А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет10/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89
2 Жалпы геология (1)

Саф мыс 
 


22 
Саф алтын 
Оолиттер - («oon» – «жұмыртқа», 
«литос» – «тас» деген грек
сөздерінен шыққан) – сфералық 
түзілімдер, өлшемі 0,05 ден 2-3 мм 
дейін, домалақ немесе қабықша 
құрылымды. Оолиттер сулы ортада 
пайда болады, белгілі бір ыңғайлы 
жағдайда, еріген заттар құмдардың
түйірлерінің, тозаңының жəне
ауаның үлбіреуінің төңірегінде,
топтаса бастайды. Егер түзілімдер 
2,0 мм-ден жоғары болса, оларды 
пизолиттер - («písos» – «бұршақ», 
«литос» – «тас» деген грек 
сөздерінен шыққан) деп атайды.
Оолиттер арагонитке, бокситтерге, 
фосфориттерге жəне т.б. тəн. 
Бүршікті агрегаттар - агрегаттар 
карст үңгірлерде, кеннің тотығу 
белдемдерінде жиі кездеседі, 
малахит, гематиттерге (қызыл
шыныша бас), халцедонға жəне 
басқа минералдарға тəн. Осы 
агрегаттар ішінде белдемді боп 
келетіндері бар, оны заттардың
ерітінділерінен, соның ішінде
коллоидтардан қабат-қабат 
түзілгенімен түсіндіріледі. 


23 
Сауыстанған агрегаттар - 
коллоидтар-гельдер арқылы пайда
болады. Ашық жазықтарда, аққан
судан бөлінген сауыстанған
минералдық түзілімдер тамшылы,
сорғыламалы, пленкалы 
ерітінділердің түзілімдерінен 
құралады. Морфологиялық түрлері 
көп болады. 
Сталактит - (гр. «stalaktos» – 
«тамшылы аққаны») – сауыстанған 
минералдық түзілімдер (жиі əкті),
төбеден жəне үңгірдің жоғарғы
бөлігінен салбыраған сүмелек
мұздар тəріздес, құбырлар,
тарақтар, шашақтар тəріздес болады.
Су булануында кальций көмір
қышқылының шөгу нəтижесінде 
пайда болады. 
Сталагмит - (гр. «stalagma» – 
«тамшы») – сауыстанған
минералдық түзілімдер (жиі əкті),
үңгірдің түбінде жоғарыдан түсетін
минералданған сулардың
булануынан пайда болады жəне ол
төменнен жоғары өседі. Олар конус,
бағана тəрізді болады. Конус түрлес 
əкті-тамшылы түзілімдері, үңгірдің 
табанынан сталактиттерге қарсы 
өседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет