А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет62/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89
2 Жалпы геология (1)

№2.4.13 тапсырма 
Шөгінді жыныстар– органогенді жыныстар 
Жыныстың атауы: 
Кальциттен тұрады. Құрылысы тығыз, көбінесе жойылған теңіз 
ағзалардың қаңқаларының қалдықатарынан (бақалшылардың) тұрады. Түсі 
əртүрлі. Тұз қышқылымен жақсы əрекеттеседі.
Айырмашылық белгілері: құрылысы тығыз немесе көбінесе теңіз 
жануарлардың бақалшыларынан құралған, қаттылығы жоғары емес (шыныны 
сызбайды).
Алуан түрліктері: Фузулинді ізбестас ұсақ теңіз жануарлардың 
қанқалардың қалдықтарынан құралған – фузулиндерден, олардың пішіні 
сопақша болып келеді жəне қарбидайдың пішіне ұқсасты. Түсі ақ, сарғыш, 
сұр. Нуммулитті ізбестас теңіз жануарлардың қанқалардың қалдықтарынан 
құралған – нуммулиттерден, дөңгелек пішінді (тиынға ұқсайды). Ізбестас-


99 
бақалшы (ракушечняк) – бақалшылардың жиналуынан пайда болады. Рифті 
(маржанды) ізбестас – маржанды полиптердің рифті құрылыстары 
(құрылымдары торкөзді, торлы, талшықты жəне т.б.). Түсі ақ, сұрлы, сары, 
алқызыл.
Пайда болуы: теңіз бассейндірде пайда болады, пайда болуы 
органогенді немесе биохимиялық.
Қолдануы: құрылыста (бут, іс тасы, тақта, баспалдақ, алаңшаларды 
жасауда), цементтік істе, сода жасауда, кальций карбидін алуда, шыны, қант 
өнеркəсібінде, 
ауыл 
шаруашылығында 
қышқыл 
(батпақ 
көлді) 
бейтараптандыруда, сөндірілген ісбесті жасауда.
Кенорындары: Каспий, Азовск, Қара теңіз жағалауларында, Жигулевск 
тауларында Волгада. 
 
Жыныстың атауы: 
Кальциттен құралған. Құрылысы топырақты. Түсі ақ, сарғыш, 
жасылды. Тұз қышқылымен белсенді əрекеттеседі.
Айырмашылық белгілері: бор диатомит пен трепелге ұқсасты. 
Айырмашылығы – диатомит пен трепел тұз қышқылымен əрекеттеспейді 
жəне жеңіл. Борды ақ сазбен шатастырып алуға болады. Айырмашылығы – 
ақ саз тұз қышқылымен əрекеттеспейді. 
Пайда болуы: органогенді. Жылы теңіздерде оның түбінде планктонды 
дара клеткалы балдырлардың ізбестасты тас қабықтарының жиналу 
нəтижесінде пайда болады.
Қолдануы: цементті, металлургиялық, қант, қағаз, резіңке, шыны 
өнеркəсіптерінде қолданады, бітеулерді, ағартқыштарды, бояуларды, 
керамика, лактарды, жылтырақтарды, жарылғыш заттарды, тіс ұңтағын, 
пластмасса бұйымдарын, жіңішке жылтырату үшін жəне жазу материал 
ретінде қолданады.
Бор – жақсы сіңіргіш, сорбент. Күрделі қоспаларды құрамдас 
бөліктерге (хроматография) болу қасиетке ие. Оның көмегімен бір жарым 
ондаған заттардан тұратын қоспаны құрамдас бөліктерге бөлуге болады. 
Осындай жолмен таза түрде сирек металлдар алынады жəне өте аз мөлшерде 
қосылыстардағы өте сирек металдар бөлінеді. 
Кенорындары: Орта Поволжьеда, Белгородск облысында, Еуропада. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет