу тәрбие үрдісін, формаларын және әдістерін жаңарту. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі – оқушылардың жан – жақты дамуын жетілдіру. Осы бағытта білім алып отырған әр бір жас жеткіншектің тұлғалық бағдарлы білім алуына зерттеушілік, байқампаздық, зеректік қабілетін дамыту ісі әр бір педагогтан кәсібн шеберлікті қажет етеді.
Бастауыш сыныпта оқитын бала әлі қоршаған ортамен танысу процесін бастан кешіруде болады. Сондықтан да ол өз болмысында байқампаз, зерек болып келеді. Сол қабілеттерін жетілдіріп, дамыту үшін түрлі әдіс – тәсілдер қолданып келемін. Солардың бірі геометриялық фигураларды таныту. Оларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Бұл бағыттағы білім білікті тек қана математика емес, барлық пән сабақтарында қалыптастыруға болады.
Геометрия ғылымы туралы қысқаша. Геометрия – көне де, қызықты ғылым. Ол адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен туындаған. Мысалы, ара қашықтық, аудан, көлем, т.с.с. әр түрлі шамаларды өлшеу геометрия ғылымына негізделеді. Сонымен қатар ол фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Ол гректің «гео» жер, «метрео» өлшеймін деген сөздерінен шыққан фигура деген сөзді нүктелер жиыны деп ұғамыз. Геометриялық пішіндердің қасиеттері туралы алғашқы мағлұматтарды адамдар күнделікті өмірде айнала қоршаған әлемді бақылай отырып түсіне бастаған. Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркуль мен сызғыштың алғашқы пайда болғаны – сызғыш.
Математика сабағында пайдалану. Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларында нүктенің, түзуді және қисық сызықтардың, түзу кесіндінің көпбұрыштардың, шеңбердің, дөңгелектердің айқын бейнелерін қалыптастыру керек. Мұғалімнің міндеті оқушыларды осы фигураларды бөліп көрсетуге, олардың атын атап дұрыс көрсетуге, оларды қағаз бетінде және тақтада кескіндеуге, екінші сыныптан бастап әріппен белгілеуге үйрету. Балалар берілген ұзындықтағы кесіндіні өлшеуге және сызуға үйренулері тиіс. Нүктемен оқушылар бірінші сыныпта алғашқы қадамынан бастап – ақ танысады. Бірінші сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсінігі олардың әр түрлі практикалық жаттығуларды орындау процесінде қалыптасады. Мұнда түзу сызықты қисық сызықпен салыстырады. Мысалы жіпті (бау, шпагат) кереді одан кейін оны ол салбырап тұратындай босатады. Түзу жолмен жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттерді қарастырады. Парақ қағазды бүктеп, оны қайта жазып иілген жері бойынша оны қияды т.с.с. Әр жағдайда қандай сызық (түзу сызық па әлде қисық сызық па) пайда болғанын түсіндіріп отырамыз.
Математика сабағында «Нүкте. Сәуле. Бұрыш» тақырыбын өткенде фигуралардың нүктелер жиынтығынан құралатынын түсіндіре келіп, әр фигураны атап айтқызамын. Кеспе қағазды пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш т.б. Фигуралардан қандай бұйымдар жасауға болатынына ой тастаймын. Оқушылар ойлана келіп, интерактивті тақтадан шаршы мен үшбұрыштан үйді құрастырып, тіктөртбұрышты фигуралардың екі түрін алып машина құрастырады, дөңгелектерден аяқтарын қояды.
Бірнеше нүктелерді тақтаға белгілеймін. Оқушыларға сол нүктелерді қосатын түзулер сызғызамын. Біріккен түзулерден шыққан фигуралардың атын айтқызамын. Әр түрлі кеспе қағаздардан фигуралар жасап, ондағы пішіндердің неге ұқсайтынын айтқызамын. Қоршаған ортадан сол фигураға ұқсайтын бұйымдарды тапқызамын.
Сауат ашу пәніне қолдану. Бірінші сыныпта «Сауат ашу» пәнін оқыту барысында «Дыбыс және әріп» тақырыбында дауысты дыбысты қызыл дөңгелекпен белгілеп ажырата бастаймыз. «А әрпі мен дыбысы» тақырыбын өткенде «алма» сөзі төрт дыбыстан тұрады, төрт шаршымен белгіленген. Олардың дыбысталуы, қандай фигура екенін дауысты екі қызыл дөңгелек пен дауыссыз екі көк дөңгелектен тұратынын белгілетемін. Алманың түсі, дәмі, пішіні қандай деген сұрақтар қойып, домалақ пішінді тағы не көріп тұрсыңдар? дей отырып басқа да бұйымдардың пішінін ажырата білуге машықтандырамын. Мысалы: алмұрт сопақша, апельсин, анар да домалақ екен, ал банан сопақша екен т.с.с. «Я әрпі мен дыбысы» тақырыбын өткен кезде «Ұя» өлеңін мәнерлей оқи отырып құстың ұясының неден жасалғанын, кім жасағанын, қалаи жасалғанын сұраймын. Ұяның пішінін сипаттауды сұраймын. Қабырғасы шаршы немесе тік төртбұрыш, ал шатыры үшбұрыш фигураларына ұқсайтынын балалар айтады.
Дүниетану пәніне қолдану. Дүниетану сабағында ауа райын бақылаудың күнделігін толтырамыз. Әрбір шартты белгінің қандай фигураға ұқсайтынын айтқызамын. Күн ашық – дөңгелек, жаңбыр – төрт нүкте, мұз – үшбұрыш, найзағай – қисық сызық. «Бунақденелілер» тақырыбын өткізген кезде бал арасының пішінін қандай фигураларға ұқсайтынын тапқызамын. Басы дөңгелек, кеудесі сегмент, құрсағы сопақша, қанаттары ұзын, мұрты қисық сызық. Өзінің еңбекқор жәндік екендігін айтамын. Оның омартадағы бал жинайтын «ұяшықтарының» қандай фигураларға ұқсайтыны айтқызамын.
Дене тәрбиесі сабағында пайдалану. Дене тәрбиесі сабағында спорт залдағы құрал – жабдықтарды көрсете отырып, олардың пішіні неге ұқсайтынын сұраймын. Мысалы: төсеніш – тік төртбұрыш, баскетбол добын лақтыратын сақинаның шеңбер екенін, тағы қандай дөңгелек пішінді бұйымдар бар екенін сұраймын. Мысалы: доп, шығыршық, секіртпе түзу сызық немесе қисық сызыққа ұқсайтынын айтқызамын. «Велосипед» тақырыбын өткенде велосипед тебу ережесін түсіндіре отырып жол ережелерін сақтауды үйретемін. Велосиледтің дәңгелектері, корпусы, бағыттаушы бөлшегі неге ұқсайтынын айтқызамын. Табиғаттағы барлық нәрсені геометриялық фигуралар деп қарастыруға болатынын ескертемін.
Еңбек сабағында пайдалану. Еңбек сабағында «Қағаз және қатырма қағаз бен жұмыс істеу» тарауында әр түрлі пішіндерден аққаланы, машинаны қандай фигуралардан құрастыру керектігін түсіндіремін. Шаршы, тік төртбұрыш дөңгелек бөлшектерін қиып алып әр фигураның орнын тауып, дұрыс үйлестіріп қоюға көмектесемін. Геометриялық фигуралардан тағы да не жасауға болатынын сұраймын. Оқушылар өздігінен үй, әтеш, аққала, түрлі ойыншықтар жасайды. Әр фигураның орнын анықтайды. «Қуыршақ киімін модельдеуде» қазақтың ұлттық киімдерінің бірі – сәукелені қатырма қағаздан жасап көрсете сәукеленің пішінін анықтатамын, конус, дөңгелек пішіндерді балаларға айтқызамын да геометриялық фигуралармен, денелермен таныстырамын.
Бейнелеу сабағында пайдалану. Бейнелеу сабағында геометриялық фигуралардың мінезінің әсерлі мазмұнын ашамын. Күрделі пішіннен қарапайым пішін көруге және қарапайым пішіннен күрделірек пішін құрастыруға үйретемін. Қысқа өлеңдер арқылы фигураларды тапқызамын.
Бұрыш жоқ менде еш қандай.
Ұқсаймын мен табаққа,
Қарбызға да, шарға да
Тауып көрші қандаймын
Дәңгелекті, доптаймын
Менің досым бір қызық,
Жан жағы бар тік сызық
Қабырғалары бірдей,
Оның аты – төртбұрыш.
Үш төбем бар сүйірлі,
Тауға ұқсаймын сүйкімді.
Кім табады, қанекей,
Үшбұрыш деді бәрі де.
Сызықтар тұйықталып белгілі бір пішін құрайды. Фигуралардың көмегімен жануарлардың қызықты пішіндерін жасап көрейік. «Ою өрнек құрастыру» тақырыбын өткен сабақта өрнектерді немесе түрлі фигуралар мен сызықтарды белгілі тәртіппен орналастырып, қарапайым ою – өрнек құрастырады. Ою – өрнектердің қандай геометриялық фигуралардан тұратынын айтқызамын. Өз ойларынан геометриялық пішіндегі өрнектер ойлап табуын тапсырамын.
Қызықты математика сабағында пайдалану. «Қызықты математика» сабағында «Сиқырлы көзілдірік» ойынын ойнатамын. Балаларға елестете отырып, көзімізге сиқырлы көзілдірікті киеміз. Бірінші көзілдірігіміз дөңгелек, оны кигенімізде біз жан – жағымыздан тек қана дөңгелек пішінді заттарды табамыз. Мысалы: сағат, гүл салатын ыдыстың түбі т.б. Екінші көзілдірік – төрт бұрышты. Оны киіп жан – жағымызға қараймыз, төртбұрышты пішінді бұйымдарды айтамыз. Мысалы: тақта, үстел, кітап, терезе, есік, т.б. Бұл көзілдірікті шешіп, үшіншісін киеміз. Оның көздері үшбұрышты екен. Қиялымызда сыныптан шығып қоршаған ортадан іздеп көрейік: Үйдің шатыры, құстың тұмсығы, т.б.
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |