А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН


Гидроизоляциялық материалдардың дуктильдігін анықтау



бет25/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Гидроизоляциялық материалдардың дуктильдігін анықтау
Қатты және тұтқыр гидроизоляциялық материалдар үшін арнайы дуктилометрдің көмегімен стандартты сегіздіктерді созу арқылы анықталатын иілгіштігі анықталады. Материалдың созылғыштығы деп, 5 см/мин жылдамдықпен созу барысындағы материалдың үзілу кезіндегі ұзындығы қабылданған. Материалдың созылғыштығы оның құрамына және температураға тәуелді болады.

2 сурет - ДАФ-980 және ДАФ-1480 дуктилометрлері




Битумның жұмсару температурасын анықтау

Битумның маркасы неғұрлым жоғары болып келсе, оның жұмсару температурасы да соғұрлым жоғары болады. Битум тәрізді органикалық заттардың жұмсару температурасы, әдетте, «шығыршық пен шар» тәсілімен 1.2-суретте көрсетілген аспап арқылы анықталады. Бұл аспап шыны ыдыстан, жезден жасалған қалқадан, болат шардан және үш болат таяқшаға бекітілген шеңбер пішінді жұқа мыс немесе жез пластинкадан (штатив) құралған. Төменгі және ортадағы болат пластинкалы шеңберлер өзара 2,55 см арақашықтықта орнатылады.


Сақинаның ішкі бөлігі сатыға ұқсас болып келеді. Оның үстіңгі диаметрі 17,7 мм, төменгісі 15,7 мм-ге тең. Сақинаның биіктігі 6,35 мм. Ортадағы пластинканың ортасында термометрдің сым тәрізді ұшын орнату үшін шұңқыр қалдырылған.
Құрал-жабдықтар: «Шығыршық пен шар» аспабы, диаметрі 90 мм-лік, биіктігі кемінде 115 мм-лік шыны ыдыс, диаметрі 95 мм-лік болат шар, жез қалқа, асбестті тор, пышақ, сым тәрізді термометр, керамикалық кесе, дистильденген су немесе глицерин.



1.2 сурет- Битумның жұмсару температурасын анықтауда пайдаланылатын аспап (Шығыршық пен шар).




Жұмыс тәртібі. Фарфор кеседе сыналатын битум 120оС дейін 15 минут қыздырылады. Осы арада болат пластинкаға тальк ұнтағымен араластырылған глицерин жағылады, кері жағдайда жұмсарған битумның жабысуы мүмкін. Содан соң еріген ыстық битумды сақинаға қойып, оның беті ыстық салқындаған соң (16-20оС), оның үстіне салмағы 3,55 грамдық тесіктерге орналастырылады. Үстіне шар қойылған битумды сақина мен термометр орнатылған штатив шыны ыдыстағы суға батырады. Сөйтіп, 15 минут ұстап тұрады. Содан соң шыны ыдыс электр плитканың үстіне қойылып, су минутына 5о жылдамдықта қыздырылады. Битум жұмсарып, болат шар сақинаның астыңғы сөресіне баяу ағып түседі. Осы уақыттағы судың температурасы битумның жұмсару коэффициентін білдіреді. Алынған нәтижені 8-қосымшадағы шарттарға сәйкес, битумның маркасы анықталады.
Егер битумның жұмсару температурасы 80оС-ден артық болса, онда шыны ыдыстағы су орнына глицерин пайдаланылады. Бұл кезде үлгі сыналудан бұрын 32оС температурада 15 минут ұсталып, тәжірибе алғашқы реттегідей жалғастырылады.

При проведении лабораторных испытаний по таблице 5 определить марку битума.


6-кесте - Мұнай битумдарына қойылатын стандарт талаптары





Битумның маркасы

«Шығыршық пен шар» приборының анықтауы бойынша битумның жұмсау температурасы

250С температурадағы иненің ену тереңдігі, мм

Дуктильдігі

Мұнайдан алынған жол битумдары (ГОСТ 22245-76)

БН-0

-

200-ден кем емес

-

БН-I

25

121-200

100

БН-II

40

81-121

60

БН-III

45

81-120

60

БН-IV

45

41-80

40

БН-V

50

41-80

40

Мұнайдан алынған құрылыс битумдары (ГОСТ 6617-76)

БН-IV

70

21-40

3

БН-V

90

5-20

1

БН-VI

90

20

-

Мұнайдан алынған жапқыш битумдары (ГОСТ 9548-74)

БН-2

40

140

-

БН-5

90

20

-

Таблицадағы «-» белгісі сынаудың бұл көрсеткіші ГОСТ-пен нормаланбайтындығын көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет