А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет60/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
Жыныстың атауы: 
Цементтелген құм. Цементтеуші зат – ізбестастар, саз, гипс, кварц, 
халцедон, темірдің сулы тотықтары, битумдер. 
Құрылысы түйіртпекті. Ұстағанда қатты. Бояуы əртүрлі, құмтастар 
кремнийлі болады (кварцті немесе опалды цемент), ізбестасты (цемент 
ретінде ізбестас болады), темірлі (сазды цемент), глауконитті (глауконитті 


97 
цемент), фосфатты, көмірлі (цементтің құрамында көмірлі бөлшектер 
болады) жəне т.б. 
Алуан түрлігі: глауконитті құмтас – глауконит минералына ие. Түсі 
жасыл. 
Қолдануы: құрылыс материал ретінде, көшелерді төсеу жəне 
жағалауларды қаптау үшін қолданады. Кварцты құмтастар – шыны, 
абразивті, керамикалық, металлургия өнеркəсібінде арналған шикізат.
Кенорындары: Черемшанское кенорындары, Люберцы, Лыткарино, 
Жилино, Овручское кенорындары, Туапс Кавказда. 
№2.4.11 тапсырма 
Шөгінді жыныстар – сазды жыныстар 
Жыныстың атауы: 
Көбінесе түсі ақ, органикалық затқа ие түрлері қара жəне қою-сұр түске 
ие, құрамында темір мен марганецтің тотықтары болса – сарғыш-қоңырлы, 
қоңырлы-қызыл түске ие, глауконитпен хлорит болса – көгілдір-жасылды 
түсі болады.
Тілге жабысады. Сумен суланғанда саусақтардың арасында ұзынша 
кіші денелер пайда болады. Майлы саздарда құрғақ беткейінен тырнақпен 
сызған кезде, жылтыр із қалады. Майлылығы аз саздар (арық сазадар) 
тырнақпен сызғанда жылтырламайды. Сулаған кезде көлемі ұлғаяды
құрғаған кезде керісінше көлемінде азаяды. Егер оған дем берсе – жер иісі 
шығады. Күйдіру кезінде «тастанады».
Айырмашылық белгілері: бокситтен ажырату- бокситтің майлылғы 
сезілмейді, сулаған кезде иілімді денелерді құрамайды.
Алуан түрліктері: 1. Арық саздар – құрамында едəуір кварц, халцедон, 
опал болады. 2. Майлы (отқа төзімді) каолинге бай. 3. Сукновальді саз суда 
жұмсақтанбайды, тек ұңтаққа түседі. Майларды жұтады. 4. Ақ саз- түсі ақ, 
алқызыл. Майлылығы сезіледі. 5. Бентонитті саз – жылтырлығы балауызды, 
түсі ақ, сұр, зəйтүнді-сары. 
Қолдануы: құрылыста, отқа төзімді, ұсақ түйірлерді жасауда. 
Цементтің құрамына кіреді, фарфор мен фанс жасау үшін шикізат, саздардан 
қыш бұйымдарын, керамикалы көркем бұйымдарды дайындайды, 
ұңғымаларды бұрғылауға көмектеседі (бұрғылау ерітінділерін дайындайды).
Кенорындары: Росянское кенорыны, Турбовское, Пологи. Грузияда
Молдавияда, Тюменьде, Италияда Понцо аралында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет