А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет150/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   222
1679742366435 (2)

Использованная литература: 
1. 
Т.С.Комарова, А.В.Туликов, И.И.Комарова. «Информационно – коммуникационные 
технологии в дошкольном образовании». 2011год. 
2. 
И.Калаш. «Возможности информационных и коммуникативных технологий в 
дошкольном образовании». 2013год. 
3. 
https://nsportal.ru/ 
4. 
https://www.resobr.ru/ 
Насирова К.Ж 
Шахтинск қаласы, «Снегурочка» КМҚК бөбекжайы 
ИНТЕРАКТИВТІ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУ 
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі-бүгінгі күннің өзекті 
тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде 
қайта қаралып, оның жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл негізгі талаптар-Қазақстан білім 
беру жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енудің алғашқы даму 
стратегиясын жасау болып табылады [1.2 бет]. 
Қазіргі уақытта мәселелердің бірі, мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту. 
Балалардың тілін дамыту үшін, ой- өрісін дамыту үшін, қандай мүмкіндік нәтижеге жетуге 
болады. Тілді өркендеуді балабақшадан бастау керек. Өзге ұлт өкілдеріне екінші тілді үйрету 


265 
күрделі жұмыс. Өзге ұлт өкілдеріне қойылатын бірінші талап, сөздік қорын дамыту, қазақ 
тілінде сөйлесуге үйрету, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, ойын ашық жеткізуге үйрету, 
тапсырмаларды дұрыс орындауға, диолог дағдыларын дамыту. Баланың өмірде ойын- 
ерекше орын алады. Ойын арқылы балалардың ойын, тілін, ой-өрісін дамуына жағымды 
әсерін тигізеді. Ойын-жас ерекшелікке қарапайым адамның көңіл -күйін көтеретін, 
ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, ұқыптылықты, іздемпаздықты, іскерлікті сондай- 
ақсапалы қасиеттерді қалыптастырады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер 
айтпаған. Мемлекеттік тіл -ұлттық және рухани бірліктің ерекшеліктерімен айқындалған. 
Қазақ тілін білу Қазақстандық әр азаматының мектепке дейінгі жастан бастап үйренетін 
міндеті мен борышы, қоғамдық өмірге белсене қатысуы мен бәсекеге қабілеттілігін 
айқындайтын ынталық көрсеткіші. 
Қазіргі таңда мемлекет үшін ұлттық білім беру жүйесіне жаңа технологияларды 
енгізуге жағдай жасалған. Қазіргі қоғамда интерактивті әдістерді мектепке дейінгі ұйым 
тәжрибесінде енгізуде, сондықтан балалар да осы әдіспен жұмыс жасауда. Интерактивті 
әдістерді пайдалану кезінде балалар түсіну процесіне толық қанды қамтылады.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видио құралдар, компьютер
интерактивті тақта, интернет, мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу 
әдістемелік кешендер, иновациялық сайт және тағы басқалары жатады [2.107бет]. 
Интерактивті оқытуда оқытушы мен баланың өзара әрекеттестігі ауысады. 
Заманымызға сай балабақшада қазақ тілін дамыту үшін, балалардың ой-өрісінарттыру үшін, 
интерактивті тақтамен түрлі ойындар жүргізуге болады. Ойын- арқылы оқыту 
технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік 
мақсат. Ойын технологиясының ерекшілігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі 
жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық 
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. 
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі 
туралы; «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның 
маңызы сондай болады»–деген [3. 68бет]. 
Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде 
кездескен 
қиыншлықтарды 
жеңу 
жолын 
үйретіп 
қана 
қоймайды, 
олардың 
ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың 
жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала 
бола ма?»- деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Осы орайда оқу 
үрдісінде интерактивті тақтамен түрлі ойындар жүргізуге болады. Мысалы: «Жыл 
мезгілдері» тақырыбында балалар, интерактивті тақтадағы ойындар арқылы төрт мезгілдің 
өзіне тән ерекшеліктерін ажыратып, әр дыбыстық әуенге зер салып, табиғаттын тылсым 
дүниесіне мән беріп (жапырақтар түседі, жел соғады, қар жауады, аяз болады, жаңбыр 
жауады, бүршік атады) деген сөз тіркестерін қолданылып, балалардың тіл байлықтары арта 
түседі.
 
«Жеміс -жидектер» тақырыбында жеміс- жидектерді ажыратып, оның пішінін
көлемін ажыратып қоймай түсін ажырата білуге, көп немесе аз екенін ажыратуға үлкен 
ықпал тигізеді,бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы тілдерін жаттықтырады.
 
«Жануарлар» тақырыбында балалар жабайы жануарлары мен үй жануарларын 
ажыратып қоймай жануарлардың атын дұрыс айтып білуге, және қалай дыбыстайтындарын 
білуге, тілдерін одан да дамытуға мүмкіндік береді. Интерактивті әдістер арқылы балалар, 
түрлі ойындар арқылы жануарлар қимылын (лақ секіреді, құс ұшады) дегедей сөз тіркестерін 
айтуға мүмкіндік береді.
 
«Құстар» тақырыбында құстарды ажыратып, дыбыстарын естіп құстардың атауларын 
айтады. «Жоғалғанын тап» атты ойында балалар жоғалған құстарды тауып атын атайды, сөз 


266 
қорларын кеңейтуге ықпал жасайды. «Сыңарын тап», ойыны арқылы балалардың 
іздемпаздыққа, құштарлыққа жігер алады.
 
«Киімдер» тақырыбында балалар киім атауларымен танысып оларды қыстық, жаздық 
киімдер екенін ажыратып қоймай, сөз тіркестерін айтып үйренеді (көртке киеміз, шалбар 
киеміз) іс-қимыл білдіретін сөзбен толықтырады. «Бұл не?»ойынын ойнап балалардың ой-
өрісі дами түседі.
 
«Азық-түлік» тақырыбында, балалар интерактивті тақтадағы суреттерді қайталап 
олардың (жейміз, ішеміз) деген етістіктермен ажыратады. Мысалы: (су ішеміз, сүт ішеміз, 
нан жейміз, ірімшік жейміз) деген етістіктер арқылы сөз тіркестерін құрайды.«Дүкен»-
ойнында балалар тақтада бейнеленген сурет бойынша, балалар дүкенге келіп өздері азық -
түлікті тандап, сатушыдан алатын азық –түліктерді қазақ тілінде нақты жеткізу керек, сондай 
-ақ тіл байлықтары дамиды, шапшандыққа тәрбиелейді.
 
«Дене мүшелері» тақырыбында балалар тақтадағы сөздерді қайталап, «Кім тапқыр?» 
ойынында адамның дене мүшелердің дұрыс жинап оны нақты айпып тілдерін 
жаттықтырады. (Дем аламыз, көреміз, жейміз, жүреміз, естиміз) атты етістіктерді қосып сөз 
тіркесерін пайдаланып сөйлем құрып үйренеді.
 
«Менің отбасым» тақырыбында өз отбасыларын атап тақтадағы презентацияға қарап, 
өзінің отбасындағы адамдарды қазақ тілінде атап, Мынау кім? деген сұрақтарға толық жауап 
беру жұмыстары жүргізіледі. 
 
Сонымен қатар сергіту сәтері кезінде интерактивті тақта таптырмас құрал, балалар 
әр-түрлі сергіту сәттері арқылы есте сақтау, қимыл-қозғалыс шапшандықтары, 
жылдамдықтары арта түседі. 
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған өте 
тиімді құрал. Өйткені балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі 
суреттерге, әсемдікке әуес болады. Интерактивті тақтаны қолдану әдістерінде көп нәрселерді 
шешуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып 
логикалық интелектуаалдық және танымдық қабілеттерін дамытады. Мысалы: «Мөлшеріне 
орындауы», 
«Геометриалық 
пішіндер», 
«Түстерді 
ажырату», 
«Не 
артық?», 
«Айырмашылығын тап?», «Спорттық ойындар», «Мен не жасырдым?», «Көп-аз», «Сандарды 
ретімен әне кері санау», шығармашылық қабілеттерін дамытып ойындар мен тапсырмалар 
қолданылады. Оқытушы интерактивті тақтаны сабақта бірнеше рет пайдалана алады. 
Интерактивті тақтаны пайдалануға ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді, оқытудын басқа 
тәсілдеріне қарағанда көпдеген жетістіктері бар. 
Балалар көбіне ойын түріндегі суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез 
қабылдайды, бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас 
бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды, қайта оларды талпыныс, білуге деген қызығушылық 
пайда болады. 
Қорыта келгенде түрлі ойындар арқылы көзбен көріп, есте сақтап қазақ тілінде тән 
дыбыстарды дұрыс айра білуге үйретеді, түр-түсін ажыратып сөздік қорларын, ой-өрістерін 
дамытады. Осылайша интерактивті ойындар арқылы бүлдіршіндер қазақ тілін жетік білуге 
қол жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет