151
Сын тұрғысынан оқыту технологиясы;
Модульдік оқыту технологиясы;
Мәселелік оқыту технологиясы;
Ш.А. Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;
Танымдық – жобалық
іс-әрекетінің технологиясы;
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары.
Бұл технологияларды қолдану өте тиімді болмақ.Ойын технологиясының мақсаты:
дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсатқа жету және баланың бойындағы
білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түседі. Ойын – балалар үшін
оқу да, еңбек.Заманауи ойын технологиялары күрделі ойлау тапсырмаларын шешуді
болжайды. «Сөйлейтін әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам»
дамытушы ойындары балаға ойнап қана қоймай,
арнайы кітаптарды дербесзерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық – коммуникативті технологиялар
(АКТ) жаңа білім беру тәсілдерін анықтайды. Қоғамның
заманауи талаптарына сәйкес АКТ- ны
қолдану білім беру
қызметінің сапасын арттырады, мектепке
дейінгі білім беру мазмұнын толықтырып, кеңейтеді.
Мультимедиялық оқулықтар балабақша балаларына
арналған таптырмас құрал болып келеді.Себебі, балалардың зейіні әртүрлі түстерге,
ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Балалардың оқу іс-әрекетіне
қызығушылығын арттырады, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге
мүмкіндік алады.
Мультимедия –
білім беру саласындағы слайд, видео және аудио үлгідегі
мәліметтерді баланың оңай қабылдап, жадында сақтауына жағдай жасайтын құрал болып
табылады.
«Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» ТТШТ технологиясын қолдану арқылы
балаларды тапқырлыққа, ізденушілікке, шығармашылық қиялын, тілін дамытуға және өз-
өзіне сенімділікті арттыруға ынталандырады.
Балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін
анықтауға және осы
қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу шығармашылық ойлауға
итермелейді.
Қазақ тілі оқу іс-әрекетінде текшедегі әріптерден сөз құрастырады,
байланыстырып сөйлем құрайды.
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясына: қозғалмалы және спорт
ойындары, динамикалық үзілістер, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар,
саусақ, көз гимнастикалары, дем алу гимнастикасы, анимациялық сергіту жаттығулары,
ортопедиялық
гимнастика,фонетикалық ритмика және тағы басқалары жатады. Қазақ тілі
оқу іс-әрекетінде балалар заманауи технологиялары арқылы анимациялық сергіту
жаттығуларын жасайды.
Барлық инновациялық технологиялар мен құралдарды қолданғанда балабақшада
балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай
пайдалануға болады.
Осылайша, жаңа технологияларды қолданудың , қазіргі замандағы балалардың
білім деңгейінің, шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын
арттыруда тиімді әсер
ететіні туралы айтуға болады. Осындай жаңа технологияларды балаларға қазақ тілін
үйретуде кеңінен қолданып отырамын.
Болашақ ұрпақтың жаңа технологияларды қолданудың негізінде шығармашыл
жеке тұлға ретінде қалыптасуы, жан-жақты білім алу үшін жағдайлар жасау – әрбір
педагогтың міндеті деп білемін