233
Инновациялық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін
қамтамасыз ететін
оқудың әдіс – құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы
болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар аз емес.
Әсіресе жаңа технологиялар мектепке дейінгі мекемелердің мектепалды даярлық
топтарындағы балаларды мектепке дайындауға өте қолайлы келеді. [3, 284 б.]
Білім беру, оқыту, тәрбиелеудегі инновацияны, жаңашылдықты анықтап, олардың
негізгі бағыттарын белгілеу жұмыстары жаңашылдық үрдістеріне педагогикалық тұрғыдан
талдау жасауды, түсіндіруді, мәнін ашуды, мақсат, міндеттерін, мазмұнын, құрылымын т.б.
мәселелерін айқындауды қажет етеді.
Жаңашылдық – барлық қоғамдық жүйеге іштей тән құбылыс. Инновациялық
құбылыстар мен процестерді қабылдау, түсіну, жаңаша ойлауды, қатынасты қалыптастыру,
жаңашылдық
саясатты белгілеу қоғамдық, әлеуметтік дамуға негіз болатын негізгі күш.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында
сәтті жүзеге асыру өзара әрекеттесуге септігін тигізіп, ата – аналармен тығыз қарым –
қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Мәселен, балабақша қызметкерлері отбасы мүшелерімен
еш қиындықсыз байланыс орнатып, қосымша қызықты тапсырмаларды жіберуге, хабар
алмасуға, шығармашылықты дамытуға бағытталған іс – әрекеттерді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі таңда кез – келген адамда ғаламтор желісі қосылған құрылғылар бар екендігін
ескерсек, бұл балаларды екі жақты дамытуға зор септігін тигізеді.
Сонымен қатар АКТ – ны мекеме аумағында, яғни жұмыс барысында да үнемі жүзеге
асыруға болады. Интерактивті тақта, компьютер құрылғысы,
электронды оқулықтар, түрлі
мультимедиялық көрнекі құралдар өскелең ұрпақтың жаңа заман талабына сай болуына негіз
болып, қызығушылықтарын арттырып, білім мен тәрбиені қатар ұштастыруға септігін
тигізеді.
Біздің түсінігімізде мультимедиа мыналарды білдіреді: компьютер технологиясы,
ақпаратты ұсыну тек қана мәтін емес, сонымен бірге графика, түс, дыбыс, анимация, бейне
көріністер. Яғни мультимедиялық оқулық компьютердің мультимедиялық мүмкіншілігін
пайдалану арқылы технологиямен берілетін бұл әдістер оқыту бағдарламасы және
электронды оқулық терминдеріне қарама – қарсылық тудырмайды.
Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тұрақты ынтымақтастығы, тәрбие процесінің жүйелілігі мен
қалыптылығын, реттігін қарастырады. Біртұтас тәрбие процесінде тәрбие принциптері өзара
байланысты, әрі бір – біріне тәуелді болады. [4, 13 б.]
Өзара әрекеттесудің артықшылықтары өте көп. Балабақша бүлдіршіндері кез – келген
ақпаратқа ерекше қызығушылық танытып, айналаны тануға зор ықылас білдіретін жандар.
Олай болса, оларды ерте жастан мәдениетке баулу, бойларындағы дарындарын ашуға
септігін тигізу, өнерге бір табан жақын болуға итермелеу тәрбиешілердің тарапынан
жүргізілетін жұмыстардың бір легі екендігін айта кеткен жөн.
Мәдени ошақтармен тығыз
қарым – қатынас жасай отыра, өзара әрекеттесу нәтижесінде кішкентай бүлдіршіндерді сахна
қойылымдарымен таныстырып, түрлі шараларға қатысуына түрткі болып, рухани жан
азығымен жұмыс жасау жиі жүргізілуі нәтижесінде, бойларында дарыны енді байқалып келе
жатқан жас жеткіншектердің өздеріне деген сенімділігін одан әрі арттырып, өнерге деген
құрметтерінің пайда болуына негіз боламыз. Сол себепті ата – анамен тығыз байланыс
орнату ең маңызды элемент екенін ұмытпаған жөн.
Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың
тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар кездеседі. Отбасында балалардың
мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, шығармашылық
әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жеке
бастың пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға,
іскерлікке, ізгілікке,
өздігінен ізденуге, өзін – өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор. [5, 40 б.].
Жалпы, кез – келген дүниенің алғашқы көзқарасы, қабылдау түйсігі қалай жүзеге
асырылса, алдағы уақытта сол көрініс табатыны жасырын емес. Олай болса, кәсіптік бағдар
беру саласындағы ұйымдармен де байланыс үзілмеуі қажет. Балабақша қызметкерлері кіші
234
жастағы бүлдіршіндердің бойынан кез – келген дүниеге ерекше ыждахаттылықпен қарайтын
тұлға тәрбиелеулері қажет.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері – халықтық жалпы білім беру жүйесіндегі
бірінші және ең жауапты орын. Халық шығармаларымен танысу баланың сезімін және тілін
байытады, қоршаған ортаға қарым – қатынас қалыптастырады, баланың жан – жақты
дамуында баға жетпес рөлге ие болады.
Ерте жастан – ақ балаға өз халқының ұлттық мәдени құндылықтарын құрметтеуді
қалыптастыру, қарапайым ұлттық мәдени түсініктерді игерту керек. Бұл әрине білім беру,
мәдениет, кәсіптік бағдар беру саласындағы ұйымдармен өзара іс – қимылдарды қоян –
қолтық жүргізіле отыра жүзеге асырылатын үрдіс.
Баланың ерте жастағы даму кезеңі, мектепке дейінгі шағы ересек адамның ықпалына
барынша тәуелді болады. Ата – аналар, балабақша тәрбиешілері және өзге де тұлғалар осы
жас кезеңіндегі балаларға жаңа әлеуметтік қоғамдастықта үлкен дәрежедегі ересектер
ретінде қабылданады, сондықтан екеуі де жоғары дәрежелі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік кеңістікте
өзіндік танылуы білім беру
жүйесінің жоғары дәрежеде дамуына тікелей байланысты болғандықтан, терең білімді,
сауатты ұрпақ тәрбиелеу ісін мектепке дейінгі кезеңнен бастауды қажет етеді. Өйткені осы
шақ рухани күш қуатының, мүмкіндіктерінің, танымдық қажетіліктері мен интеллект көзінің
ашылар кезеңі.
Балабақша бүлдіршіндерінің жан – жақты ой – өрісі дамып, қоршаған ортаға деген
қызығушылықтары басым болуы үшін біз барынша жан – жақты жұмыстар жүргізуге
тырысамыз. Отбасылық құндылықтарды ескере отыра, әлеуметтік ортаға бейімдеу, қоғамның
бір бөлшегі ретінде кішкентай балаларға үлкен жауапкершілікпен қарау, келер күнге деген
сенімдерін
қалыптастырып, заманауи үлгіде дамыған тұлға тәрбиелеу біздің басты
мақсатымыз. Кемелдеңген келешектің көк туын желбірететін ұландарымыз көп болсын!
Достарыңызбен бөлісу: