Анилин сары бояуын алу. Пробиркаға 4 – 5 тамшы диметиланилин тамызып, оған 2 – 3 мл су араластыра отырып, анилин толық ерігнеше 10 проценттік тұз қышқылын қосады. Қоспаны салқындатып, оның үстіне 2 мл хлорлы фенилдиазоний және 1 мл натрий ацетатының қанық ерітіндісін құйып араластырғанда, диметиламинобензолдың сарғыш түсті тұнбасы түзіледі.
Азоқосылыстар күшті қышқылдық ортада басқа заттармен әрекеттеспейтіндіктен, натрий ацетатын қосады. Егер алынған затты қышқылдандырса, ол қызарады, ал сілті қосса сарғаяды. Бұл алынған зат өндірісте маталарды бояу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |