А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет17/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
Түзілімдер
1. Жіктасты – жыныстар жіңішке плиткалар мен пластиналрға 
бөлінуімен сипатталады.
2. Жолақты – құрамы бойынша əртүрлі жолақтардың алмасу кезінде 
пайда болады, олар шөгінді жыныстардың түзілімдерін қалдырған кезде 
пайда болады.
3. Дақты – жыныстарда түсі, құрамы бойынша ажыратылатын 
участкелердің (дақтардың) болуы.
4. Массивті – жынысқұраушы минералдардың бағдарлануы болмаған 
кезінде пайда болады.
5. Бұйраланған тəрізді (плойчатая) – стресс арқылы жыныстар ұсақ 
қабаттарға жиналған болады.
6. Дөңгелекті (очковая) – жыныстардың жіктасты массаның арасында 
дөнгелекті агрегаттардың болуымен сипатталады. 
7. Катакластикалық – минералдардың 
ұсақталуымен 
жəне 
деформациясымен ерекшеленеді. 
1.5.4. Магмалық тау жыныстары 
Магмалық тау жыныстар (8 кесте) метаморфты тау жыныстарымен 
бірге жер қыртысының негізгі массасын құрайды, бірақ қазіргі материктердің 
беткейінде олардың таралуы көп емес. Жер қыртысында олар əртүрлі пішінді 
жəне мөлшерді денелерді құрайды, оларды құрылымдық пішіндер деп 
аталады, құрамы мен құрылымы магманың химиялық құрамын жəне оның 
қатаю жағдайларын көрсетеді. Магмалық жыныстардың заттық құрамы 
қатаю кезінде қандай магмадан пайда болды, соның құрамымен сəйкес 
болады. Бірақ магманың құрамы химиялық əртүрлі болып келеді, себебі жер 
қыртысына енгізіліген кезінде, беткейге шыққан кезінде жəне кейін қатқан 
кезде магма мен лавадан көпшілік ұшпалы компоненттер, су бөлінеді. 
Жыныстардың химиялық құрамы арнайы зертханалық зерттеулер арқылы 
анықталуы мүмкін. Бірақ жыныстардың химиялық құрамын шамамен нақты 
түсінікті минералды құрамын анықтау арқылы алуға болады. Магмалық 
жыныстарың жынысқұраушы минералдары келесі: далалық шпаттар, кварц, 
слюдалар, амфиболдар, пироксендер, олардың жиыны 93% құрайды, кейін 
келесі минералдар болады – оливин, фельдшпатоидтар, кейбір басқа 
силикаттар жəне 1% басқа класстарға жататын минералдар. [8]
Химиялық құрамы бойынша, яғни кремний тотығының мөлшері 
бойынша, магмалық жыныстар төрт топқа бөлінеді: асанегізді жыныстар, 
кремнеземнің (SiО
2
) пайызы 45-тен төмен, негізді - 45-52%, орташа - 52-65% 
жəне қышқыл 65%-дан жоғары.
Минералдық құрамында ол негізді жыныстарда түсті (қою түсті), 
кремнеземғе бай емес, темірлі-магнезиалды (мафитті немесе фемитті) 


33 
минералдар болады, ал қышқыл жыныстарда кремний тотығы көбірек 
болғандықтан түстері ашық түсті (сиалитті) болып келеді. Осылай, асанегізді 
жыныстарға оливин, пироксендер минералдары сипатты, ал ашық түсті 
минералдар құрамында болмайды. Негізді жыныстара бірінші орында 
пироксендер тұрады, қосымша мүйіз алдамшы мен оливиндер болады, олар 
жиынында шамамен 45-50% құрайды. Ашық түсті минералдардан аз 
мөлшерде негізді плагиоклаздар кездеседі. Орташа жыныстарда басты рөлді 
ашық түсті минералдар атқарады – далалық шпаттар, ал қою түсті 
минералдардан ең көп түрде кездеседі - мүйіз алдамшы, сирек биотит жəне 
оданда аз кездесетін пироксендер жатады. Қышқыл жыныстарда əрқашанда 
кварц болады, бірге көп мөлшерде калийлі далалық шпаттар (КДШ) 
кездеседі; қою түсті минералдардың саны аз, көбінесе олар биотит, сирек 
мүйіз алдамшы жəне пироксендер болады. Қою түсті мен ашық түсті 
минералдардың осындай қатынасы қышқыл жыныстарға ашық түс береді, ал 
негізді жыныстарға – қою. Осымен жыныстардың тығыздығының 
жоғарлануы байланысты: қышқыл жыныстардан (2,58 г/см
3
) аса негзді 
жыныстарға дейін (3,4 г/см
3
). 
Магмалық жыныстардың құрамын сипаттау үшін кремнезем (SiО
2

жəне сілтілі металдардың (К
2
О, Na
2
О) қатынасында маңызды рөль атқарады. 
Осы сипат бойынша глиноземнің (Аl
2
Оз) мөлшерін есеп алу арқылы сілтілі 
жыныстардың қатары белгіленеді, немесе қалыпты қатар, олардың 
құрамында сілтілердің мөлшері аз болады, жəне сілтілердің мөлшері 
жоғарланған кезінде сілтілі қатар пайда болады. Əр қатардың арасында 
əртүрлі қышқыл жыныстар кездеседі. Жер қыртысында ең көп таралған 
қалыпты қатардың жыныстары. Жыныстардың қалыпты немесе сілтілі 
қатарға жатқызуға макроскопиялық қиын болады. Сілтілі жыныстарда 
сілтіліге бай минералдар кездеседі: түсті минералдардан – құрамында 
сілтілерге ие амфиболдар мен пироксендердің алуан түрліктері, ашық түсті 
минералдардан – калийлі-натрийлі 
далалық 
шпаттар, 
альбит, 
фельдшпатоидтар.
Магманың қату орынына, жағдайына байланысты магмалық тау 
жыныстар екі басты топқа бөлінеді: тереңдік (плутонды) жыныстар, немесе 
интрузивті, олар магма терең жерлерде қатқан нəтижесінде пайда болады, 
жəне атылған (жанартаулық), немесе эффузивті, олар магманың, яғни 
лаваның жер беткейінде қатқан нəтижесінде пайда болады. Плутонды 
жыныстардың арасында келесі түрлер ажыратылады: тереңдік, магма терең 
аумақтарда қатады; желілі, магма жарықтарды қатады. 
Магманың тереңдікте жəне лаваның жер беткейінде қатуының 
физикалық-химиялық жағдайларды əртүрлі, жəне осы кезде пайда болған 
жыныстар бір-бірінен ажыратылады. Өзгерулер көбінесе жыныстардың 
құрылымына əсер етеді. Тереңдікте қатаю баяу жүреді, осы кезде 
температура мен қысым біртіндеп төмендейді, жəне кристаллизацияға 
себепші болатын ұшпалы компоненттерде болады. Нəтижесінде барлық 
минералдар кристаллды түрінде қалыптасады жəне толық кристаллды 


34 
құрымдар пайда болады, көбінесе тереңдік жыныстарға сипатты. Осы кезде 
кристаллды түйіршіктердің мөлшері магманың қасиеттерінен, оның суу жəне 
кристаллдану жылдамдығына байланысты. Магма тереңдіктен жер беткейіне 
көтерілген кезде жоғары температура мен қысым жағдайларына төмен 
температура мен қысым жағдайларына ауысады. Осы жағдайлар 
кристаллдануға жағымсыз болады, сондықтан жер беткейінде қатқан кезінде 
лава тұтас аморфты массларды құрайды, олар шынылы құрылым мен микро 
крисаллды массаларға ие, кристаллдары көзбен көрінбейді (афанитті 
құрылым). Осымен бірге атқылаған жыныстарда порфирлі құрылым 
кездеседі, оның кристаллды сеппелері тереңдікте магмадан бөлінеді, ал 
негізгі массасы лава жердің беткейіне шыққан кезде тез қатаяды.
Магманың тереңдікте қатаю жағдайлары аз өзгереді, сондықтан 
интрузивті жыныстарда біркелікі түзілім сипатты, ол минералды 
түйіршіктердің бағытталуының болмауымен негізделеді. Сирек гнейсті 
(бағытталған) түзілім кездеседі, ол əртүрлі минералды құрамды жолақтардың 
болуымен жəне түсті минералдардың бағытты орналасуымен сипатталады.
Осындай түзілім магманың қатаю кезінде жылжуын жəне оның 
графитационды дифференциациясын көрсетеді. Эффузивті жыныстарда 
бағытталған түзілім жиі пайда болады. Осы кезде кристаллды түйіршіктер, 
шынының ағындылары, кеуектер лаваның ағысының бағыты бойынша 
орналасады, жəне жыныстар флюидалды түзілімге ие болады.
Тереңдік жыныстарға жəне кейбір аталған жыныстарға тығыз түзілім 
сипатты; атылған жыныстарда кеуекті түзілім кездеседі, лаваның қату 
кезінде газдардың бөліну үрдісін көрсетеді. Кеуекті түзілімнің түрлігі 
көпіршікті болып келеді, ол ұсақ көпшілік кеуектермен сипатталады.
Атылған жыныстар өзгеру дəрежесі бойынша бөлінеді: кайнотиптіге 
жаңа өзгермеген құрамы мен құрылысқа ие, палеотиптіге – өзгерген 
жыныстар. Макроскопиялық анықтау кезінде эффузивті кайно- жəне 
палеотипті жыныстарды ажыратуға өте қиын. Келесі ерекшіліктерге назар 
аудару керек: кайнотипті жыныстардың түзілімі жиі кеуекті болады
палеотипті жыныстарда – тығыз (қайталмалы тығыздалу); палеотипті 
жыныстарда бадам тəрізді түзілім кездеседі, ол кеуекті түзілімнен пайда 
болады, осы кеуектер қайталмалы минералдармен толады. Жанартаулық 
шыны кайнотипті жыныстарға сипатты, палеотипті кезінде қайтадан 
кристаллданады, нəтижесінде өте ұсақ түйіршікті, бірақ кристаллды 
құрылымдар пайда болады. Кристаллды сеппелер кайнотипті жыныстарды 
көбінесе қатты өзгерген болады. Əртүрлі реакциялардың əрекет ету 
нəтижесінде палеотипті жыныстарда негізгі масса жиі қою түсті болады. 
Ерекшілік ретінде негізгі жыныстар болады, мысалы базальттардың 
(кайнотипті жыныс) негізгі массасы қара түске ие, ал палеотипті жыныстар – 
базальтті порфирит – қою-жасыл, сұр-жасыл, ол жанартаулық шыны мен 
пироксендердің хлорит жəне басқа (жасылды жəне жасылды-сұр) 
қайталмалы минералдардың ауысуымен негізделеді.


35 
8-ші кестеде ең таралған интрузивті жəне эффузивті жыныстар 
көрсетілген жəне олардың негізгі сипатты белгілері жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет