А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет152/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   222
1679742366435 (2)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Абилова О.А. Мектепке дейінгі ұйым педагогының логикалық-ақпараттық мәдениетін 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі. «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» 
Халықаралық ғылыми журнал, 6-2,2020, - 145б 
2. 
Информационные технологии в образовании: учеб. пособие для студ. высш. учеб. 
заведений [Текст]/ И.Г. Захарова. — 6-е изд., стер. — М.: Издательский центр «Академия», 
2010. — 192с 
3. 
Юденкова И.В., Хохлова В.А. Применеие информационных технологий в 
дошкольном образовании. «Формирование профессиональной компетентности педагога 


269 
дошкольного профиля в условиях непрерывного образования». Материалы международной 
научно-практической заочной конференции, Ярославль 2016. 
Нұржанова Б. С. 
Қарағанды қаласы, «Алтынай КМҚК бөбекжайы 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУДА ІТ ҚОЛДАНУ 
Қазіргі ХХІ ғасырда, яғни жаңа ғасырда жалпы әлем бойынша адамзат баласы 
ақпараттық технологияларға күн өткен сайын тәуелді болып келеді және болашақ сөзсіз 
бүгінгі педагог әрі тәрбиешілерден жаңашыл заманға лайық болуды тәрбиешілерден 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білімін қоса алғанда, әртүрлі білімнің үлкен 
қорын талап етеді. Ақпараттық технологиялар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 
бастап барлық білім және тәрбие беру орталықтарында, барлық кезеңдерде үлкен 
перспективаларға мән бере отырып қолданылады. 
Ең алдымен, «IT технологиясы» дегеніміз не? Осы сұраққа тоқталып өтейін. ІТ 
технологиясы дегеніміз-белгілі бір нақты мәліметтер мен деректерді белгілі бір 
құрылымдары арқылы құру, оны сақтау, өңдеу және басқару технологияларына, соның 
ішінде, атап айтқанда, есептеу техникасын қолдануға қатысты пәндер мен қызмет салаларын 
біріктіретін кең сипаттағы сала болып табылады. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар 
көбінесе компьютерлік технологиялар мағынасымен бірге келіп жатады. Нақтырақ айтқанда, 
IT ақпаратты құру, сақтау, өңдеу, беру мен ол ақпаратты алуға шектеу қою үшін компьютер 
мен бағдарламалық арнайы құрылымды қолданумен айналысады. Компьютерлік техника 
және бағдарлама жасаушы мамандарды көбінесе IT саласының маманы деп атайды. 
Ендігі кезекте, осы IT технологияларды мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі 
мен білім жолында қалай ұтымды және оңтайлы дәрежеде қолдана аламыз, сол жөнінде 
мәліметті жалғастырамын. 
IT технологияларын мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану балаларға дайын білімді, 
дағдыларды емес, балалардың өзіндік еркін іс-әрекетін қалыптастыруды негізге алады. 
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықтарын ояту үшін 
мектепке дейінгі ұйымдарда қызықты әдістемелік құралдарды қолдана отырып, балаларға 
интерактивті тақта арқылы әртүрлі ойындық сабақтар мен әртүрлі көрнекі құралдарды 
қолдануға болады. Бұл дегеніміз компьютерлік арнайы бағдарламалар арқылы жасалынатын 
тәрбиеші мен балалар арасындағы тығыз қарым-қатынас жүзінде пайда болатын іс-әрекет. 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесінде IT қолданудың негізгі 
шарттарының бірі компьютердің техникалық мүмкіндіктерін жақсы білетін, онымен жұмыс 
жасау дағдылары бар, санитарлық нормаларды нақты сақтайтын тәрбиеші педагогтар болуы 
тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін арнайы әзірленген компьютерлік бағдарламаларды 
жақсы меңгерген, оларды қолданудың этикалық ережелерін білетін және балаларды жаңа 
технологиялармен таныстыру әдістемесін меңгерген мектепке дейінгі мекемелерде 
компьютерді пайдалану ережелері қатаң түрде сақталады. IT технологияларын қолдану 
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесін басқарудың дәстүрлі сипаты 
мен тәртібін өзгертеді, өйткені ол «табиғи» және «жасанды» интеллект арасындағы 
міндеттерді бөлуді қарастырады. 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының жұмысына IT технологияларды енгізу барлық 
субъектілердің: тәрбиешілердің, қосымша білім беру педагогтарының, мамандардың, ата-
аналар мен балалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Мектепке 
дейінгі білім беруді басқару жүйесі тек жаңа техниканы ғана емес, сонымен қатар оны 
қолдана алатын және ең бастысы оны қолданғысы келетін техникалық мамандарды қажет 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет