А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет151/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   222
1679742366435 (2)

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Бала мен балабақша» № 7 (61) 2013 жыл. 
2.«Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі иновациялық және қазіргі заманғы 
технологиялар. Қарағанды 2015 жыл. 
3. «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдіс-
тәсілдері» қарағанды 2018 жыл. 
4.Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері әдістемелік нұсқау. Алматы 
2005 жыл. 


267 
Ниязалина А. Н. 
Қарағанды қаласы, «Алтын сақа» КМҚК бөбекжайы 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Қазіргі қоғам ақпараттық қоғам болып табылады, ол ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың қарқынды дамуымен сипатталады, сондықтан білім беру жүйесінде 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінен ақпараттар ағынына бағдарлануы, қажетті 
ақпараттарды іздеп, іріктей білуі талап етіледі. Тек жоғары мәдени-білім деңгейі барлық 
ақпарат көздеріне қолжетімділікті ашады. Демек, педагогикалық қызметкерлер, оның ішінде 
мектепке дейінгі ұйым педагогі жоғары ақпараттық мәдениетке ие болуы өте өзекті болып 
отыр [1]. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің ақпараттық мәдениеті ІТ не ақпараттық 
технологияларды сауатты, орынды пайдалана білуімен көрініс табады, ол үшін әр тәрбиеші 
ақпараттық құзыреттілікке ие болуы тиіс. 
Бүгінде білім беру ұйымдарында саналуан ақпараттық технологиялар кеңінен 
қолданылады, бұл білім беру үрдісінде ІТ қолдану ыңғайлылығымен және мультимедиялық 
көркемдеумен ғана емес, сондай-ақ балаларды заманауи технологияларды қолдану 
мәдениетіне баулуға болатындығымен түсіндіріледі. Балалар осы технологиялармен ойын 
ойнап қана қоймай, оның іс жүзінде пайдалы тұстарында көреді. 
Мектепке дейінгі ұйымда компьютерлік технологияларды қоладану тарихы терең 
емес, компьютерді құрал ретінде қолдану он жылдықта белең алса, ақпараттық 
технологияларды іріктеп қолдану соңғы жылдары ғана қарқын алып отыр. Бұл мектепке 
дейінгі білім беру жүйесін өзгертуді, МҰ-дағы ғылыми, әдістемелік және материалдық 
базаны жаңартуды талап етеді. Әдеттегі техникалық оқыту құралдарынан ІТ не ақпараттық 
технологияның айырмашылығы неде? 
Ақпараттық 
технологияның 
күнделікті 
техникалық 
оқыту 
құралдарынан 
айырмашылығы сол, ол бағдарлама мазмұнына сәйкес келетін дайын, талаппен іріктелеген, 
нақты, қажетті ақпараттарды жеткізуге, балалардың интеллектуалды, шығармашылық 
қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді, өз бетінше жаңа білім алу дағдыларын 
қалыптастырады, бұл ерте балалық шақта өте маңызды болып табылады.
Компьютердің көмегімен тәрбиешілер балаларға арналған саналуан ойын-
тапсырмалар мен жаттығуларды қанық, әдемі етіп құра алады, ең бастысы танымдық және 
дамытушылық сипатын ескереді. Әрине, ұсақ моториканы және коммуникативтік 
дағдыларды дамытатын күнделікті ойындарды да ұмытуға болмайды. Тәрбиеші мектепке 
дейінгі жастағы балаларды дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу әдістерімен қатар ІТ қолдану 
мүмкіндіктерін де бала денсаулығына зиян келтірмейтіндей қарастыра білгені жөн [2].
Мектепке дейінгі жастағы балалармен ұйымдастырылған іс-әрекет қатарында 
компьютерді қолданудың ұсақ қол моторикасын дамытуға әсері бар, өйткені компьютерлік 
тапсырмаларды орындау барысында балалар пернетақталарды саусағымен басып үйренеді, 
«тышқанды» қолданады. Тағы бір маңызды тұсы қойылған міндеттерге сәйкес көру және 
моторлы анализаторлардың біріккен әрекетін қалыптастырады және дамытады, яғни 
компьютер құралдарын қолдану арқылы балаларды жазу дағдыларына дайындайды [3].
Мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық технологияларды қолданудың саналуан саласы 
бар. Мәселен, интернет ақпараттық ресурс ретінде тәрбиешіге қажетті материалдарды, 
құжаттарды, суреттерді, аудио және бейнежазбаларды табуға мүмкіндік береді, тәрбиеші 
онлайн семинарларға, конференцияларға, байқауларға қатыса алады, электронды почта 
арқылы немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы әріптестерімен, ата-аналармен тікелей 
байланыс жасай алады, әдістемелік құралдарды тауып, өзінің педагогикалық іс-
тәжірибесімен бөлісе алады.
Интернет ресурстарды пайдалану мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру 
үрдісін көлемді, жайлы, көзтартарлық, түсінікті етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


268 
Электронды ресурстарды тәрбиешілер күнделікті іс-әрекеттерді ұйымдастыруға дайындық 
барысында, жаңа әдістемені үйретуде, көрнекі құралдарды іріктеуде, яғни ақпараттық-
әдістемелік қолдау қызметінде қолдануына болады.
Тәрбиешілер компьютерді құжаттар толтыруға тиімді қолдана алады, бұл құжаттарды 
қолмен жазу мүмкіндігін алмастырады және уақытты үнемдейді, тәрбиешіде 
мультимедиялық проектор көмегімен түрлі ақпараттарды аудио-, видео- және анимациялық 
әсермен бөлісу, оларды бір презентацияға біріктіру мүмкіндігі пайда болады. Бұл мектеп 
жасына дейінгі балаларға бағдарлама мазмұнын меңгертуде ақпарат көлемін іріктеуге, 
жинақтауға, өзгертуге және оны үлестірмелі материал ретінде басып шығаруға да оңтайлы 
болып табылады. Осының барлығы педагог-тәрбиешілердің креативті сапаларын дамытуға, 
кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерінің деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Компьютерді ойын үшін қолдануға болады, бірақ ол кең таралған жай ойындар емес, 
баланың өз білім, білік, дағдыларын, тәжірибесі мен әсерін бөлісе алатындай дамытушы 
ойындар болуы тиіс. Компьютерлік дамытушы ойындар ақпараттарды қанық, әрі әдемі 
жеткізе алады, ондағы дыбыс, қимыл және мультипликация, осының барлығы баланың 
көңілін өзіне аударады. Ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті, қолжетімді 
ақпараттарды ұсынады, жеке оқыту мүмкіндігін ашады, өйткені бала жұмыс қарқынын өзі 
реттейді, күнделікті өмірде көру не байқау мүмкін болмаған өмірлік жағдаяттарды 
моделдейді, ол жерде оған ешкім ұрыспайды, асықтырмайды, балалар қателіктерін өздері 
тапқанға дейін ақырын күтеді. Тәрбиешілер мен ата-аналар ойындарды іріктеуде аса мұқият 
болуы тиіс, баланың жас ерекшелігі және жас ерекшелік топтарына сәйкес бағдарламаның 
мазмұнын ескеру қажет. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау барысындағы маңызды сәт іс-
әрекет нәтижесін болжау, ең алдымен нені қалай жасайтынын ойлай білу қабілетін дамыту, 
мәселен, бала компьютерлік ойындарды ойнай отырып, іс-әрекетін жоспарлауға, нақты 
оқиғаның, түсініктердің логикасын құруға үйренеді, осының барлығы теориялық ойлаудың 
негізін меңгерудің бастамасы екендігін білдіреді.
Компьютерлік ойындардың маңызды сипаттамаларының бірі білім беру функциясы 
болып табылады, сондықтан олар баланың барлық заттар мен құбылыстар туралы 
жалпылама түсінік алуы үшін құрылған, осылайша балада заттарды жалпылау және 
қасиетіне қарай жіктеу секілді маңызды ойлау операциялары қалыптасады.
ІТ не ақпараттық технологиялар білім беру үрдісінің маңызды компоненті екенін 
мойындасақ та, мектеп жасына дейінгі балаларға жас және даралық ерекшеліктеріне қарай 
ақпараттық технологияларды қолдану нақты талаптарға сәйкес шектеулі уақытпен 
ұсынылатынын ұмытпаған жөн. 5-6 жастағы балалар үшін ақпараттық технология көзін 
қолдану 10 минуттан аспауы тиіс, ал ІТ қолдану арқылы ұйымдастырылған іс-әрекет 
аптасына 2 рет қойылса болады.
Қорыта келе, маңызды тұжырымға назар аударайық, ІТ не ақпараттық технологиялар 
біздің өмірімізге нықтап енді және білім беру үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады
бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, олардың 
денсаулығына зиян келтірмей және дәстүрлі оқыту әдістерін де ұмытпай, бағдарлама 
мазмұнына сәйкес материалдарды дұрыс іріктеп, құра білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет