А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет59/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
Жыныстың атауы: 
Кесектердің мөлшерлері 1 мм-ден 0,01 мм-ге дейін. Құрамы мен 
түзілімі тұрақсыз.
Құрамына көбінесе кварц түйіршіктері кіреді (кварцты құмдар жəне 
құмайттар) немесе кварцтан басқа құрамында көп мөлшерде далалық 


96 
шпаттар болады (аркозды құмдар жəне құмайттастар); кейде қоспа ретінде 
құрамында глауконит минералы болады (глауконитті құмдар). Сонымен 
қатар, магнетитті, ізбестасты құмдар белгілі.
Айырмашылық белгілері: цементтелмеген, кесектердің мөлшерлері 
кішкентай.
Қолдануы: кварцты құмдармен құмайттастар құрылыс ісінде қолданады 
(бетонды, силикатты кірпіштерді жасауда), ажарлау ісінде, тас жол 
құрылысы мен құю өнеркəсібінде фарфор жəне фаянс жасауда, отқа төзімді 
кірпіштерді жасауда (динас); қышқылдарға төзімді, отқа төзімді жəне 
температураның өзгеруіне тұрақты химиялық ыдыстарды жасауда
медицинада (ультра күлгін сəулелерге мөлдір, кварцты шамды жасауда)
Кенорындары: 
Павлодардың 
маңында, 
Қызылқум, 
Каракум, 
Вишневское кенорыны, Люберцкое. 
№2.4.10 тапсырма 
Шөгінді 
жыныстар – цементтелген 
жəне 
тығыздалған 
түйіртпекті жыныстар
Жыныстың атауы: 
Құрылысы түйіртпекті. Ірі үшкір бұрышты кесектер (үшкіртастар, 
қиыршықтар) тұтас массаға цементтелген. Цемент ретінде келесі заттар 
болуы мүмкін: ізбестастар, саз, гипс, кварц, халцедон, темірдің сулы 
тотықтары, битумдер.
Айырмашылық белгілері: түйірпекті, цементтелген құрылысы, үшкір 
бұрыштылығы, кесектердің ірі мөлшерлері сипатты. Жұмыртастардан 
кесектердің үшкірлігімен ажыратылады.
 
Жыныстың атауы: 
Құрылысы түйіртпекті. Ірі кесектер (малтатастар, кесектастар) тұтас 
массаға цементтелген. Цементтеуші зат – ізбестастар, саз, гипс, кварц, 
халцедон, темірдің сулы тотықтары, битумдер. 
Айырмашылық белгілері: түйірпекті, цементтелген құрылысы, 
жұмырланған, кесектердің ірі мөлшерлері сипатты. Женттастардан 
кесектердің жұмырланғанымен ажыратылады.
Қолдануы: мəрмəрланған түсті жұмыртастар сəндік қаптау материалы 
ретінде қолданады.
Кенорындары: түсті жұмыртас Кноррингск кенорынында табылған 
(Қиыр Шығыста). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет