147
Ел болып сырқатты жеңіп, бұрынғы өмірімізге қайта оралып, ақпараттық
технологияларды ата-аналармен жұмыста тиімді пайдалануды жүзеге асырдық.
Ата – ана мен жұмыс барысында ақпаратық технологияларды қолдану тиімділігі:
1.
Ата-ана мен бірлескен топ ашу (whatsapp, telegram ). Желі арқылы бала тәрбиесіне
қажетті ақпаратпен бөлісу.
2.
Түрлі программалар арқылы бала тәрбиесіне байланысты слайд, сұхбат,
сауалнама,
кеңес құрастырып, ата-анамен бөлісу.
3.
Ата – аналар жиналысын өткізу барысында ақпараттық технологияларды тиімді
пайдалану.
Ата – аналармен жұмыс барысында біздің ақпараттық технологиялардың көмегімен
жететін басты мақсатымыз. Баланың бойына адамгершілік құндылықтарды, ақыл ойының
дұрыс
дамуына ықпал етіп, еңбекке қызығушылығын оятып, бала денсаулығын сақтай
отырып тәрбиелеу, тәрбиеші мен ата – ананың қойған басты мақсаттарының бірі
1.
Ақпараттық технологиялар арқылы ата – ана мен балабақша арасында тығыз
байланысты орнатып, бала тәрбилеу.
2.
Ата – аналарға арналған ақпараттар қол жетімді және түсінікті эстетикалық тұрғыдан
көз тартымды.
3.
Ата – аналарға білім беру ақпараттық технологиялар
арқылы балаға арналған
ойындардың көмегімен ой өрісін, қиялын дамыту.
Болашақ ұрпақ тәрбиесінде ата – ана мен тәрбиешінің атқаратын міндеті және
парызы өте биік. Ата – ана мен мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісінің жұмысы
ақпараттық технологиялар арқылы жоғары денгейде жүргізілсе, біз әрдайым көздеген
мақсатымызға жетеміз.
Еліміздің
болашағы қандай болатыны, біздің балаларымыздың бойына қандай
қасиеттерді сіңіретінімізге тікелей байланысты. Мақсаттарға жете білу жолында ІТ
ақпараттық технологиялардың тигізер ықпалы әсері көп. Ақпараттық технологиялар арқылы
айтылған жұмыстар жүзеге асырылса, ата – ана мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі тығыз
байланыста болса, баланың білімге деген құштарлығын арттырып ,
ұлтымызға тән
қасиеттерді бойына сіңіртіп тәрбиелеу ең басты мақсатымыз.
Достарыңызбен бөлісу: