А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Минералдардың оптикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет12/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89
2 Жалпы геология (1)

1.4.1. Минералдардың оптикалық қасиеттері 
 7 кесте
 
Киноварь 
 
 
Малахит 
 
 
Азурит 
 
 
Түсі – кейбір минералдарда тұрақты 
болып келеді; мысалы, пириттің түсі 
сабанды-сары, малахитта – асыл, азуритте 
– көк, алтында алтынды-сары жəне т.б.
Кейбір минералдардың атауында түстің 
сипаты болады: родонит - алқызыл, 
хлорит – жасыл; киноварь – ашық-қызыл, 
ол сынаптың сульфиді жəне араб тілінен 
«айдаһар қаны» деген мағынада.
Көпшілік минералдарға осы белгілер 
тұрақты емес. Далалық шпаттар ақ, сары, 
қызыл, жасыл, қою-сұр түстерге ие. 
Кальцит келесі түрлерде кездеседі – ақ, 
сары, жасыл, көгілдір, күлгін, қоңырлы-
қызыл, қара. Минералдардың бояуы 
бірінші оның химиялық құрамымен 
анықталады. Минералдардың құрамына 
кіретін əр химиялық элемент жəне əр 
химиялық қосынды оларға белгілі-бір 
сипатты бояу береді. Минералдардың 
құрамында мыстың көмірқышқыл 
қосылыстары болған кезде, олардың түсі 
жасыл немесе көк түсті болады
(малахит, азурит). Берилл минералы таза 
күйінде түссіз жəне мөлдір, ал хром 
оксиды қоспасы құрамында болса жасыл 
түске ие болады (зүмрет); минералдардың 
құрамында темірдің оксидтері болса, олар 
қызыл, қоңырлы-қызыл, сары түстерге ие 
(қоңырлы-қызыл теміртас). 
Минералдар түсі бойынша алты топқа 
бөлінеді:
1. Түсі ақ, сұрлы немесе минерал түссіз.
2. Түсі сары, қоңырлы-қызыл, қоңыр, 
алқызыл, қызыл. 
3. Түсі жасыл.
4. Түсі көгілдір, көк, күлгін. 
5. Түсі қою-сұр, қара; 
6. Минералдың бояуы ала, көптүсті, 
зоналды.


26 
Құлпырма. Кейбір минералдар, 
көбінесе мыс, өзінін беткейінде 
жіңішке түрлі түсті қабыршаққа ие: 
алқызылды, қызғылт, сарғыш, көгілдір 
жəне т.б., олар химиялық үлгілер 
үрдістерімен негізделген. Осы 
қабыршақтың түсі минералдың 
түсінен өзгеше. Осындай құбылыс 
құлпырма деп аталады, мысалы 
халькопиритте.
Мөлдір емес, əлсіз мөлдір жəне түсті 
минералдарға маңызды 
диагностикалық белгісі минералдың 
ұңтақталған күйіндегі түсі немесе 
сызылу түсі болып келеді. Ол 
минералдың түсімен сəйкес болуы 
мүмкін (мысалы магнетит), бірақ басқа 
түсте де болуы мүмкін (мысалы 
гематит). Минералдың ұңтақталған 
күйдегі түсін анықтау үшін, оны 
фарфор пластинканың (бисквит) 
бұдыр беткейіне егеу керек, 
бисквиттің үстінде қалған сызық, 
минералдың ұңтақталған түсіне сəйкес 
болады. Бисквит болмаған кезде 
минералды пышақпен үгітіп, алынған 
ұңтақты ақ қағазға жағып сызылу 
түсін тексеруге болады.
 
Мөлдірлік. Минералдар жарықты 
өткізу қабілетімен сипатталады, ол 
оның кристаллдық құрылысымен жəне 
минералдық жиналулардың 
біркелкілігі мен сипатынан 
байланысты. Осы белгі бойынша 
минералдар: түссіз, қарапайым 
шыныдай жарықты өткізеді; 
жартылай түссіз, мəтілі шыныдай 
жарықты өткізеді; түссіз емес, күн 
сəулелерін өткізбейді. 


27 
 
Жылтырлық. Минералдың сыну 
бұрышының көрсеткішінен жəне 
беткейдің шағылыстыру сипатынан  
тікелей байланысты

Жылтырлық 
металлды жəне бейметаллды (кейде 
метал тəрізді) болады. Металлды 
жылтырлық – фарфор сынығында қара 
сызылу түс берген минералдарға ие, 
олардың негізгі түсіне қатысты емес. 
Бейметаллды жылтырлық - фарфор 
сынығында ақ немесе түрлі түсті 
сызылу түсті берген минералдарға ие. 
Бірақ кейбір түсті сызылу түс беретін 
саф элементтерге (алтын, күіс, мыс) 
жəне кейбір сульфидтерге 
(халькопирит) қатысты емес, олардың 
жылтырлығы металлды. Бейметаллды 
жылтырлық келесі түрлерге бөлінеді:  
Алмазды – қатты 
жарқырайтын 
жылтырлық. 
Шынылы. 
Майлы – минералдың беткейі маймен 
жағылғандай. 
Седепті – седептің жылтырлығына 
сəйкес. Жақсы жетілген жылтырлыққа 
тəн, 
олардың 
жымдастық 
жазықтықтарында байқалады.  
Жібекті
Талшықты, 
инетəрізді 
құрылысқа ие минерлдарға тəн.
Балауызды – майлы жылтырлыққа 
ұқсасты, бірақ əлсіз байқалады.   
Жылтырлық болмаған кезде мəтілі 
жылтырлық ретінде қарастырылады.
Жылтырлықты 
анықтау 
үшін 
минералдың жаңа сынған жерінен 
қарау керек. Жылтырлықты анықтаған 
кезде 
минералдың 
түсі 
есепке 
алынбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет